Журналистика – мен таңдаған мамандық
«Газет – халықтың көзі, құлағы – һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика.
Журналистика – бұл жаңалықтарды, мәтіндерді және баспасөздерді жинау, редакциялау, және жариялау үшін қызмет етуге арналған өнеркәсіп. Журналистер көптеген медиа құралдарын пайдаланып, ақпарат жинау, шолу үлгілерін жазу, жоспарлау және баспасөздерді жариялау арқылы ақпаратты адамдарға жеткізу үшін жұмыс істейді. Журналистика мамандығында медиакоммуникация, техникалық және сөйлеу қабілеттерін дамыту, критикалық ойлау, жасырын көрсету, жазу қабілеттерін жетілдіру және журналистиканың этикалық тәлімдері беріледі.
Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық.
Журналистиканың тағы да бір адамға беретін пайдасы бар. Оған журналист болу жолындағы еңбекті қоса кетсем болады. Яғни айта кететін жайт журналист болам деген маман міндетті түрде тіл байлығымен жұмыс жасайды, ол:сөздік қорын кеңейтеді, қазақ жырауларын, күйшілерін, ақындары мен жазушыларын оқып, таниды. Менің ойымша, бұл да бір үлкен плюс, үлкен білім деп ойлаймын. Сонда қарап отырсақ, әрбір журналист болам деген жанға бұл ақпараттарды меңгеру маңызды және пайдалы білім болады. Әрбір жасөспірім мектеп шағында ойнап күліп мән бермеген тарих пәнін осы журналистика мамандығын таңдаған жағдай да әлде қайда көбірек уақыт бөліп, зейін сала отырып өз тарихын оқи бастайды. Сонда журналистика бізде тек қана ақпарат жеткізу емес, оған қоса өз ана тілімен, тарихына деген сүйіспеншілікті де оятады.
Мен 2023 жылғы түлекпін. Өмірімнің бағыты мен бағдарын таңдау кезеңінде дұрыс таңдау жасағаныма қуаныштымын. Мамандық таңдау және оны дұрыс таңдай отыра, өз ісінің майталманы, шебері атану көптің қолынан келе бермейтін іс.
Мен Журналистика саласын таңдап, оның ішінде Медиакоммуникация бағытына бет бұрдым. Медианың қазіргі уақытта қалай дамып келе жатырғаны баршамызға мәлім. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультеті, Медиакоммуникация мамандығы бойынша 1 курсын тәмәмдап жатырмын. Ең сапалы білім алғаным – болашағыма өмірлік азық.
Медиакоммуникация мамандығы – бұл медианың және коммуникацияның құқықтары, дайындықтары және технологияларының біртұтас жобасына қатысуға арналған бір мамандық. Медиакоммуникация мамандығында, мәтіндерді жасау, фото және видео материалдар жасау, сөздік және сызбаларды өңдеу, медианың және коммуникацияның өнеркәсіптік жағдайларын талдау және басқа көптеген қызметтерді атқару керек. Әрі медиакоммуникация мамандығында маркетинг, реклама, PR және саяси коммуникация туралы білімдік және практикалық мәдени жұмыс оқытылады. Сондықтан Медиакоммуникация мамандығы болашағы жарқын мамандықтың бірі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – Журналистиканың қара шаңырағы. Осы киелі шаңырақта білім алу – мен үшін мәртебе, абырой.
Қорытындылай келе, Журналистика – сөздің шешендігімен ұштасқан, билік пен халықты байланыстырушы мамандық. Қызығы мен қияндығы бірге жүретін, теңдесі жоқ мамандық.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718