Ана туралы

Ана  туралы

«Отан-отбасынан басталады»Ал сол отбасының түтінін түтетіп отырған жан-Ана. Жер бетіндегі кез-келген тіршілікиесіне,мейлі аң-құс болсын, мейлі жануар болсын,жарық дүниеге келе салысымен анасын іздейді! Түн ұйқысын төрт бөліп,әркез жаныңнан табылатын,қолдау білдіріп,қуанышыңа қуанатын сырласың да,досың да Ана емес пе? «Қарға баласын аппағым дейді,кірпі баласын жұмсағым дейді» дәл осы мақалға сәйкес, қанша жерден жаман болсақ та, анамыз үшін таза,пәк сәби секілдіміз. Бұның бірден-бір себебі: Шыңғыс Айтматовтың «Найман ана» шығармасы. Баласының мәңгүрт екенін біле тұра,өзімен алып кетпекші болған,баласының бостандығы үшін жанын қиған ана-Нағыз ана! Найман ана!Ал сол ананың ананың қадіріне жетпей жатқандар да қоғамда аз емес!

Жер бетіндегі барлық ғұлама ақындарымыз,жазушыларымыз батырлар,әлем ұстаздары,тіпті Пайғамбарларымызда бұл өмірге аналар арқылы келді.«Анаңды меккеге үш рет арқалап барсаң да,парызыңды өтей алмайсың»дегендей ардақты,аяулы,мейірімді деген қанша сөздерді айтсақ та,анамыздың бізге көрсеткен мейірімділігі,бойымызға сіңірген тәрбиесін өтеу біз үшін парыз! Таңертеңгі анамыздың батасының өзі күніміздің сәтті өтуіне өз септігін тигізері анық. Қиналғанда демеу болып,ақыл айтып,адассақ дұрыс жол нұсқайтын ол біздің-анамыз. Ауырғанда шипа іздеп бір сәт тыным таппайтын да,баласының қандай хәлде жүргенін жүрегімен сезетін де-Ана! Сол үшін анамыздың қадірін білейік. Аналар әрқашан аман болсын!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *