Хандық дәуір әдебиетіндегі ұлттық идеяның мектеп бағдарламасында оқытылуы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың перзенті»-деп болашақтың жастарға бағытталғанын баса айтып өткен болатын. Сондықтан ұлттық болмысымызды сақтау мен «мәңгілікке» бірге бағыт алуда жастардың орны ерекше болмақ. Ал жастардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастырып,ұлтын сүюге,салт-дәстүрін ардақтауға,білімі мен рухани тәрбиесін қалыптастыруда жетекші орынды отбасы мен мектеп алатыны белгілі.Мектеп бағдарламасына соңғы жылдарда енгізіліп жатқан өзгерістер,білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар,білім беру саласындағы тәртіп пен жауапкершіліктің күшеюі де осының анық дәлелі.Оқушылар мен жастардың бойына «Мәңгілік Ел» құндылықтарын дарыту мақсатында осыған кейін аз жұмыс жасалған жоқ.Тіптен жалпы орта мектептерде «Мәңгілік Елге» қатысты  арнайы тақырыптар мен бөлімдер қосылып,қосымша үйірмелер ұйымдастырылып,жоғары оқу орындарында пән ретінде қарастыру қолға алынып отыр.Оның ішінде оқушыларға рухани тәрбие беруде гуманитарлық сабақтардың алатын орны ерекше болмақ.

Жалпы « Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының сипаты қазақ халқының бай әдеби мұрасында өте ауқымды қамтылған.Қазақ әдебиетінің қай туындысы болмасын қазақтың азаттығы мен егемендігін арқау еткен,ұрпақты патриоттық  пен адамгершілікке тәрбиелеп,бірлікте болуға шақырған. «Мәңгілік Елді» аңсаған халықтың арман –тілегі  Хандық дәуір әдебиетінде айқын көрінеді.Әдебиеттің ұлттық сипаты айқындалып,азат ел ретінде туымызды көтерген ,қазақи салт-санамызды қалыптастырған жыраулар кезеңіндегі әдебиеттегі ұлттық идеямызды мектеп бағдарламасында  оқытудың маңызы өте зор.Жыраулар әдебиеті Қазақ хандығы қалыптасқан 15 ғасырдан бері қарай қазақтың саяси бағытын,ұлттық мұраты мен болмысын танытатын әдебиет.Азаттықты аңсаған халықтың бір тудың астына жиналып,соңғы дем қалғанша тәуелсіздік үшін күрескен бейнесі жыраулар әдебиетінде айқын көрінеді.Халық болып қалыптасқаннан бастап «Мәңгілік елге» бағыт алып келе жатқан жұрт үшін бұл кезең ұлттық іргетасымызды қалыптастырған кезең болды деп айта аламыз.Хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылық мұрасы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының «ұлттық» ретіндегі сипатын қалыптастырды.Сондықтан Хандық дәуірдегі оқу бағдарламасы арқылы оқушыларға «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын оқытудың маңызы зор.

Жыраулар әдебиеті «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы бойынша оқытылады.Білім беру жүйесіндегі соңғы жаңалықтарға сәйкес мектепте оқылатын пәндердің оқыту бағдарламасына түрлі өзгерістер енгізіліп, сәйкесінше «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы да жаңартылды.Жаңа оқу мазмұнының құрылымы президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Рухани жаңғыру:ұлттық жоба» бағдарламасы барысында көтерілген мәселелерді шешуге бағытталып отыр.Мемлекеттік тілді дамыту және рухани даму мақсаттарын негізге ала отырып әзірленген қазақ әдебиетінің жаңартылған  оқу бағдарламасы бойынша жыраулар әдебиетін оқытуда елеулі өзгерістер орын алды.Солардың бірнешеуіне тоқталып өтетін болсақ:

-Жыраулар әдебиетін 5-сынып пен 9-сынып аралығында оқыту.

Жаңартылған білім беруге дейін жыраулар әдебиеті жалпы орта білім беретін мектептің 8-сыныбында оқытылған болса,білім беруге енгізілген өзгерістерден соң хандық дәуір әдебиетін 5-сыныптан бастап,9-сыныпқа дейін оқыту енгізілді.Дәстүрлі білім беруде оқушылар бір оқу жылының бағдарламасында Асан қайғыдан бастап,Бұқар жырауға дейін шолып өтетін.Бұл өз кезегінде оқушылардың жырауларды шатастырып алуы,тақырыптардан тез жалығуы,ұзақ толғауларды есте сақтай беруге қабілеттері жетпейтіндігі сияқты мәселелерді туындатты. Ал жаңартылған білім беруге сәйкес жыраулар әдебиеті «қарайымнан-күрделіге» әдісі бойынша топтастырылып,барлық сыныпқа арнап әзірленді.

-Тақырыптар оқушылардың жас ерекшелігіне сай әзірленген.

Жыраулар әдебиеті Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап  әртүрлі тарихи кезеңдерге бөліне отырып дамыды.Сол себепті жыраулар шығармашылығының көркемдік деңгейлері де әртүрлі болып келеді.Оқушыларға хандық дәуір әдебиетін оқыту барысында осы ерекшелік ескеріліп, игерілуге тиісті білім мен тапсырмалар жүйесі оқушылардың жас ерекшеліне қарай әзірленген.Мысалы: балалар 5-сыныпта Асан қайғы жайлы аңыздарды оқып бастайтын болса, 9-сыныпта Бұқар жыраудың шығармашылығын талдайды. Кіші сыныптардың тақырыптарында оқылуға тиісті ақпараттар көлімі жағынан аз әрі түсінікті болып келеді.

-Оқушыларға арналған тапсырмалар жүйесі толықтырылған.

Дәстүрлі білім беру бойынша бір жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы өте көп мәлімет алынып,артынан оқушылар 2-3 тапсырма орындаған болса бүгінгі білім беруде ақпараттар көлімі азайып,оқушыларға арналған тапсырмалар көбейген.Тіптен оқулық бойынша әр оқылған толғаудан соң 8-10 тапсырма берілген.Сонымен қатар,әр тапсырма әртүрлігімен ерекшеленіп,біреуі тыңдалым екіншісі оқылым сияқты дағдыларды дамыту үшін жасалған.Тапсырмалар жүйесінде шығармашылыққа негізделген тапсырмалар да жиі кездеседі.

-Жырауларға бөлінетін сағат саны ұлғайған.

Оқу бағдарламасының жаңартылған түрінде әрбір жырауға бөлінетін сағат саны 2 сағаттан бастап,8 сағат аралығын қамтиды.Мысалы,Асан қайғы тақырыбы 5-сыныпта 5 сағат оқытылса,Ақтамберді жыраудың екі толғауы 8 сағатты қамтыған.Сабақ барысында толғаудың тақырыбы мен идеясы ғана емес,олардың образдар жүйесін,автордың бейнесін,кейіпкерлерін,толғаудағы кезедесетін көркемдегіш құралдарын талдап,шығармашылық жұмыспен айналысады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *