ЕРТЕ ЖАСТАН ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУ

Әшірбекова Алуа

Болашақтың кілті,  – білімді жастар. Мемлекеттіңдамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарғабайланысты болғандықтан жастардың тәрбиесі мен біліміне аса көңіл аударуды талап етіліп жатыр. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өзорнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзектітақырыпқа айналды.

Дегенмен білімді болып қана қоймай, тәрбиеніжәне тұлға ретінде дамуды қажет ететін адамға тәнқабілеттердің болуы абзал. Әл-Фараби: «Адамға еңбірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесізберілген білімадамзаттың қас жауы» –  деп бекерайтпаған. Атап отырғанымдай сол қабілеттерді бала қайдан алады? Әрине, ол өсіп, көре келе баланыңқоғамға бейімделуінен туындайтын іс-әрекеттер. Мысалы,қазіргі таңда мектеп оқушылары мектептеалып жатқан білімдерін аздық етіп, сабақтан тысуақытта жұмыс жасауға барады. Бұл заңды ма? Иә, заңда бұл туралы жазылған.

Жасы 18-ге жетпеген адамдар кәмелеткетолмағандар болып есептеледі. Біздің елімізде, заңкәмелетке толмағандардың еңбек құқығынайрықша қорғайды, өйткені олар дене күшіжағынан да, рухани жағынан да толық өсіп-жетілмеген. Заң, сонымен қатар кәмелеткетолмағандарды өздерінің материалдық және руханиқажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында түрліқоғамдық қатыныстарға қатысушылар деп те таниды.

Кәмелетке толмағандар құқық субъектілері ретіндеөздерінің кәсіби қызметтің қайсыбір түрінеқабілеттілігін байқатуға өздерін жеке тұлға ретіндекөрсетуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарынерекше бөліп көрсету керек. Кәмелеткетолмағандардың еңбек құқығы субъектілеріретіндегі жалпы және арнаулы құқықтың мәртебесісипатына байланысты ажыратылады.

Заң бойынша, Қазақстанда барлық балаларғажұмыс істеуге болады, бірақ сала мен жасқабайланысты шектеулер бар.

14 жасқа дейінгі балалар кино, театр, цирк саласында дұмыс істей алады. Әйтсе де мұндабаланың денсаулығы мен адамгершілік дамуыназалал келмеуі тиіс.

Ал 14 жастан бастап, мектеп оқушылары сабақтанбос уақытында, денсаулығына зақым келмейтінжағдайда жұмыс істей алады

15 жастан бастап, негізгі орта және жалпы орта білім алған жас қазақстандықтардың жұмысқаорналасуға құқығы бар. Мұнда еңбеккелісімшартына ата-ана немесе баланыңқамқоршысы, асырап алушысы қол қоюы тиіс.

16 жастағы жасөспірімдер ата-ана қолынсызкелісімшарт бекіте алады. Әйтсе де, бұл жаста ауыржұмыспен, денсаулық пен рухани дамуына қауіптіжәне зиян ортада жұмыс істеуге тыйым салынған. Сондай-ақ, бұл жаста жұмыс берушінің меншігінкүзететін, толық материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарда жұмыс істеуге болмайды.

Дәл осы тақырып аясында, қазіргі таңда жұмысжасап жүрген жасөспірімдерден сұхбат алуды жөнкөрдім. Жастардың жұмыс пен оқуды қатар алыпжүруі қаншалықты қиын? Неге қарапайымоқушылар секілді тек мектепке барып, білім алыпжүрмеске? – деген сияқты сұрақтар туындайды. Сұхбатымды қарапайым, мектепті аяқтап, жоғарғыоқу орнында оқып жүрген, сонымен қатар жұмысқада уақыт таба білген тұлғадан алуды жөн көрдім.

Қайырлы күн! Сұхбат беріп, сұрақтарымажауап беруге келіскеніңізге үлкен рахмет! Жалпыбұл тақырып өте қызықты болары сөзсіз. Ендешесіздітаныстыра кетейін:

Астана қаласының тұрғыны, КТЛ-дің түлегі жәнеқазіргі таңда 140 білім беру орталығында куратор болып жұмыс атқаратынМәди Мұқаш!

Ендеше көп созбай сұрақтарыма кезек берсем. Алғашқы сұрағым, қазір сіз небәрі 17 жастағы, кәмелет жасыңа толмаған жасөспірім болыптабыласыз. Дәл осындай жаста, ерте еңбеккеараласып, жұмыс жасауға не түрткі болды?

Еңбекке ерте араласқымкелді.Қатарластарымның ақша тауып, жұмыс істепжүргендеріне қатты қызықтым. Бірінші төлемақымды алған кезде үйдегі кішкентайқарындастарымды тәттімен қуантып, сол сәттенләззәт алдым. Кішкентай кезімде әкем де бізгесолай қуаныш сыйлайтыны есіме түсім, жұмысістеуге деген құштарлығым арта түсті. Кейбірүлкен кісілердің пайымдауынша, менің жасымдағыбалалар ата-аналарыңа материалдық тұрғыдакөмектесу үшін немесе бір келеңсіз жағдайдыңорын алғанынан жұмыс жасайды. Толықтай миф деп айта алмаймын. Дегенмен, басым көпшілігі, өздерінің мақсаттарыңа, тіпті болашақтарыңаинвестиция үшін жұмыс атқарады.

Жақсы, өте керемет! Айтылған сөзіңізденеңбекқор және мақсатыңа айтқын жете білетінадамның бейнесін көріп тұрмын. Екінші сұрағымжасап жатқан еңбегіңіз туралы болмақ. Қандайжұмыс жасайсыз, сол туралы толық айтып өтсеңіз.

Мен juz40 education ҰБТ-ғадайындайтын орталықта кураторлық жұмыстыатқарамын. Өзімнің сыныбым бар, арамыз тек 1 жыл болсада балалар мені сыйлап, айтқан тілімдіалады. Бір жағынан бұл жұмыс өте сауапты, әріжауапкершілікті қажет етеді деп ойлаймын.

Міне қызық! Сонда 17 жасыңыздакуратор болып, кәдімгідей сабақ бересіз бе? Сіздіңайтуыңыз бойынша оқушыларыңызбен араңызүлкен емес. Сонда жас айырмашылығы рөлатқармайды ма?

Мүлде рөл ойнамайды деп айтаалмаймын. Дегенмен оларға ерекше подход табу өзімнің қолымда. Сонымен қатар олардыңқызығушылықтары қандай екенің білгендіктен, біртолқында бола аламыз.

Тамаша! Бірақ сабақ пен қатар алыпжүру қаншалықты оңай?

Әрине, өзім университетте оқығандықтын, жұмысқа ғана көңіл бөле алмаймын. Кейде сабаққауақыт жетпей, біраз түндерді ұйқысыз өткізгенкездер болды. Бірақ, адам қаласа барлығына да үлгере алады. Басында екі істі бірге алыр жүруқиын болғанмен, қазір жүйелі жоспардыңарқасында барлығын уақытылы орындаймын.

Осы жаста жұмыс жасау арқылы сізқандай пайдалы қабілеттерге ие болдыңыз? Не үйрендіңіз?

Жұмыс істегелі бері бойымдасенімділіктің арта түскенін байқадым. 11 сыныптағы Мәди мен қазірге Мәдиді салыстырсақайтар өзгерістер өте көп. Бұрыңғы тұйық, көпнәрседен сескенетін бала қазір жоқ. Жасымақарамастан, өзімді толықтай ересек адам сезінемін. Бұл жұмысымның арқасы екені анық. Қаншамаадамдармен тіл табысып, күрделі мәселелердіжылдам шешуді үйрендім.

Керемет! Менің ойымша қазіргі таңдасенімділік, публика алдында өзің еркін ұстайалатын жастар өте аз. Сондықтан сіз үшінқуаныштымын! Ал енді Мәди, өзіңізбен жастынемесе сізден кіші оқушыларға, мектеп қабырғасынтәмәмдап жатқан жасөспірімдерге қандай кеңесберер едіңіз?

Жасөспірімдерге еңбекке ерте араласуғакеңес беремін. Өйткені жұмыс сендерді біразсынап, бойларыңдағы қасиеттерді шыңдай түседі. Еңбең етуден қорықпаңдар!

— Тамаша! Сұхбат беріп, өзіңіздің даму үстіндегі өміріңіздің бір бөлігі мен бөліскеніңізгекөп рахмет! Жұмысыңызға сәттілік пен шығармашылық табыс тілеймін.

Осылайша пайдалы әрі қызық сұхбат жүргіздік. Баланың жақсы жаққа дамып, еті тірі жәнееңбекқор болып өсуі бір жағынан дамушы ортағада байланысты екені бәрімізге мәлім. Жұмысжасаймын деп, сабақтан безіп кету де дұрыс емес. Баланың жұмысқа деген қызығушылығы арта түскенде, оған дұрыс бағыт-бағдар беретінадамның да болғаны дұрыс. Барлық жасөспірімбірдей ойламайды. Кейбірі үлкен қаражаттыкөргенде, есі кетіп, қай жаққа бара жатқаның да ұмытып кетуі әбден мүмкін. Сондай жағдайдыпайдаланып, баланың еңбегін қолданып, ақысызқалдырған жағдайлар да болып тұрады. Ондайзаңсыз әрекеттердің алдын алу үшін не істейміз?

Жұмыс беруші кәмелеттік жасқа толмаған баламенеңбек келісімшартын бекітуі тиіс. Егер жұмысберуші келісімшарт жасаспаса, айыппұл салынады. Лауазымды тұлғалар үшін салынатын айыппұлкөлемі – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйым субъектілері үшін – 80 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 200 АЕК дейінбарады.Сол себепті, заңнама бұзылған жағдайдасәйкес шағыммен еңбек инспекциясы органдарынажүгінген жөн.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *