“Қуыршақ театры және қазіргі заман”
Біздің заман өткен ғасырдан тым бөлек.Оның қалыптасуы,дамуы,шарықтауы өзгеше.Бірақ та,заман өзгергенмен,өзгермейтін бір құнды нәрсе бар,ол мәдениет.Қай дәуір болмасын адам мен мәдениет қатар өсуде.Оның талабы,насихатталуы өзгеріске ұшыраса да,оның құндылығы ешқашан жойылмайды.Театрдың да тарихы дәл солай.Адам бұл өмірде жаңашылдыққа,түрлі реңке қызығады.Сол себепті,менің ойымша,қуыршақ театрының біздің заманымызда маңызы өте зор.Біздің заманның ағымына байланысты қуыршақ театры да өсіп,жетілуде.
<span;> Өткен тарихқа көз жүгіртер болсақ,біздің қуыршақ театрымыздың жолы ағаштан жасалған таяқ қуыршақтармен басталған болатын.Оған мысал ретінде,ең алғашқы қойылым “Ортекені” айта аламыз.Ал,қазір ше?Әлі күнге дейін сол баяғы таяқ қуыршақтармен қойылым көрсетіліп келе жатыр деп ойлайсыздар ма?Әрине,жоқ.Дамыған заман болғаннан кейін қуыршақ театры көптеген жаңаша элементтер арқылы өзінің даму жолын толықтыруда.Қазіргі заман ағымына сай күрделі марионеткалар,соңғы үлгідегі техникалық-лазерлі көркемдеулермен жабдықталған ауқымды мәдени орта өзінің жұмысын өте жақсы қарқында жүргізіп келеді.Түрлі-түсті шамдар,әртүрлі жарық жабдықтары,қуыршақтардың түр-түрі және олардың қойылымға сай көздің жауын алар киімдері әр көрерменнің назарын өздеріне аударып,кең ауқымда аудиторияны жинақтауда.Біз қазір адам баласы сапаға мән беретін заманда өмір сүргендіктен,қойылымдағы әр деталь мінсіз жасалуы қажет.Сол себепті,қазіргі заман мен қуыршақ театры туралы сөз қозғаған кезде ең алдымен менің ойыма,мінсіздік пен шынайылық келеді.
Қуыршақ театрының негізгі мақсаты- өмірлік жайттарды,әлеуметтік мәселелерді қуыршақтардың орындауы арқылы көпшілікке ұғындыру.Бұл іс те өте қиын жұмыс.Адам баласының қасиеттерін,іс-қимылын әрі қозғалыстарын жансыз қуыршаққа сіңдіріп,оны шынайы түрде көрсету шеберлікті,талантты талап етеді.Мысалға,өткен жылы онлайн түрде көрсетілген “Ана,Жер-ана” атты қуыршақ театрының шебер көрсетілуі көрерменді таңқалдырмай қоймайды.Себебі,Жер ананың бейнесін қуыршаққа бейленеп,оған тап бір жан бітіргендей етіп қойылым қоюлары өте керемет сезім сыйлайды.Найзағайдың жарқылы,күннің шуағы,жаңбырдың тамшысы бәрі өте жоғары деңгейде қарастырылған.Осы қойылымға қарап отырып,біздің елдегі қазақтың қуыршақтар театры қаншалықты дамығандығына көзім жетті.
Қуыршақ театры-ол да бір театр өнерінің қайталанбас бөлшегі.Әр қуыршақ театрын қарайтын кішкентай баладан,үлкен азаматтарға дейін театр орындаушыларына өз алғыстарын айтып жатады.Өйткені,қуыршақ театрының әр қойылымдары өте ерекше,өзіндік пішіні бар.Қазіргі заман мен қуыршақ театрының арасындағы байланыс “даму”болып табылады.Қанша жерден түрлі адамның көңілін аударатын заттар болса да,біздің өмірде қуыршақ театрының орны ерекше.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718