Күй құдіреті

“Күй-құдірет,күй-кие”

Ия,шынымен күй-сені бөлек әлемге еліктіріп, мына бір күйбең тіршіліктің ауыр құрсауынан аз уақытқа болсын босауына көмек берер ұлы күш.Расымен де,күй біздің қазақ халқымыз үшін Тәңірі сыйлаған ең қымбат сыйы.Қазақ қуанса да, қапаланса да домбыраға қол созған, күймен жұбанған халық.Қай заман болмасын,қасиетті домбырасы арқылы шерткен күй,қазақтың,одан кейін перзенттерінің қорғаны болғанын да тамыры терең біткен тарихымыздан аңғара аламыз.Қазақ күйінің табиғатына тымырсық пен қапас,ақиқат пен шындық жатыр.Ол – түптен таза тұнық тұма тәрізді.

Күй – халықтың жаны дейтініміз де сондықтан шығар.Айта кеткеніміздей,күй адамға тіл бітіре алатындай күшке ие құдірет.Өз ойымен таласқа түсіп,шимайланған жіптей тығырыққа тірелген сәтте,жанына қуат беріп,сөзбен емес үнмен сырынды ұқтыра алатын міне,осы күй.Осыған мысал ретінде,Тәттімбет күйшінің “Көкейкесті” күйі туралы аңызды айта кетейін.Бұл күй  Тәттімбеттің көңіл түкпірінен орын алатын күрделі шығармаларының бірі болып саналады.«Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда күйші бастан кешкен өмірін еске алып, халқының алдында өтелген-өтелмеген парызын ой таразысына салады да, өзінен-өзі мұңға батады. Көкейде жүрген арманымды толғай алмай кететін болдым-ау деп ширығады, жанарына ыстық жас үйіріледі. Мұңдас-сырлас дос-жарандарының хал-жайын ойлайды. Сөйтіп толғанып жатқанда елдің бір топ азаматы келіп көңілін серпілткісі келеді. Тәттімбет күйлерінің ел арасына таралғанын, мұрагер шәкірттерінің көбейіп келе жатқанын әңгімеге арқау етеді. Бірақ Тәттімбет өз арманының әлі орындалмағанын ойлап, іштей назаланады. Осы тұста күй толғағысы келіп, домбырасына қол созады. Отырғандар жүкке сүйеулі тұрған қоңыр домбырасын қолына ұстатады. Тәттімбет жастығын биіктетіп, домбырасын кеудесіне сүйеп, шалқалап жатып, сыры терең толғанысты бір күй тартады. Күңіренген күй әуені отырғандардың сай-сүйегін сырқыратады. – Бұл күйіңізді жаңа естіп отырмыз. Қандай күй болды екен? – деп сұрайды. Сонда Тәттімбет: – «Көкейкесті» болсын, – деген екен». «Көкейкестінің» шығу тарихы осындай екен деседі тарих беттері.Міне,көріп отырғанымыздай бұл күй Тәттімбеттің көкейінде өзіңе маза бермей жүрген ойларынан арылтқан жалғыз дертке дауа ем болған.Өзінің ғұмыр жолында істеген,істемеген,жеткен,жетпеген мақсаттары мен істері күйшінің жанын іштей жеп,өмірлік жасын одан әрмең тоздырған болатын.Сол сәтте,қолына қоңыр домбырасын алып,күңіренген үн арқылы өзінің сырын ашып,ақиқатты жұртшылыққа көрсетеді.Ауызбен айта алмаған пайым,осы бір күй үні көмегімен бүкілінің түйсігіне еніп,күйші жанын ұғынған көптің бойын бір түршіктіреді.
<span;>Күй арқылы Тәттімбет өз өміріне есеп бере алса, басқалары күй үнінен мәні терең заттарды ұғынып, шындыққа көздері жетті.

Жалпылай айтатын болсам,күйді бір сөзбен суреттеп айту мүмкін емес.Себебі,ол мына дүние мен тарихтың сырын сақтаушы,оны келешек ұрпаққа жеткізуші.Өліні тірілтіп,жоқты да бар қылып жүргенде осы күй.Дертке дауа болып,қайғыдан арылтып, жанды тыныштыққа апарып жүрген күйдің маңызы да қасиеті де зор.Баршасы айтып келе жатқан “Күй құдіреті “осында жатыр емес пе?!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *