Менің өмірімдегі журналистика саласының рөлі

Жұмабай Аяулым

Журналистика-қоғам мен адамзатты байланыстырып тұрған үлкен сала.Уақыт ағымына қарай бұл мамандық қарқынды даму үстінде.Алайда,кемшіліксіз дүние жоқ демекші,әлі де әлсіз тұстары баршылық.Нақтырақ айтатын болсам,қазіргі таңда халықтың назарында тек қана әлеуметтік желі әрі сол жердегі мағынасыз бейнетаспалар мен парақшалар.Жиі қарайтын болсақ,қоғам дамуына пайдасы жоқ дүниелерді жариялауда.Бұл саланы оқымаған немесе тілшіліктен хабары жоқ жандар белгілі бір бағдарламаларды жүргізіп,журналистика саласына мін түсіруде.Оның өзі кері әсерін тигізіп,теледидар көрермендері мен пайдаланушыларын алшақтатуда.Менің ойымша,осы сәтте жалғыз түйін әр маман иесі өз ісіне жауапты әрі сол жұмыспен айналысқаны жөн деп санаймын.

    

       Бұл мәселелерге қарамастан, жастардың басым көпшілігі қызығушылық танытуда.Сол лектен менде табылғалы отырмын.Дәлірек айтатын болсам,болашақта аты барша Қазақстандықтардың құлағына жететіндей белгілі журналист атануға қадам басу үдерісіндемін.Негізінде бұл мамандыққа қадам басу оңай болған жоқ.Себебі,көп жылдар бойы өзге де саланы қарастырып,өзім қаламаған іспен айналысқанымды енді ұғынудамын.Әрдайым ойымды бір мәселелер толғандырған болатын…Мен неге бұл саланы таңдадым…Кейін мен жұмыс тауып,қатарына қосыла аламын ба?…Кейіннен ұғына келе бұл жай ғана үрей екенін сезіндім.Менің мақсатым айқын.Ол-журналист болу.Әлемдегі барлық жаңалықты барша отандасыма жеткізіп,күллі жұртқа елімді осы сала бойынша танытсам деймін.Мүмкін емес дүние жоқ.Әлі-ақ келешекте бұл саладан күтер үміт зор.Тек оған сеніп,әрекет ету керек.Қаншама қарсылыққа төтеп беріп,діттеген мақсатыма жетсем, менен асқан бақытты жан жоқ дер ем.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *