Арманы асқақ- Фариза Оңғарсынова.

Дос Ақжүніс Бауыржанқызы

Қазақ елі ұлы, киелі тұлғаларға кем болмаған. Солардың бірі болып танылған, шығармашылығымен жүректерді жан жылуымен ерітіп, өз күшімен биік шыңдарды бағындырған, қазақтың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат»ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова.

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова- қазаз ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің l және ll шақырылымдарының депутаты. 1939 жылы 25-ші желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан.Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғали (1891-1940) оқыған, елге өте қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі. Ал анасы Халим Иманғалиева (1893-1976) арабша хат танып білген. Және де қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын.

Фаризажанның өлеңге деген құштарлығы адамдарға рухани жаңғыру бере алады. Оның әрбір жазған шығармалары, өлеңдері адамдарды дұрыс жолға сала отырып, ой-санасын реттей алады. Фариза Онғарсынованың алғашқы өлеңдері Республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көре бастады. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984-ші жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Фаризаның көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

 

Жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін халықтың сүйікті ақыны, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамыздың дүниеден өткеніне де біршама уақыт болып қалды.Уақыт ағыны еш жүйрікті жеткізбей сағымдай сырғып барады. Десек те, «Таулар алыстаған сайын биіктейді» деген, жауһар жырды жүрегіне жинаған поэзия патшайымының бейнесі алыстаған сайын биіктей түсуде…
Фариза апамыз өзінен кейінгі ақын сіңлілеріне жол көрсетіп, оларға қамқор бола білді. Ақын апаларының жолын жалғастырушы сол сіңілілері, қыздары барда Фариза бұлағы тоқтамақ емес.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *