Қазақ көтерілістері

Қазақ халқымыздың тәуелсіздікке жету жолы оңай болған жоқ.Тамыры терең тарихтың өзі бұған куә.Араға сан ғасыр салып қазіргі қазақ елі бабалар аманатын жүзеге асырып ,ғасырлар тоғысында көк байрағын көкке көтеріп,азаттығын әйгіледі.

Осы жылы Қазақ елінің Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 33 жыл толды.Осы жылдар аралығында тарихымыздың  жарқын күндері көбейіп ,ұлттық құндылықтарымыз қайта жандана бастады.Ғасырлар бойы бұл жолда тер мен қан төгіп ,қол бастаған есіл ерлеріміз бен жаужүрек батырларымыздың аты тарихта алтын әріптермен жазылды.Тарихта біздің халқымыз тәуелсіздікке жету үшін талай көтерілістерден бастарынан кешкен.Өткенімізді түгендемей,тарихымызды білмей біз ешқандай жарқын болашаққа жол тарта алмаймыз.

Ендігі кезекте көтерілістердің өздерің айта кетсек,олар:

Абыралы көтерілісі :1931 ж.ақпан-наурыз айларында болған .Қазіргі Шығыс Қазақстан обл.Абыралы өңірі шаруаларының Кенес өкіметінің күштеп ұжымдастыру, мемлекетке мал тапсыру саясатына қарсы бас көтеру.1991 ж.қаңтар айында Қазақ АКСР-ы үкіметінің шешіміне сәйкес бүкіл республика бойынша өкіметке мал тапсыру жоспарының 70% -ы сол жылдың 1-тоқсанында орындалуы талап етілді.Жоспар бойынша Абыралы ауданының шаруалары  әуелі 3379т кейін түзетілген есеп бойынша 8745т ет өткізуге тиісті болды.Бірақ бүкіл аудан халқының қолындағы малды түгел өткізген күнде де шаруалар бұл жоспарды орындай алмайтын еді.Олардың басы артық малы осыған дейін-ақ ортаға және өкіметке тартып алынған болатын.Соған қарамастан аудандық мекемелер бұл науқанды іске асыруға қызу кірісіп кетті.Осының нәтижесінде 1931 ж. 12 ақпанда аудандағы барлық ауылдарды қарсылық әрекеттері басталды.Бірақ бұл көтерілісте шаруалар жеңіліске ұшырап,көпшілігі қаза тапты.Көтеріліс басшысы  Кемпірбаев және басқалары тұтқынға алынды.1931 ж.күзде Абыралы көтерісіне қатысқан 500-ден астам адам жауапқа тартылды.Тек Кемпірбаевтың жасағында болғандардан 274 адам сотталып,85 адам атылды.

Адай көтерілісі:(1929-32ж)-Маңғыстау қазақтарының коммунистік асыра сілтеушілікке қарсы наразылық қимылдары.Ф.Голощекин бастаған БК(б)П Қазақ өлкелік көтерілісті Адай уезін ерекше бақылауға алып ,таптық жіктелу саясатын күштеп танды.Кезінде “адай ханы” болып танылған Тобанияз Әлниязов бастаған беделді азаматтардың тұтқынға алынуы елдің қатты наразылығын тудырды.Ауыр салықтардың толастамауынан қазақ ауылының материалдық жағынан әбден титықтауы , күштеп ұжымдастыру ,байлар мен орта шаруаларды тәркілеу ,дінді қорлау ,1929 жылғы жұт және оның соңын ала келген алапат ашаршылық,орт.жіберген уәкілдер мен жергілікті шолақ белсенділердің жүгенсіздігі,үздіксіз үркіту мен қуғындау Адай көтерілісінің басталуына түрткі болды.1930 ж. 9 қазанда ОГПУ “Үштігі”, “Сопы” ,“Адайды құтқару ”,”Ақбота”атты астыртын ұйымдар құрып ,кеңес өкіметіне қарсы күрес жүргізді деген айыппен 61 адамның ісін қарап,21 адамға ату жазасын кесті.Бұл оқиғалар көтерілісті бәсеңдетпеді,керісінше оның өршуіне себеп болды.1929 ж.пайда болған жеке көтеріліс ошақтары 1930ж.жергілікті тұрғындардың жаппай бас көтеруіне ұласты.Боқымаш Шоланұлы,Мырзағали Тынымбаев ,Ерғали Құттегенов,М.Сапақов,Жұматай  Үсенов, т.б басқарған көтерілісшілер жасақтары өкімет әскерімен тегеурінді айқастар жүргізді.Өкімет әскерлері көтерілісті аяусыз,аса қатал озбырлықпен басып-жаныштанды.Мындаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті.Тек жалғыз ОГПУ тарапынан Адай көтерілісіне қатысқан 800-ден астам “бүлікшілер” сотқа тартылды.

Аңырақай шайқасы: (1729 жылдың  мамыр-маусымы ,кейбір деректерде 1730)-біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.Болат ханның бастауымен Үш Жүз хандары ,билер,сұлтандар ,батырлар қатысқан Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолының бірігуі жауға қарсы бірыңғай стратег.шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды.Итішпестің Алакөлі маңындағы соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап ,одан әрі соғыса алмай,Аягөз ,Шарға қарай жөңкіле қашты.Бірақ қазақтар бұл жеңісті одан әрі дамыта алмады.Шайқаста Болат хан жарақат алып,қайтыс болғаннан кейін таққа талас басталады.Болат ханның інісі Сәмеке (Шахмұхамед)ұлы хандыққа сайланбады.Көпшілік Болат ханның жас баласын Әбілмембетті қолдады.Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап,Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті.Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтерді.Аңырақай  жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.

Осындай жеңісте,жеңілісте бар көтерілістер біздің тарихымызда өте көп.Қарапайым шаруаларды,халықтың атынан шығып,көш бастаған батырларымызда көп.Ата-бабамыз қаншама жылдар,ғасырлар бойы жерімізді қорғап ,қарапайым адамның құқығын қорғап,бізге аманат еткен жерімізді мәпелеп жүрейік.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *