ҚМЖ 6-сынып “Сүйінші “
Сабақтың тақырыбы: Сүйінші
Бөлім: 8-бөлім.Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология |
|||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты: Басгулова Г.О. | |||||||||||
Күні: | |||||||||||
Сынып: 6 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Сүйінші | ||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 6.2.3.1. Ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
6.4.4.3. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану. |
||||||||||
Сабақтың мақсаты | Ø ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің ерекшеліктерін ажыратады;
Ø Мезгіл үстеуді ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. |
||||||||||
Сабақтың барысы: | |||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы
2 минут
2 минут
2 минут
2 минут |
Сыныпппен амандасады. Сабаққа дайындығын тексереді.
Психологиялық дайындық Күлім қағып қолымды 1,2,3 деп соғайық Қарап тұрған көршіме қолымды біз бұлғайық Жылы-жылы жүзбенен маңдайынан сыйпайық Амандасып өзіңмен құшақтасып алайық.
«Орындықтың қадірі» әдісі. Үш түрлі стикерлерге өтілген тақырып бойынша сұрақтар дайындайды.
Стикер түстеріне қарай топқа бөліну. Стикердегі сұрақтың артына жазылған «С,ү,й,і,н,ш,і» әріптерін құрастырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтату.
Сабақтың тақырыбын жариялау. Сабақтың оқу мақсатын оқушылармен бірге талқылайды
|
Мұғаліммен амандасады, сабаққа дайындалады.
Өлең жолдарының әрекетін жасайды.
Стикердегі сұраққа жауап береді. Дескриптор: Сұраққа жауап береді- 1 ұпай; Ойын жүйелі жеткізеді –1 ұпай; Барлығы – 2 балл.
Стикер арқылы топқа бөлінеді, тақырыпты болжайды.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды, біледі. |
Қошемет сөздер: Жарайсыңдар
Керемет.
ҚБ: «Мөлдір журнал» Мұғалімнің тиімді кері байланысы
Қошемет сөздер: Бәрекелді, тамаша |
Презентация
Презентация |
|||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
7 минут
6 минут
|
«Тыңда, біл, үйрен» айдары
Үстеу, мезгіл үстеу туралы түсінік береді. Мысалдар келтіреді. Түсіндірме: Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады. Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді: Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды.
Оқылым тапсырмасы Топтық жұмыс. 1-тапсырма «Ақылдың алты қалпағы» әдісі. Оқылым мәтіні бойынша әр топқа тапсырмалар береді. 1-топ. Ақ қалпақ- Мәтін не туралы? Фактілерді мезгіл үстеумен келтір. Жаңа ақпарат. Қызыл қалпақ – мәтінді оқу барысында қандай көңіл күйге бөлейді? Мезгіл үстеу арқылы себебін айт. 2- топ. Жасыл қалпақ- мәтіндегі жаңалық пен қызықты тұстарын мезгіл үстеу арқылы көрсету. Сары қалпақ- мәтінде жағымды, көңілге қонған ақпараттар. Мезгіл үстеу қатысқан дәлелді сөйлем. 3- топ. Қара қалпақ- мәтіннің жағымсыз, кері тұстары бар ма? Үстеу қатысқан дәлелді сөйлем. Көк қалпақ – мәтінде не өзгертер едің? Үстеуді қатыстырып ұсыныс жазу.
2- тапсырма (жеке жұмыс) «Жоғалған сөзді тап» Тиісті мезгіл үстеулерін қолдану. Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін және де өзге де қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйіншіні _________ сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе _______ақша береді. ________ қарамай қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді.. Бұл – қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. ______дейін бұл дәстүр жалғасын тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың, қуаныштың нышаны болып келеді. Керекті сөздер: сол сәтте, аз-көп, күн-түн, күні бүгін.
3-тапсырма (жеке жұмыс) Тест тапсырмасы 1. Үстеудің сұрақтарың көрсетіңіз. А) кім? В) кандай? С) не істеді? Д) қашан? Е) қанша? 2. Мезгіл үстеуін белгілеңіз. A) Тым. B) Аса. C) Енді. D) Шапшаң. E) Сонша. 3. Үстеуді табыңыз. А) ертең В) он алты С) әдемі Д) ешқашан Е) қозғалды 4. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз. А) биік В) әдейі С) жорта Д) кеше Е) зорға 5. Дара үстеуді белгілеңіз. А) әрең-әрең В) бірталай С) жаздыгүні Д) бостан-босқа Е) балаша
|
Үстеу тақырыбымен танысады. Мезгіл үстеуді біледі. Қажетті ақпаратты түртіп алады.
Оқылым мәтіні бойынша тапсымалар орындайды. Топпен жұмыстанады. Дескриптор: ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің ерекшеліктерін қорғалым барысында ажыратады –1 ұпай; Мезгіл үстеуді қолданады– 1 ұпай; Мезгіл үстеуді түрлендіріп қолдана алады – 1 ұпай. Барлығы – 3 балл.
Мәтінде жоғалған мезгіл үстеулерін тиісті жерлерге жазады. Дескриптор: – – мезгіл үстеуді ажыратады – 1 ұпай – Тиісті сөздерді қолдана алады -1 ұпай Барлығы: 2 балл
Тест тапсырмасын орындайды. Дескриптор: 5 дұрыс жауап – 3 ұпай; 3, 4 дұрыс жауап – 2 ұпай; 1, 2 дұрыс жауап- 1 ұпай. Барлығы – 3 балл |
ҚБ. «Мөлдір журнал» Мұғалімнің тиімді кері байланысы
ҚБ. «Мөлдір журнал» Мұғалімнің тиімді кері байланысы
ҚБ. «Мөлдір журнал» Мұғалімнің тиімді кері байланысы
|
Оқулық, дәптер
Оқулық, дәптер
|
|||||||
Сабақтың соңы
5 минут
2 минут
2 минут |
Сабақтың оқу мақсатына оралу
6.2.3.1. Ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 6.4.4.3. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.
Рефлексия «Плюс/ минус» әдісі бойынша сабақтағы іс- әрекетіне баға бергізеді. Сұрақтар: (тиісті сөздердің астын сызу) ü Ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің ерекшеліктерін ажырата аламын/ алмаймын. Ол мен үшін плюс/ минус. ü Мезгіл үстеуді ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана аламын/ қолдана алмаймын. Ол мен үшін плюс/минус.
Оқушылардан жинаған балдарын сұрау,
Үйге тапсырма: 4-тапсырма / 143-бет Дескриптор: Құрылымын сақтап сипаттамалық эссе жазады -1 ұпай Мезгіл үстеулерді қатыстырады -1 ұпай Барлығы / 2 балл |
Сабақтың оқу мақсатына оралады. Ойларын ортаға салады.
«Плюс/ минус» әдісі бойынша рефлексия жасайды.
Жинаған балдарын айтады.
Үй тапсырмасын белгілеп алады. |
Қошемет сөздер.
Өте дұрыс, Жарадыңдар.
Өздеріне сын-пікір айтады. Мұғалім кері байланыс береді.
«Мөлдір журнал» бойынша балдарын есептеп шығарады. |
Күнделік
|
|||||||
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718