Етістіктің райларын қайталау

Борашова Света Багтыбаевна

Сабақтың мақсаты: а) білімділік-  оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін  бекіту, тұжырымдау. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;

ә) дамытушылық- ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту; б) тәрбиелік- орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, адамгершілікке баулу. Пәнге қызығушылығын арттыру, бірін- бірі тыңдай білуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: білімді тиянақтау

 

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тест сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар, сатылай кешенді талдау.

 

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, сызба, тест сұрақтары

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу ә) оқушыларды түгендеу б) тәртіп, тазалық

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Қалау райы туралы түсінік

 

III. Жаңа сабақ

«Ой қозғау» 1. Сұрақтар

 

  1. Етістік дегеніміз не?

 

  1. Етістіктің түрленуі дегеніміз не?

 

  1. Ерістіктің райларын ата.

 

  1. Жасалу жолын түсіндір. Мысал келтір.

 

  1. Тест сұрақтары

    Оқушыларға әр түрлі нұсқаға құрылған тест тапсырмаларын беремін. Оқушылар орындап болған соң бір- бірінің жұмыстарын тексереді.

 

  1. Оқулықпен жұмыс

162- жаттығу. Ашық райлы етістіктің жасалу жолын көрсету.

Үлгі: болатын – бол – түбір, атын – есімше жұрнағы, көрінеді – көр – түбірі,  ін – ырықсыз етіс жұрнағы, I жақ жіктік жалғауы, бұйрық рай. Бекінген – бекін – түбір,ген – есімше жұрнағы, пайдаланды – пайдалан – түбірі,                  -ды – III жақ жіктік жалғауы

163- жаттығу. 1-қатар ашық райлы етістікті жазу, 2- қатар бұйрық райлы етістікті, 3- қатар қалау райлы етістікті жазу.

164- жаттығу. Етістіктерді көшіріп жазу. Рай түрлерін табу. Сатылай кешенді талдау жасау.

 

Көрсем

 

  1. Бұл сөз екі құрамнан тұр. Көр-сем

 

  1. Тұлғасына қарай – туынды етістік

 

  1. Құрамына қарай – дара етістік

 

  1. Лексика- грамматикалық мағынасы

Сөзде 1 лексикалық мағына, 2 грамматикалық мағына бар.

 

4.1. Лексикалық мағынасы қимыл – қозғалысқа берілген атау.

 

4.2. се – шартты рай жұрнағы

 

4.3 м- I жақ жалғауы

 

  1. Сұрауы- не істедім? Етістік қызметін атқарып тұр.

 

  1. Мағынасына қарай- сабақты етістік, алдыңғы сөзі табыс септігін қажет етіп тұр.

 

  1. Болымды етістік, себебі, іс – әрекеттің болу шартын білдіріп тұр.

 

  1. Шартты райлы етістік, себебі, іс- әрекеттің болу шартын білдіріп тұр.

Деуші едім – көмекші етістік, себебі, үшінші саладағы етістік.

 

  1. Сабақты бекіту.

 Берілген етістіктерді ауызша сатылай кешенді талдау жүргізу.

 

  1. Бағалау. Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау,

 VI. Үйге тапсырма. Етістіктің райларын қайталау

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *