7 сынып “Қазақтың әншілік өнері”
Қысқа мерзімді жоспар
Есенаманова Гулжанат Габусановна
Бөлім: | Музыка. Қазақтың киелі домбырасы І.Жансүгі ров «Күйші» поэмасы (үзінді) | ||||
Педагогтің аты-жөні | Есенаманова Г.Г | ||||
Күні: | 26.01.2024 | ||||
Сабақ | 1 | ||||
Сынып: 7в | Қатысушылар саны: -6 | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Қазақтың әншілік өнері | ||||
Оқу мақсаты | 7.5.1.6 мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орындықолдану. | ||||
Сабақтың мақсаты | -мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдана алады
-тақырып аясында қойылған сұраққа , жауап бере алады |
||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің оқу іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Аман бол» әдісін қолданып, мұғалім білім алушыларды кеңес беру, тілек айтуға ынталандырады. Балалар: «көңілді смайликтер» көлеңкесін жасап, көңілдерін көтеріп,сабақты жағымды көңіл күймен бастаймыз. Үй жұмысын тексеру. Тірек сөздерді қатыстырып сұраулы сөйлем құраңдар Қызығушылықты ояту Оқушыларға қазақтың әні тыңдатылады. Тірек сөздер көрсетіледі. Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыздар. Сабақ мақсаты мен критерийі таныстырылады |
Үйден тірек сөздерді қатыстырып сұраулы сөйлем құрап келеді
Дескриптор: тірек сөздерді қолданады -1б Тақырып бойынша сұраулы сөйлем құрастырады-1б
бағалау шкаласына жинаған балдарын салып отырады |
Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі арқылы
Бағалау
|
Бағалау шкаласы
додокаэдр
|
|
Сабақтың ортасы | Жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру.
Асыл қазына – сокровище Наным -сенім –поверье,вера Үлгі- өнеге- пример, подражание Дәуір-эпоха Құдірет-сила,всемогущество Ауыздан ауызға таралу – роспространение из уста в уст Күміс көмей-серебряный голос Мәтінмен жұмыс.Жеке жұмыс. Мәтінді оқып, «тәтті сұрақтарға» жауап беріңдер. 1.Қазақтың ән өнері деген не? 2.Фольклор» сөзі қандай мағына береді? 3.Фольклор шығармалары немен тығыз байланысты? 4.Қазақ халқының ән- күй өнері туралы айтылған асыл қазына сөздерін айтып бер 5.Қазақтың күміс көмей әншісі кім? 6. Әміре Қашаубаев Прижде өткен дүниежүзілік көрмедегі этнографиялық концертте нешінші орын алды? Әр жұпқа екі сұрақтан бөліп беріледі. Оқушылар пазл әдісі арқылы топқа бөлінеді.Топпен жұмыс. «Таза тақта» әдісі. 2-тапсырма7 Қазақтың белгілі әншілері туралы мәлімет іздеуге тапсырма беріледі Класстер толтырады Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семейде теміржолшы отбасында туған. Ата-анасы оның есімін Роза Бағланованың құрметіне қойыпты.Ол әрдайым әсем және зор даусымен тыңдаушыларының сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Жеңістің 30 жылдығына арналған республикалық байқауда Роза «Әлия» әнімен зор табысқа қол жеткізді. Осы әнімен ол эстрада әлеміне жол ашты.Көптеген халықаралық конкурстың гран-при иегері атанған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. Әміре Қашаубаев 1888 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданындағы Бегелен тауының етегінде кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Орта жүздің тарақты руынан шыққан. Әкесі Қашаубай қарапайым шаруа болған. Анасы Тоғжан бар өмірін бала тәрбиесі мен үй шаруашысына арнады. Әміренің әнге әуестігі бала кезінен байқалады. Ол ән салғанда айналасындағыны ұмытып, жан-тәнімен тебіреніп тұрып шырқаған. Халық оны жастайынан “әнші бала” деп атап кетеді. 1925 жылы Франция астанасында өткен дүниежүзі көрмесінде Әміре Қашаубаев “Ағаш аяқ”, “Қанапия”, “Үш дос”, “Жалғыз арша”, “Қосбалапан”, “Балқадиша” және тағы басқа әндерді орындап, күміс медальге ие болады. 1934 жылдың 7 қарашасында әнші 46 жасында қақаған қара суықта Алматы көшелерінің бірінен Әміре Қашаубаевтың өлі денесі табылады. Ол Алматыда жерленеді. 3-тапсырма .Жұптық жұмыс. Сөйлемдердің ішінен мақсат және себеп- салдар үстеуді табыңдар. Күннің ауа райына қарамастан мен әдейі досымды концертке алып келдім.Себебі менің досым әнді көп ұнатпайтын. Бірақ мен оның әнге деген қызығушылығын арттыру үшін әдейілеп ертіп келдім.Мен босқа әкелмегенмін. Досым сол күннен кейін әнге деген қызығушылығы артты ма, әлде мені ренжітпеу үшін амалсыздан жасады ма білмеймін, қазақ әндерін тыңдайтын болды. 4-тапсырма.Орнын тап.Жеке жұмыс. Сөйлемге қажетті себеп салдар мен мақсат үстеуді қойып сөйлемді көшіріп жазыңдар. Қажетті үстеулер: әдейі, бекерге 1.Димаш Құдайбергенов …………..қатысқан ірі жобалардың бастысы «Мен әншімін» байқауы деуге болады. 2. «Сөз- күміс, ән- алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі – ән», «Ән- өмірді ұзартады» деген асыл сөз ……………….айтылмаса керек. Тапсырма МАРИНАҒА Жақша ішіндегі сөздің тиістісін қойып сөйлемді толықтырыңыз. (9-тап.35-бет)
|
Оқушылар жаңа сөздермен танысып, сөз тіркесін немесе сөйлемдер құрайды
Оқушылар мәтін мазмұны бойынша сұрақтардың жауабын табады
Дескриптор: Сұрақтарды түсініп мәтін мазмұны бойынша жауап береді-1б
Дескриптор: Мәліметтерді жинақтайды,топпен класстер толтырады-2б
Оқушылар бағалау шкаласына балдарын қойып отырады
Дескриптор: Барлығын дұрыс тапса -2б Қателескен жері болса -1б
Дескриптор: Қажетті үстеу сөздерді қойып сөйлемдерді толықтырады барлығы дұрыс болса -2б қателіктер кетсе -1б үстеудің түрін ажырата алса -1б
Дескриптор: Жақша ішіндегі сөздің тиістісін қойып сөйлемді толықтырады -4б |
Қалыптастырушы бағалау: Қызыл- мен тапсырманы түсінбедім Сары- маған қиын болды.Сұрағым бар. Жасыл- тапсырманы түсіндім
ҚБ: бас бармақ әдісі
|
|
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия.
«Ұстазға хат» әдісі. Оқушылар қиық қағаздарға сабақ туралы ойларын жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды? Сабақта саған не қызықты болды? Сабақта саған не қиын болды? Сабақта саған не оңай болды? Сабақ мақсатына жеттіңбе? Үйге тапсырма: 10-тапсырма.35-бет.Менің сүйікті әншім» деген тақырыпта эссе жаз |
8-10балл – 5
6-7 балл-4 4-5 балл-3 1-3балл -2 |
Мақсатқа жеттік пе?
Қандай кедергілер болды? |
||