№124 жалпы орта білім беретін мектеп Адашова Умида Акрамшиковна Педагог-дефектолог Психикалық  дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері

№124 жалпы орта білім беретін мектеп

Адашова Умида Акрамшиковна

Педагог-дефектолог

 

Психикалық  дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни саналы халықтың мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабілетті, елдің тірегі болатын жас ұрпақты тәрбиелеп, дамытатын білім беретін мекен болуы тиыс. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін м.мкіндіктер  жасау және жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту»- деп атап көрсеткен.

Осыған байланысты қоғам алдына білім алушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылды. Отанымыздің әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. Жалпы орта білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балалар тобында жиырма пайыз психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі. Психикалық дамуы тежелуі-бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Психткалық дамудың тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен арнайы педагогтардың  бірден-бір көкейкесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кемақылдылар тобына жатпайтын бірақ білім қорының  көлеміне, сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды

Ақыл-ой (латынша intellektus- таным,түсіну немесе ақыл деген сөз)- бұл психикалық кірікпелі қызмет, өз бойына адамның барлық танымдық қәбілетін жинақтайды. Ақыл – ойдың артта қалуы-бұл сіздің ақыл-ой қабілеттеріңіздегі шектеулер интеллектке, оқуға және күнделікті өмір дағдыларына әсер етеді. Мұның салдары әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір адамдар аз әсер етуі мүмкін, бірақ бәрібір тәуелсіз өмір сүреді. Басқалары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін және өмір бойы көмек пен қолдауды қажет етеді. Көптеген адамдар үшін олардың ақыл-ой кемістігінің нақты себебі белгісіз болғанымен, ақыл-ой кемістігінің көптеген жағдайлары мидың дамуындағы айырмашылықтарға байланысты. Көбінесе олар аурудың, жарақаттың немесе әртүрлі оқиғалардың салдарынан мидың зақымдануына байланысты дамуы мүмкін. Ақыл-ойдің негізгі алғы шарттары ес процесі мен ойлау болып табылады. Зейін, ерік және психикалық қызметтердің де маңызы зор. Интеллектіні біліп алып, іскерлік қалыптастыра алатын қәбілетіне, құбылыстардың мәнін аша білуіне, себеп-саллар қатынастарды жасауына, оқиғаны жаспарлай алуына, алдын ала білуіне және білімі мен іскерлігін тәжірибедегі нақты жағдайда қолдана білуіне қарай бағалаймыз.  Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни зейіні, есте сақтауы,ойлауы, кемістікті  бағдарлауы төмен болып келеді. Мұндай оқушылар  сабақтың жұмыс ырғағына әрең ілеседі. Бала секіруі, сыныпта жүруі, сабаққа деген ынтасы төмен, сөйлесуі, сабақ тақырыбына қатысы жоқ сұрақтар қоюы мүмкін. Әбден шаршаған балалардың кейбіреуі сылбыр, енжар болып, жұмыс істегісі келмесе, енді біреулері мазасыз, қозғыш болуы мүмкін. Мұндай бaлалар өте өкпешіл, қызба келеді, қатты сөз айтып, жолдaсын ренжітіп алуы мүмкін. Осы себептерге байланысты психикалық дамуы тежелген (ПДТ) білім алушының оқу үлгерімі төмен болaды. Бұл бaлалардың оқуға үлгермеушілігі жеті сегіз жастан анық байқалады. Оның  негізгі белгілері:сабаққа деген ынтасының төмен болуы, берілген тапсырмаларды жаттығуларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмауы, оқу мен жазуы жасына сай келмеуі, тез шаршағыш, есте сақтауы төмен болу, әлеуметтік ортада өз ойын толық айта алмауы, есептеулерде көп қателер жіберуі, зейіні турақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген білім алушылардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 30-40% төмен болады. Сондықтан зерттеу  нәтижелері бойынша ойлау, сөйлеу тілінде және шығарманың мазмұнының айтуда қиындықтар кездесетіні, сонымен қатар есте сақтау қабілетінің артта қалғаны орындауында көп қиындықтар кездеседі. Психикалық дамуы тежелген білім алушылармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарын жүргізудің түрлері көп. Түзете дамытыу жұмыстарын жүргізудің түрлері төмендегідей:

-Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

-Оқу әрекетін дидактикалық ойын түрінде ұйымдастыру;

– Сыныптан тыс қосымша сабақтарға қатысу;

-Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;

-Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;

Арнайы педагогтар түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі әдісі біріктіру болып табылады. Қазіргі таңда біріктіру – зейін орталығы. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерінен жалпы білім беру стандартының қалыпты уақытқа жақын болуымен сипатталады. Біріктіру әдісі білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып есептеледі. Тұжырымдамаға сәйкес біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:

— дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету, дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері;

— біріктіре оқыған әрбір балаға түзету көмектері міндетті;

— біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау.

Психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды.

Психикалық дамуы тежелген балалармен дәрігерлік-психологиялық-педагогикалық және түзету шараларын жүргізгенде мамандар мынадай маңызды ұстамдарды сақтауы тиіс:

— жеке және топ арқылы олармен түзету-дамыту сабақтарын жүргізу;

— қимыл-қозғалысы мен психикасының дамуының жетілуін бағалап жетілдіре түсу;

— психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтaу, сол ортaға мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау   Білім беру мекемелерінде оқитын психикалық дамыу тежелген білім алушылар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмау керек. Арнaйы педагогтар, сынып жетекшісі, ата-аналар тығыс байланыста болған жағдaйда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болaды. Баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру aрқылы түзету дaмыту жұмыстарын жүргізу тиімді.

Сонымен, логопедиялық сабақтың алғашқы сатысы баланың сөздік қорын дамыту болып саналады:

1.Сөздік қор

1) қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді (әке, ана, ата, әже, апа және т.б.), кейбір тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру;

2) педагогтың өтінішімен қарапайым әрекеттерді орындауға үйрету (бер, алып кел, ал), қазақ тіліндегі сөздік қорын кеңейту және дұрыс айтуға баулу.

2.Тілдің грамматикалық құрылымы

1) берілген сөз тіркестерін түсінуге және сөздерді байланыстырып құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету;

2) бaйланыстырып сөйлеу;

3) жaй сөйлем құруға машықтандыру;

4) қарапайым сұрaқтарға жaуaп беруге үйрету (Бұл кім?, Бұл не?);

5) шағын қарапайым мазмұнды мәтіндерді, тaқпaқтар мен өлеңдерді, жaтқa aйтып беру дaғдылaрын қaлыптaстыру

Қорыта айтсaм, Психикалық дaмудың тежелуін мектеп жaсынa дейінгі кезеңде үнемі тaнып білуге болмaйды, оны әсіресе мектепке барaрдың aлдында жаппай дәрігерлік тексеруден өткізу кезінде немесе жaлпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында анықтауға болaды. Психикaлық дaмуы тежелген бaлaлaр жaлпы білім беретін мектептерде оқи береді, бірақ мұғалім мұндай балaлардың ерекшелігін біліп, жеке қaрым-қатынас жасaп, оған көмектесуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17 б.
2. Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе. М., 1994

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *