“Уақыт баға жетпес құндылық”
Уақыт -біздің өміріміз.Уақыт пен өмірдің,өмір мен адамның арасындағы байланыс өте тығыз.Уақыт адамнан,адам уақыт еншісінен ажырай алмайды.Біздің қолымыздан бәрі келгенімен, уақытқа келгенде дәрменсізбіз.Уақыт сол себептен баға жетпес құндылық.Мезгілінде сол құндылықты қадірлей білсек, бәрі өз ретімен орналасады.Тірі жанның ең үлкен қатесі уақытпен жарыспау және оны бағаламау.
Бұл жөнінде М.Мақатаев “Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан”өлеңінде:
“Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!”деген болатын.Расыменде,адамның көбісі өз уақытымен сана алмайды.Дер кезінде білу қажет нәрсені,кейінге қалдырады.Уақытпен санаспаған соң,оның алға қояр мақсаты да,талаптары да,ойлары да қалыптаспайды. Уақытты текке өткізуді дағдыға айналдырғаннан кейін,адам бойында жалқаулық,шыдамсыздық, сөзге ілескіш сияқты теріс қасиеттер қалыптасады.Ешқандай талпыныссыз,”әлі уақытым бар” деумен ғұмырларын тоздырады.
Уақыт туралы дұрыс көзқарас,жарқын болашақтың қалануына деген әрекет.Адамдарды бір-бірінен даралап тұратын осы.Күнделікті өмірде уақытты құндылық деп санау,өз өмірін қадірлеу, уақыттың құнын дұрыс түсіну ,оны ардақтау болып табылады. Өйткені уақыт – өмір, уақыт – алтын, уақыт –жетістік.
“Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені” деген сөзді жадымыздан шығармасақ,өмірлік мақсаттар арқылы уақыттың баға жетпес құндылық екендігін ұғынамыз .
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718