«Ұсақ қол моторикасын дамыту технологияларын қолданып мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдісін дамыту»
Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі – саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары дегеніміз – қандай да бір ұйқасты оқиға, не ертегіні саусақтар арқылы ойнап шығару. Көптеген саусақ жаттығулары екі қолдыңда қозғалысын талап етеді, ол өзкезегінде баланың «оң»,«сол», «жоғары», «төмен» сияқты ұғымдарды түсінуіне көмегін тигізеді. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикасымен қоса балалардың есте сақтау қабілетімен назары,сондай-ақ, сөздік қорыда дами түседі. Осыларды ескере отырып,өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту.
Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:
- Саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
Жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
- Сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
Ұсақ моториканы дамыту жаттығуларын жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын тренингі, массаждар. Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан бірге орындауда қиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жүйелі жүргізілген жаттығу нәтижесінде баланың саусақ қимылдары иілгіш келеді.
Пассивті жаттығу-ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға жалғасады. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады.
Мысалы: Саусақ жаттығулары
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейдітартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіпкетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп,жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
Піл: оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақпен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақа лдыңғы аяқтар, алортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
Доп: алақандар бір-бірімен жабысады.(доп пішінін жасайды).
Гүл: қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып,мына өлең жолдарын айтады.
Монтессори әдісінің мақсаты:
Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Монтессори ұстазының міндеті:
Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
Ұсақ моториканы дамыту;
Зейінін тұрақтандыру;
Тәртіпке үйрету;
Монтессори әдісі арқылы баланың ұсақ моторикасын дамыту жаттығулары:
«Өте ерекше гүл» тренингі.
Жасалу жолы: Гүлдің шаблонына желім жағылған қабатына түрлі-түсті жарманы себіңіз.Соңында артық жарманы подносқа төгіп,әдемі гүлдің бейнесін тамашалаймыз.
Жарманы бояу тәсілі: ол үшін 2-3 қасықарақпен тағамдық бояғыш қажет.Жарманы пакетке немесе ыдысқа салып арақпен бояғышты қосып жақсылап араластырамыз. Кейін подносқа жайып кебуге қалдырамыз.
«Өте ерекше гүл» тренингі
«Түрлі-түрлі суреттер» тренингі
Керекті құралдар:ақпарақ, ПВАклей, жарма
Нұсқауы:балаларға ақпарақ таратылады.Параққа бала ПВАклейді пайдаланып сурет салады,сол суретке жарманы себу арқылы бояйды.
«Түрлі–түрлі суреттер»тренингі
«Менітап» тренингі.
Мақсаты:сипап сезу арқылы таным үрдісін дамыту.
Нұсқауы: балалардың алдына карточкалар мен ішінде әртүрлі дақылдар жасырылған шарлармен капсулалар таратылады.Балалар солшарларды ұстап қарау арқылы және капсулаларды қозғау арқылы ішінде не жасырылғанын анықтап карточкаға сәйкестендіріп қоюы керек. Ол капсуланың ішінде:секер,тиын,моншақ,т.б.жасырылады.Алшарларда мақта, ілгек, қарақұмық, күріш, тары, арпа, шемешкі жасырылған.
Бала есін біліп, былдырлап сөйлей бастаған кездің өзінде-ақ баламен ойнай бастаймыз. Өйткені, ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті.Ойынның басты мақсаты:баланы дамыту,кемшіліктерін түзету.
Ұсақ моториканы дамытудың басқада технологиясы көп. Атап айтсақ: Су-Джок тәсілі, мнемотехника, арттерапият.б.
Ұсақ моториканы дамытудың нәтижесі:
Баланың саусақтары икемді келеді;
Баланың тез сөйлеуіне көмектеседі;
Шығармашылық ойлауын дамытады;
Шыдамдылыққа баулиды;
Қарым-қатынаста белсенді болады;
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718