Қызғалдақтарға деген сыйластық

Жалпы қазақ тағылымына, ұлтымыздың түбі терең тарихына үңілетін болсақ: қыз баласына деген шыңы биік сыйластықты байқаймыз. Біздің ұлтымыз ежелден бері қызды қызғалдағымыз, қонағымыз деп ерекше құрмет көрсетіп, құнды, имани тәрбие берген. Ашығын айтқанда бұл қазақ қоғамындағы ерекше заңдылыққа айналған. Осындай көне заңдылықты қазіргі таңмен байланыстыратын болсақ ол өзінің маңызын жоғалтпады ма?

       Мен осы сұрақ төңірегінде көптеген ізденістер жасап, біраз зерттеулер жүргіздім. Егер қазіргі бұқаралық ақпараттарға сүйене отырып, ер баласының қыз баласына деген сыйластығына сыни көзқараспен қарайтын болсақ амалсыздан біраз кездерде қынжылып қаламыз. Барлық адамдарға топырақ шашпаймыз бірақ қызға деген қарым қатынас қыз баласын сыйлауға деген тәртіптің құнын жоғалтып бара жатқанын байқаймыз. Жалпы бұл мәселе қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр, яғни ашығын айтатын болсақ қыз баласына деген сыйластықтың болмауы, зорлық-зомбылық… құлдықта ұстау сияқты қазіргі айналамызда болып жатқан оқиғалар. Бұл жағдайдан біз еліміздің ұлттық құндылықтан ажырап бара жатқанын байқаймыз. 2024 жылы болған жан түршігерлік,жүрек ауыртатын жағдайдан кейін, біз осы мәселені қолға алуымыз керек қазіргі.

        Ол үшін біз заң жүйесіне қаталдық орнатуымыз керек,және де енді қалыптасып,санасы жетіліп келе жатқан жасөспірімдерге жақсы, құнды, имани тәрбие беруіміз керек.Біз қызғалдақтарымызды сыйлап , күтетін болсақ олар жайнай түседі,ал әлемді әсемдік  құтқармай ма…….

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *