Шет тілін оқытуда кейс әдісін пайдалану
Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білімберудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз», депатап көрсеткені баршаға мәлім.
Қазіргі кезде білім саласында еңбек етіп жүргенұстаздар білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында түрлі белсенді әдістерді қолдануда. Соның бірі – кейс әдісі.
Кейс әдісі (ағылшын тілінен кейс – кейс, жағдай, оқиға) 20 ғасырдың басында Гарвард университетінде заңгерлер мен менеджерлерді дайындаудың проблемалық әдістерінің бірі ретінде студенттер құқықтық немесе іскерлік тәжірибедегі жағдайларды белсенді түрде талқылаған кезде пайда болды. Гарвард бизнес мектебінің кейстерінің алғашқы жинағы 1921 жылы жарық көрді және американдық кейс мектебінің негізін қалады. Бұл әдіске арнайы дайындалған оқу материалдары және осы материалдарды оқу процесінде пайдаланудың арнайы технологиясы кіреді.
Кейстік әдістің үлкен мүмкіндіктері мен білім беру мақсаттары бар. Олар төмендегідей жіктеледі:
Төменде шет тілін оқитын оқушыларғаарналған «Кейс» әдісін пайдалануға арналғанмысалды көреміз. Мәселе: сіз футбол ойынынабилет сататын менеджерсіз, футбол ойыны – сенбіде, бірақ бүгін –жұма, көп шығынға ұшырамауүшін қандай шешім қабылдайсыз? Тапсырма:
Оқытушы аталмыш «кейсте» белгіленгенлексикалық, морфологиялық, грамматикалықмәселелерді анықтауы керек. Футболменбайланысты лексиканы қайталау (footballer, football fans etc), қаржы және заңға қатысты жаңасөздермен танысу (budget, expenses, profit, to incur costs, to suffer losses, price list, to commit a breach, to cancel agreement, to impose penalty etc) сияқтымақсаттар көзделеді. Аталмыш мәселеде оқушыларөз ойларынша нақты да дұрыс шешім қабылдауыкерек. Әр қабылданған шешім сан қилы болуымүмкін, дұрыс қабылданбаған шешім сынғатартылмайды, дұрыс емес деп табылмайды. Студенттердің шығармашылығы мен тапқырлығығана есептеледі, берілген «кейс» арқылы оқушыларбір–бірімен пікір алмасып, ұжымда бірге жұмысжасауға үйренеді.
Тәжірибе көрсеткендей, Case Study әдісіоқушыларға жағымды әсер етеді. Қорытындылай келе, шет тілі сабақтарында Cаsе-студий әдісі арқылы оқушылардың шет тілінде шығармашылық шешім қабылдау, талқылау, оқу, ақпараттарды өңдеу, аналитикалық ойлау, ұжымда бірігіп жұмыс істеу қабілеттерінің өсуін байқай аламыз.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718