Журналист болғым келеді

Журналист болғың келе ме?

 

Журналист- қоғам мен көгілдір экран арасындағы алтын көпір. Жан- жақты дамыған әмбебап тұлға. Халық жанашыры, өзі үшін ғана емес, өзге үшін де жаралған патриот тұлға деп білемін. Журналист- өз ұлтының мақтанышы, миллиондардың қорғанышы. Бойына батылдық пен қатар талапшылдықты да сіңіре білген сенімді тұлға. Бастысы халық назарын өзіне лезде аударта білетін көзайым сала.

«Журналист болғың келе ме?» . Басты назардағы жауабын табу керек сұрақ осы. Осы сұрақ желісінде өз пікірімді сараптап, нақты жауаптың қыр сырын ашып бергенім дұрыс болады.

Біріншіден, ойланбастан, әрине болғым келеді деп жауап берерім сөзсіз анық. Оны осы тақырыпты негізге алып бастағанымнан- ақ білуге болады. Мен неліктен журналист болғым келеді? Өйткені, балалық шағымнан көгілдір экрандағы түрлі түске боялған мультфильмдері емес, халыққа лезде жеткізіліп жатқан жүйелі жаңалыққа қызыққан едім. Өзге балалы үйлерде көбіне «Балапан» арнасы қосылып тұрса, біздің отбасымызда жаңалықтар мен ток-шоулар үзіліссіз қосылып тұратын. Сондағы олардың басты көрермені мен едім. Онымен қоймай мен тек айтылып жатқан жаңалыққа  емес, жүргізіп жатқан әмбебап тұлғаның сөйлеу мәнеріне мән беретінмін. Жаңалықтар легі біте сала, бірден айна алдына барып, сол жүргізген жүргізушінің кейіпінде жаңалықты жатқа оқитынмын. Міне, бұл салаға қызығушылық осы балалық шақтан бастау алды. Ендігі бар мақсат, сол сала болашағы үшін қалап жатқан іргетасымның беріктігінде. Тоқтаусыз мақсатпен қалыптасқан бұл арман өз нәтижесін бергенше тынымсыз еңбек етеді.

Тағы да тоқтала кететін жайт, неге бұл мамандықты өзге саладан жоғары санаймын? Мұндағы басты мақсат, эстетикалық талғамда дер едім. Екінің бірі тәуекелге бел буып, оңай түрде осы мамандықты таңдауға қадам баса бермейді. Батылдықты бойға дарытып, зор сеніммен өзін бұл салаға жетелеп жеткізу бірінің қолынан келсе, бірінің қолынан келе бермейді. Елімізде, өзге де мамандықтар саны жетерлік, олардың да өзіндік қызығы мен қиындығы қатар жүрері анық. Ал, менің жүрегімнің төрінен ойып орын алған бұл сала тұрақтылықты жақсы көреді. Қарап тұрсақ, өзіне не керегін білмей, мамандығын сан мәрте ауыстырып, болмаса ата-ана айтқан мамандық жетегіне еріп және қаламаған мамандықтың дипломын алып, сандық түбіне сары майдай сақтап қоятын жандарда жоқтың қасы емес. Бұл бірте-бірте қоғам дертіне айналмаса болар еді. Өмірде қателеспеу керек екі нәрсе деп екі сөздің бірінде айтып жатамыз. Бірақ, болашақ үшін ескерілуі қажет бұл таңдауға немқұрайлы қарамау керек. Өзің сүйіп таңдаған сала  сені әрдайым жетістікке жеткізіп, жемісін беруді тоқтатпайды. Ал, қаламаған, еріксіз өзге пікірдің желісінде қалыптасқан шешіммен табысты еңбек етуің екі талай. Сен әрбір жасап жатқан жұмысыңнан ләззат алуың қажет. Ол сен үшін сүйікті іс ретінде қалыптасқаны жөн. Тағы да жұмыс па, қашан демаламын деп өміріңнің жартысын қажып өткізгенше, қуанып жұмысыңнан кеткің келмейтіндей сәт орнығуы қажет. Ол үшін дұрыс таңдау жасап, сол таңдауға тұрақты бол!

Тақырыпты қорыта келе не айтқым келді? Мен журналист болғым келеді, және сол жолда кездескен шытырманға толы, қызығы мен қиындығы қатар жүрер сәтте өзімнің тәжірибемді арттыруды мақсат етемін. Келешекте кемел тұлға болып қалыптсауым үшін, өзімді қамшылауым қажет. Атқаратын жұмысым ел назарында  жүретіндіктен, ештеңеден қорықпай, оқиға орынында бірден табылып, лезде қарапайым халық рөлін сомдап, өзімді жағдаятпен еркін байаныстыратын жауынгер тілші боламын. Кез-келген тығырықтан шығу үшін, қолымдағы журналистің басты қаруы ақпаратты арқау етемін. Өскелең ұрпаққа да айтарым, бастысы жүрегіңді тыңда, қай салада озықсың, сен жүріп өтетін жол саған қарама-қайшы болмағанын назарға ал. Ары қарай жасаған әрбір әрекетің сенің тәуелсіз, өзіндік талғамы бар, таптырмас тұлға болуыңды мақсат етсін.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *