Әлемдегі ең үлкен Акула
Әлемдік мұхитта 500 ден астам акула мекен етеді. Әлемдегі ең кішкентай акуланың ұзындығы 17 см ғана. Алайда, теңіз түбінде, үлкендігі адам таңғалатындай акулалар да бар:
Көк акула – әлемдегі ең қауіпті және ең кең таралған акуланың түрі. Бұлардың ұзындықтары 3,8 метрге дейін барады. Сондықтан да ол ірі акулалардың қатарында 5-ші орынды алады.
Балға басты акула- табиғаттағы ерекше жаратылыстың бірі. Оның басының пішіні шынымен де балғаға ұқсайды. Балға басты акулалар қауіпті жыртқыш балық болғанымен, адамдарға шабуылы көп байқалмаған. Денелерінің ұзындығы 4 метрге дейін барады. Тізімде 4-ші орында тұр.
Қара теңбілді акулалар— жолбарысты акулалар деп те атайды. Олар да жыртқыш балықтар тобына жатады. Денелерінің ұзындығы 5 метрге дейін барады. Көлемі бойынша 3-ші орынды иемденеді.
Арыстанды аң патшасы десе, ақ акуланы балықтардың патшасы деуге болады. Олар судағы ең жыртқыш балықтардың бірегейі. Сондай-ақ, басқаакулалармен де қоректене береді. Денелерінің ұзындығы 8 метрге жететін, салмағы 4 тоннаға баратын акула өкінішке орай әлемдегі ең үлкен акула емес. Және біздің тізімде 2-ші орында.
Әлемдегі ең ірі акула қайсысы десе ғалымдар ойланбастан Кит акула деп жауап береді. Денелерінің орташы ұзындығы 14 метрге, салмақтары 12 тоннаға дейін барады. Қызығы — бұл акуланың 15 мыңға жуық тістері бар.
Осындай қорқынышты өлшемдеріне қарамастан, Китадамдар үшін қауіпсіз.
Кит акула бүгінде 1-ші орынды иеленеді. Ең үлкен акула екеніне ғалымдар арасында дау жоқ.
Рахманқұл Ерасыл