Ақтау қаласы «№30 жалпы білім беретін мектеп»КММ Көркем еңбек пәні мұғалімі Аманбекова Жумакул Халиловна Мүмкіндігі шектеулі баланы көркем еңбек сабағында еңбекке тәрбиелеу және түзету жолдары

Еңбек-тәрбиенің маңызды құралы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің бүкіл процесі тәрбиеленушілер үшін еңбектің пайдасы мен қажеттілігін түсінуді үйренуі үшін ұйымдастырылуы керек. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың бүкіл кезеңінде оқушылардың осы санатын еңбекке тәрбиелеу және оқыту мәселелері әрқашан маңызды болмақ. Ең алдымен, еңбектің рөлі жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың психикалық және физикалық дамуын түзету құралы ретінде оқыту мен тәрбиелеуде еңбекті пайдалану туралы дидактикалық ережелерді әзірлеуге де ерекше назар аударылады. Ал, бұл қазіргі уақытта жеке тұлғаны тәрбиелеу бойынша еңбек тәрбиесіндегі ең өзекті мәселе. Болашақ ұрпақ жан-жақты қабілетті болып өсуі тиіс. Бала қабілеті ой еңбегі мен дене еңбегі қатар жүрсе ғана жан-жақты жетіледі. Сондықтан еңбек тәрбиесінде «Мынау жақсы», «Мынау жаман» – деп бөлінбейтін нәрсе жоқ.
Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып келеді. Еңбек ету нәтижесінде шәкірттердің еңбекке көзқарасы, сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, жігері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы қалыптаса бастайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар көркем еңбек сабағында еңбектің бастапқы әліппесімен танысады, еңбектің қарапайым құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің өмірде қажетті қарапайым тәсілдерін үйренеді.Техникалық еңбекке оқыту барысында қағазбен, қатты қағазбен, матамен, жұқа тақтаймен, сым темірмен жұмыс істеумен танысады.. Сол сияқты оқушыны техниканың қыр-сырымен таныстыру мақсатында «конструктор» бөлшектерді құрастыру, қайта бұзу, макет жасау, оны бұзып, қайта жинау жұмыстарын жасауға дағдыланады.
Мүмкіндігі шектеулі оқушының тез шаршағыштығы, ықыласының тұрақсыздығы т.б. жас ерекшеліктері мұғаліммен қимыл-әрекетті тез өзгертіп отыруды, еңбекке ойын элементтерін кіргізуді талап етеді. Қолымен жасаған жұмыстарының нәтижесін мұғалімнің қолпаштап, құптап, мадақтап отырғанын ұнатады, оның қол жеткен болар – болмас табысының өзін мадақтап отыруымыз тиіс. Көркем еңбек сабағында оқушының еңбек әрекеті екі бағытта дамиды: бірі – сабақ үрдісінде жасаған еңбегі, екіншісі – олардың қолынан келетін қоғамға пайдалы еңбегі.Көркем еңбек сабағы оқушының байқағыштығын, ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін арттырады. Өз бетімен жұмыс істеуге, табандылыққа үйретеді, өз күшіне сенімін арттырады.
Бұл сабақтарда олигофрениялық ақауы бар баламен жеке жұмыс жасауға тура келеді.. Бұндай баламен жеке жұмыс оның дамуындағы типтік және жеке ауытқулардың көрінісін түзетіп, өмірге біршама еркін араласуына мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағытталған әсер ретінде еңбек әсіресе көптеген тәуелділіктерден арылтады. Ең бастысы еңбекке оң көзқараста тәрбиелеу керек. Мектептегі жұмыс оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеретін жеке және әлеуметтік бағыттағы мақсатты, мағыналы, әр түрлі іс-шаралар болғаны жөн. Әр сабақ үшін еңбек тәрбиесі бойынша жұмыс әдістерін таңдау аса маңызды. Кәсіби бағдар беру әңгімесі-еңбек тәрбиесі мен кәсіби өзін-өзі анықтаудың ең кең таралған әдісі. Әңгіме әрқашан логикалық түрде зерттелетін материалмен байланысты болуы керек. Балалардың еңбек ету оның пайдасы туралы терең түсінуге ықпал ету. Мүмкіндігі шектеулі баланы еңбекке тәрбиелеуде іс-қимылдардың үйлесімділігі мен дұрыс іскерлік қарым-қатынас орната білуді ескерген жөн. Басқа да сабақтардан еңбек сабағы ерекше, мұнда оқушы өз еңбегінің нәтижесін айқынырақ көреді. Біздің мақсатымыз, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мен баланың диагнозына емес, оның жан-дүниесіне жақын нәрселерге ғана назар аударып, баламен осы бағытта жұмыс істеугетырысамын. Балалардың қабілеті жететін іспен шұғылданып, айналадағы дүниені тануына, сөйтіп олардың өзін толыққанды тұлға ретінде сезінуіне көмектесу,біздің-міндетіміз.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіби еңбекке даярлау әр баланың қызығушылығын, бейімділігін және қабілеттеріне сәйкес кәсіби еркін және сапалы таңдау қабілеті мен мүмкіндігін қамтамассыз ету. Еңбекке баулу процесінде дамыту міндеттері — қолдың ұсақ маторикасын дамыту мен түзету және әлеуметтік бейімдеу міндеттері жүзеге асырылады.Еңбек түрлері туралы қарапайым білім беру, еңбек дағдысын қалыптастыру, ең қарапайым әдістерге үйрету, әр түрлі материалдар туралы білім беріп, олардың құрамына қарай өңдеу әдісін таңдау, өз бетімен еңбектенуге дағдылану, еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығы мен үлкен жауапкершілікті қажет етеді,себебі қалыпты балаға сабақ беру барысында еңбегіңнің жеңісін тез көресің. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарынан артта қалып, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды. Көбіне көңіл- күйі төмен болады. Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткенді қабылдайды, дегенмен бұл ұзақ жүретін процес. Бірі түсінгенді , екіншісі түсінбейді. Сабақты өзінің көңіл күйіне қарай қабылдайды. Мұндай балаларға қатты сөйлеуге болмайды, тек шыдамдылықпен баланың тілін таба білу керек. Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өмірге белсене араласып толық қанды өмір сүруге яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға жан жақты көрсетілуде. Сондықтанда мүмкінігі шектеулі балаларды еңбекке баулу сабақтарының мәні ерекше зор.

Қорыта келгенде, баланың жеке басы мен азаматтығын қалыптастыруда еңбектің ролі өте күшті әрі маңызды. Мемлекеттің қамқорымен мүмкіндігі шектеулі балалар болашақта осы мамандықты игере алмасада , танып білетін қабілетке жетеді. Еңбек арқылы жасөспірімдерде жақсы қасиеттер қалыптасады, «дұрыс» пен «бұрысты» ажырата алатын, аянбай еңбек ететін нағыз азаматтар мен азаматшалар қалыптасады Бұл сабақтың басқа білім сабағынан айырмашылығы баланың көруге, ұстауға, үйренуге деген бейімділігі, белсенділігі. Белсенділік дегеніміз-балалардың танымдық әрекетін дамыту.Бала алғашқы сабақтан бастап сабаққа белсенді қатынасса ,онда баланың білімде құштарлығы, ынта-ықыласы, төзімділігі, іскерлігі , ізденімпаздылығы арта түсетіні анық. Қабылдауы баяу балаларды оқыту көркем еңбек пәнінде еңбек тобын құрып арнайы бағдарламамен жеке оқыту жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің басты міндеті балалардың қабілетіне қарай топтап,сабақ жоспарын құру. Әрине, бұның бәрі мектептен бастау алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Богданов О.В. «Методические рекомендации по проведению комплекса лечебно – восстановительных и реабилитационных мероприятий в Сенсорной комнате».
2. Специальная педагогика: учеб. Пособие для студентов Высш. Пед. Учеб завед»./под ред. Н.Н.Назаровой.- М:изд центр «Академия», 2004. С. 10-11.
3. Кушваха П. «Снузлин-уникальный сказочный мир ощущений».

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *