МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАҢДАДЫМ!
11 сыныпқа аяқ баса,әрбір бітіруші түлек оқуға түсу жайында ойлана бастайды.Мамандық таңдау,ЖОО таңдау сынды қиын таңдауларды жаңылмай,жүрек қалауын тыңдап,таңдай білу де оңай емес.Бойыңда қорқыныш,миыңды әртүрлі ойлар кернейді.Дәл осындай жағдай менің де басымнан өтті,әлі де өтіп жатыр.
Мен бала кезімнен арман дәптерлеріме “журналист” боламын деп жазатынмын.Балалық арманымды сатпай,қазір осы мамандыққа оқуға түсуге барымды салып дайындалып жүрмін.Бірақ бұл шешімге түбегейлі келу жолында,әртүрлі қарсылықтарға кезіктім.
Журналист-шығармашылық адам.Бұл мамандыққа түсу үшін де шығармашылық бағытты таңдау керек.Оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырып,одан кейін шығармашылық емтихан тапсыру керек.Бұл талаптар мені толықтай қанағаттандырып,11 сынып басында мен осы мамандыққа толықтай тоқталдым.Бірақ, бәрі бірден оңай бола салған жоқ.
“Қызым,бір үйге бір дәрігер керек”-деген сөзді естіген жалғыз мен ғана емес болармын.Ата-анам менің осы мамандықты таңдағанымды қалағанымен,менің жүрегім мүлде басқа затты қалады.Мен өзімнің “журналист”болғым келетінімді айтқанда,әкем бұл мамандықты жөн көрмеді.Шығармашылық емтиханның кәдімгі ҰБТ-дан ерекшелетінін айтқанымда, “бес пәндік ҰБТ-ны тапсырсаңшы”, “мынауың қиындау ғой”-деген пікірлер естідім.Бірақ,көптеген ой толғаулардың нәтижесінде,ата-анаммен ақылдаса келе,мен өзімнің жүрек қалауымды таңдадым.Мен ата-анама жүрек қалауын таңдаудың маңызын айтып,олар мені түсініп,әлі күнге дейін таңдауымды барынша қолдап келеді.
Дәл осындай оқиға шығармашылық таңдаған оқушылардың көбінің басынан өтетіні бәрімізге мәлім.Кей кезде өзгелердің пікірінен ,оқушылар өз армандарынан бас тартып жатады.Көптеген түлектер осы проблемамен қақтығысады,бірақ ешкім бұл туралы сөз қозғамайды.Соның ішінде шығармашылық таңдағандар. “Жұмыс таппайсың”, “қайдағы шығармашылық?”, “басқа мамандық құрып қалды ма?” сынды пікірлерді көп естиді.Актер болуды армандап,бірақ қазір мүлдем басқа жұмыс жасап жүрген адамдарды да көп бақылауға болады.Көбісі қақтығысатын,бірақ ешкім айта бермейтін проблема.
2 из 2
Бұндай жағдайда ең бастысы ата-ана қолдауы.Оларға өз позицияңды түсіндіріп,не үшін бұл мамандықты таңдағаныңды,не үшін сен үшін маңызды екенін түсіндіре білу өте маңызды.Сол кезде бір шешімге келуге болады.
Армандар үшін күресе білу-ерлік.Үміт ең соңғы боп өледі.Сондықтан,қандай қиындық кездеспесін,армандарға қарай қанат қағуды тоқтатпа.
Болат Нұрайым 11а
Ақтөбе облысы,Қобда ауданы,Білтабан ауылы
Bnuraj4@gmail.com
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718