Қолсыз күрескен суретші

Автор: Қоныс Мансура

Мүмкін емес дүние жоқ, бастысы сену, алға талпыну

Адамның ең күшті тұсы ол мінез құлқы , сабырлығы мен еңбекқорлығы.

Қалаған мақсатыңа, мұратыңа жетудің кілті ол еңбекқорлық, төзімділік және қажымас қайрат.

Бұл үш қасиеттің күші өте зор.

Дүниеде ғажап, таңғажайып көрінетін адамдардың оқиғалары, өмір жолдары болады.

Қалай , қалайша деп таң қалатын, өзіңе сұрақ қоятын…

Біз рухы күшті адамдарды көп білеміз, бірақ қазіргі уақытта Кәріпбек Күйіков сияқты кісілер қазіргі заманның нағыз қаһармандары, себебі ол тағдыр жасай алатын ең қорқынышты қиындықтарды жеңе алды.

Кәріпбек Телтайұлы Күйіков 1968 жылы 18 шілдеде, Егіндібұлақ, Семей облысында дүниеге келген,

ерні мен аяқ саусақтарының көмегімен сурет салатын қазақстандық суретші. Халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі.

Ол Семей ядролық полигонындағы сынақтар кезінде ата-анасы ұшыраған радиациялық сәулелену нәтижесінде қолсыз дүниеге келді және өсе келе ол бұл ядролық сынақтарды тоқтату үшін барынша күресті.

Сурет

1989 жылы Кәріпбек “Невада — Семей” қозғалысы делегациясының құрамында АҚШ, Германия, Жапония және Түркияға сапар шекті. Ядролық Семей полигонындағы сынақтарға қарсы шықты.

“Антиядролық қозғалысқа қатысушылардың акциясы. 1991 ж. Кәріпбектің протездері полигон қоршауының тікенді сымына ілулі.”

2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит кезінде АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуде Кәріпбектің “жарылыс” картинасын сыйға тартты.

Ол бұл ерекшелігіне қарамастан әлемге керемет туындылар әкелген тамаша суретші, өнерлі тұлға.

Күйіковтың суреттері терең мағыналы және аянышты, әр адамның жанын жылатады.

Оның ядролық сынақтарға қарсы суреттер топтамасы бар.

Күйіков өз суреттеріне бар жанын салатын және өзекті мәселелерді көтеруден қорықпайтын ұлы кісі.

Ядролық тақырыптан басқа, Кәріпбек Күйіков көптеген пейзаждар мен айналасындағы көріністерді салып жарыққа шығарды.

2022 жылдың сәуір айында Кәріпбек американдық актер, режиссер және сценарист Жан-Клод Ван Даммға сұңқар бейнеленген картинаны сыйға тартты.

Қазақстандық суретші Жан-Клод Ван Даммға, өз кумирына өз картинасын сыйлады.

Ван Дамм Сұңқар суретін қабыл алды және ризашылығын білдірді.

Керемет!

Күйіков өзінің бір сұхбатында, журналисттің: “Ядролық полигонның жабылуының 30 жылдығында бізде не бар?”,- деген сұрағына : “Біріншіден, бізде тыныштық бар. Шынында да, 40 жыл ішінде біздің аумақта ядролық қару сыналды, ол әрбір жаңа жарылыспен күшейе түсті. Ал 1961 жылға дейін жердегі сынақтар толығымен жүргізілді, бомбалар ұшақтан лақтырылды. Адамдар зардап шекті, Қазақстандағы үлкен аумақ жұқтырылды. Ал қазір мұның бәрі тоқтаған соң, біз адамдар мен экологияны сауықтыруға тырысамыз. Радиоактивті инфекция ұзақ процесс болғанымен”-деп жауап берді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай туйіні, Кәріпбек Телтайұлы Күйіков ағамыз қолсыз күрескен ержүрек батыр, нағыз мықты адам.

Ол Кеңес өкіметі кезіндегі адамдарға жасалған озбырлықпен, қатігездікпен күрескен және мақсатына жеткен, жылдар бойы жүргізілген сынақтар тоқтатылды, полигон жабылды.

Бұл кісі өсе келе, Семейді, айналадағы ауруды, адамдарды көріп, өзіне мақсат қойған және күрес жолында соңына дейін барған.

Кәріпбек ағамыз тек батыр емес сонымен қатар керемет суретші, данышпан адам.

Оның суреттері әлемнің түпкір түкпірінде ілулі, себебі оның суреттері мағынаға және әсемдікке толы.

Кәріпбек адамдарды салауатты өмір салтын ұстанып, қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға шақырады.

“Адамдардың экологияға деген қазіргі қарым-қатынасы нашар, біз дабыл қағуымыз керек, – деп алаңдайды Кәріпбек.

Кәріпбек ағамыздың рухы, ерлігі және шығармашылығы әркім білуі қажет ғажап дүние.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *