Досжан Ақбота
Қазіргі таңда заманның ағысымен интернет желісін күллі әлем қолданады. Әлеуметтік желінің маңызы әлемдегі алуан түрлі ақпараттар мен жаңалықтардың тасымалдануымен ғана шектелмей,онлайн түрде табыс көзіне айналуда.
Заманына қарай заңы ,
Тоғайына қарай аңы – демекші ,қазіргі заманда интернет қолданушылардың арасында <<онлайн түрде белгілі бір саламен айналысып,табыс көзіне кенелуге болады >> дейтін тұжырымдардың таралуы қызықтырады.Әрине,онлайн түрде жұмыс жасап, тәуекеліңізге бел байлап,өз пайдаңызды табу тікелей трейдинг саласына байланысты болмақ.
Ендеше , ТРЕЙДИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Трейдинг – (trading) биржа нарығында компанияның құнды қағаздарына анализ жасау арқылы жұмыс жасау саласы.
Ал БИРЖА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Биржа-жалпы 4 қатысушыдан тұрады :
1)Компания -белгілі бір өнім шығарады.
2)Брокер -құнды зат сатып ала алады.
3)Трейдер-уақытша акция сатып ала алады.
4)Инвестор-ұзақ уақытта пассивті қаражат табады
Трейдер белгілі бір компаниядан арнайы акцияны сатып алу үшін брокерге жүгінеді.Яғни,ол кез- келген брокер арқылы акцияны сатып жібере алады.Инвесторлар мен трейдерлердің ақшасы компанияның өнімін жақсартады сонымен қатар өздеріне де пайда әкеледі.Жалпы трейдерлер өз жұмысын бар болғаны 1$ немесе 2 $ бастай берседе болады.Трейдинг саласындағы ең маңыздысы : дұрыс сауда жасай білу.
ТРЕЙДИНГ САЛАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ :
1)Скальпер – сатып алуы мен сатып жіберуі 1 минутқада жетпейді.
2)Дейтрейдер-1 күн ішінде сауда жасайды.
3)Суинг – 1 ай немесе 1 күн ішінде сауданы жасайды.
- Осы бағытты көптеген адамдар өзінің кәсіби түрде жұмысына және хоббиіне айналдыруда. Егерде сіз керемет трейдер болғыңыз келсе, сізге титандардың жолын зерттеу керек. Осы титандардың бірі – Рэй Далио – атақты инвестор-миллиардер.Оның 12 жыл бойы еткен еңбегі кез- келген адамды тәнті қылады.Сол себептенде оның туынды <<Рей Далио.Принципы>> кітабын оқуға кеңес беремін.
көп көп рахмет сіздің арқаңызда білдім
дәл осы тақырыптағы шығарма керек болып тұр еді көп рахмет пайдалы ақпарат екен