Заңның маңызы қандай?
Жумашева Гулайна
Заң(ағылш.law)- маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Қазақстандағы заңның маңызы:
1.Жеке тұлғалардың құқығы мен бостандықтарын қорғайды.
2.Қылмыскерлерді заң жүзінде жазалайды.
3.Жалпыға бірдей ережелерді енгізеді.
4.Жасалған әрекет негізінде айыппұл салынады.
Мысалы:Энергетикалық және алкогольді сусындарды 18 жасқа дейін сатуды болдырмау,насыбайға тыйым салу, қылмескерлерді бас бостандығынан айыру орынды шешімдер.Кейбіреулер бұны қолдамайды.Себебі бұл әрекетке қарсылықтары жоқ шығар.
Заңға бүкіл азамат бағынғаны дұрыс.Қазақстан Республикасында орынсыз заң мен ережелер жоқ.Заң әділетті қоғамды қалыптастырады.Саналы адаммен саналы қоғам қалыптасады.
Бұнымен айтпақ ойым, біз ережелер мен талаптарды ескере отырып,зиянды әрекеттерден алшақ болуымыз керек.Өзіміздің бостандығымыз бен құқығымыздан айырылмайық.Қылмыскер атанып жеккөрінішті болғанша, әділетті болып сүйіспеншілікке бөленгеніміз абзал.Халық адал азаматтарды қолдайды және оларға қызмет етеді.Сондықтан әділетті қоғамда өмір сүріп,өзгелердің алдындағы абыройымызды сақтап жүрейік.Заң бұзушылықтан қашып,еліміздің елеулі азаматы болуға талпынайық.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718