Қ. Мырза Әлінің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым

Қазақты домбырасыз елестету мүмкін емес.Сонау заманнан бері ата-бабаларымыздан қалған ең қасиетті мұрамыз -ол Домбыра десек артық болмас.Өз тарихымызды білгіміз келсе домбыраның күмбірлеген үнің тыңдау да жетеді.Өйткені домбыра ол біздің өткенімізге сыр шертетін,ақиқатты растайтын нағыз дәлел.Көп ақындарымыз киелі аспабымызға арнап қаншама өлең арнады.Солардың ең бастысы әрине ол “Қадыр Мырза Әлі” деп санаймын.Ол домбыра мен қазақтың негіз ұғым екенін бізге дәлелдей алды.

Бұл өлең домбыра үшін жырдан қаланған ескерткіш секілді.Әр өлең жолдары қазақ пен домбыраның байланысының тұғыры биік екенін айқын көрсете алады.Мысалға:
” Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана,
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана ” деген өлең жолдарынан-ақ көп нәрсені ұғынуға әбден болады.Себебі,Домбыра ол ежелден қазақтың тірегі болған ұлттық аспап.Оның сырының өзі қаншама ақиқат пен шындыққа,қуаныш пен қайғыға толы.Қазақ айта алмаған әр сөзді,күй арқылы жеткізген.
Кетбұға бидің өзі Жошы ханның өлімін,осы домбыра арқылы естіртті.Хан баласының өлімін естірту үшін домбыраға тіл бітірген болатын.Міне,домбыраға қорғасынның құйылуы да осы себептен деседі халық.Расында,Домбыра ол қазақтың  кешкен тағдырының нағыз куәгері.Оны жоққа шығару да мүмкін емес шығар. Себебі,екеуінің тарихы бір.
” Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік,
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді” деп жазылған өлең шумақтары да қазақ мінезінің,табиғатының бәрі домбыраға байланысты екенін дәлелдей алады.Өйткені біздің қазақ шешен халық,сөз арқылы сүйекті сықырлата алатын ел екеніміз шын. Ал,Домбыра сол сөзді әр адамға тереңінен ,сезімге бөлетіп жеткізе алатын қазынамыз.Тіптен,Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ өлкесі, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы,жігерлі мінезі көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйі мен домбыраның қасиеті.Өйткені қазақ пен домбыра егіз ұғым.
Қазақ халқы мен домбыраның байланысы ол біздің тарих және ол ұрпақтан-ұрпаққа аманат болуы тиіс.Әр адамға  рух берер бұл ұлттық аспап құнды қазынамыз болып сақталуы қажет.Өйткені,

Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ –Домбыра!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *