Мүгедектігі бар 180 адам жасанды сананы меңгереді

  Бүгін Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған оқыту лагері ашылды.

Екі күн ішінде 8 өңірден келген қатысушылар коммуникативтік, көшбасшылық дағдыларды және басқа да негізгі кәсіби құзыреттерді меңгереді. Аталмыш оқу лагері 15-16 шілдеде Астанада өтті.

Алматы лагерінің ашылуына «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков, «Шелл Қазақстан» компаниясының әлеуметтік мәселелер жөніндегі талдаушысы Әлия Ибадильдина қатысты.

Лагерь «OrleTECH 3.0» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған және екікүндік оқу тәмамдалғаннан кейін 180 қатысушы AI-маман, no code әзірлеуші, UI/UX + Web-шебер сынды үш бағыт бойынша үш айлық онлайн оқуға кіріседі.

«Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, жоба кәсіби және әлеуметтік дағдыларды дамыту арқылы ерекше жандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

«Инклюзия саласы біздің басым бағытымыз. Сондықтан ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін денсаулық, білім беру, демалыс, спорт және кәсіби қызметін қамтитын жүйелі тәсілдерді, экожүйені қалыптастыру маңызды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» қолдауымен оңалту орталықтарының желісі құрылды. Олардың саны 40-қа жетті. 23 қала мен елді мекенде бейімделген спорт түрлері бойынша секциялар ашылып, 200 ерекше балалар мен олардың ата-аналарына арналған инклюзивті спорттық-мотивациялық лагерь ұйымдастырылды. Астанада биыл 5 жаңа инклюзияны қолдау кабинеті ашылады», – деп атап өтті лагерьдің ашылу салтанатында қор басшысы Альфия Адиева.

Жоба басталғаннан бері Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар жастардан 1800-ден астам өтінім келіп түсті. Қатысушылар цифрлық мамандықтарды меңгеріп қана қоймай, оларға жұмыс орнын табуға қолдау көрсетіледі.      Сонымен қатар, оқу барысында студенттерге түйіндеме жасау, жұмыс іздеу, сұхбаттасуға дайындық бойынша онлайн-платформалармен байланыс бойынша ұсыныстар беріледі.

Айта кетейік, «OrleTECH 3.0» жобасы «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылай қолдауымен «Iteachme» қорымен серіктестікте жүзеге асырылуда.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *