«Арал- тылсымы тұнған тарих»
Арал-мыңдаған жылдардың керуен көшінен тәбәрік дүние ұсынған сыры мен сыны телегей қасиетті өлке. Қазақстанның інжу-маржаны саналған, шөл белдеміндегі бірден бір су айдыны толқындары толассыз жағаға ұрып жататын керемет құбылыс еді.
Арал есте жоқ ерте замандарда жер ғаламшарындағы ең үлкен теңіз болды. Арал- ерекше теңіз. Физикалық заңдылық бойынша жердің айналу әсерінен барлық өзен-көл оңғай қарай бұрылады. Арал теңізі керісінше,солға қарай ауытқып, сағат тілімен жүреді. Мұның өзі қасиетті мекеннің ешкімге ұқсамайтын сипатын танытады.
Кеңестік дәуір кезеңінде де Арал ел экономикасының қозғаушы күшінің тегершегі болды. Алайда жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу,су қорын есепке алмау Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулы экологиялық дағдарысқа ұшырады.
Бүгінде Арал теңізінің құраған бөлігінің ауданы- 4,5млн га. Оның 2,2 млн га көлемі Қазақстан аумағына кіреді. ХХ ғасырдың 90жылдарынан бастап Арал теңізінің құрғаған табанына фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізіліп келеді, оның жалпы ауданы бүгінде 337мың гектарды құрайды.
2025 жылдың соңына қарай ормандану алқабы 1,5гектар болады деп жоспарланған. Дегенмен бұл шаралар әртүрлі халықаралық ұйымдардың қаржысы есебінен жүргізілетінін де айта керу керек.
“Су бар жерде тіршілік бар”, осынау сулы да нулы тіршілікке ие болғысы келмейтін мемлекет кемде кем шығар. Ықылым заманнан әлем саяхатшылардың қызығушылығын тудырып келе жатқан Арал теңізінің тарихын баяндайтындай әрбір шығарманы қымбат қазына деп білгеніміз абзал.