Мұнайдар Балмолда көкбөрі туралы,соның ішінде қасқыр қақында өзінің білгенімен,зерттегенімен,ізденісімен әркез бөлісіп отырады.Қазақ пен қасқырдың арасындағы мызғымас байланысты жаза отырып,бөрілердің маңызын хақ түрде жеткізеді.
Ақын өз сұхбаттарының бірінде:
«Жалпы,бөрілер туралы жазу жаным сүйетін тақырып.Маған олардағы рух ұнайды. Тектілік ұнайды.»-,деп ойын жеткізген.
«Көкбөрі» өлеңінің ақын шығармашылығында алар орны айрықша.Ол-қазақ халқының болмысын,тарихын,тектілігін,абыройын бөрінің қасиетімен,жаратылысымен үндестіреді.Қасқыр қауіп-қатерді тез аңғарғыш және адамды тани біледі.Кім қатерлі,кім бейбіт -ажыратады.Қасқырлар үйірімен өмір сүреді.Әуелгі қазақ үшін бөрілерге ешқай аң атаулысы тең келмейді.Арыстан да,жолбарыс да тең емес.Рас,арыстан — сес пен күш, жолбарыс — еп пен қуат,бірақ бөрі-рух пен жүрек.
Бас азаттығын бәрінен биік қоятын қайсар бөрінің қазақтың келбетін ашуындағы басты мән осы.
«Мен-Көкбөрімін!» деген сөзде нағыз болмыс,бейне,намыс пен айбын жатыр.Тұранның топырағына сіңген бөрінің қаны арқылы қалыптасқан ұрпақтың ендігі мақсаты-Әз Ұяның тыныштығы мен теңдігін сақтай білу.