Қарама – қарсы мағыналы сөздер
Кусаинова Жанар Кайратована
Сабақтың тақырыбы: Қарама – қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қарама – қарсы сөздерді ажырата білуге үйрету. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ойын, әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, карточкалар,суреттер,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
Армысың ,алтын Күн!
Көгілдір көк аспан.
Бармысың, достарым!
Бас иемін сіздерге
Білім берген біздерге
Ұстаздарым, ардақты!
2. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Ойын: “Көршім қайда?”
Ана -?, Ас -?, Бала -?, Қария -?, Ержүрек -?, Мейман -?
Сұлу-? Шыны -? (синоним сөздерді табу) Бір –біріне жақын, мәндес, мағыналас сөздерді табу.
3. Ой ашар:
Тақтамен жұмыс
Суреттегі заттарды берілген сөздер арқылы салыстыру.
( Үлкен- кіші, ұзын- қысқа, көңілді – көңілсіз, лас- таза, ауыр- жеңіл)
Мақал – мәтелдер
Мақалдан қарама- қарсы мағыналы сөздерді теріп жазу.
1. Дос басқа қарайды
Дұшпан аяққа қарайды.
2. Батыр бір рет өледі.
Қорқақ мың рет өледі.
3. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы.
Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.
(Осы мақалды оқып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу керек)
Қарама- қарсы мағыналы сөздер
- Кітаппен жұмыс
1- жаттығу. Бет 100. Суреттегі заттарды сөздерді пайдаланып салыстыру.
2- жаттығу. Көшіріп жазу. Мағынасын түсіндіру. Астын сызу қарама –қарсы сөздерді.
5.Сызбамен жұмыс.
3- жаттығу ауызша орындау. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардағы сөздерді тауып жазу.
Тар қону
Жас Қатты
Қалың Қысқа
Кіру Жұқа
Көшу кәрі
Жұмсақ кең
Ұзын шығу
Ауызша 1-2 сөйлем құру. Оны дәптерге жазу.
- Кестемен жұмыс.
Сөздерді тиісті кестедегі бағанға жазу.
Берілген сөздер | Мәндес сөздер | Қарама-қарсы мағналы сөздер |
Жәрдем, лас, көп, момын, кір, озу, қалу
Мол, көмек , жуас, жақсы, жаман, күн, түн, қайратты, күшті.
|
- Сергіту сәті
Жаза, жаза саусағым
Әлсіредің шаршадың
Азырақ тынығып дем алып,
Көркем етіп жазамыз.
Қолымызды созамыз,
Белімізге қоямыз,
Алға – артқа бәріміз айналамыз
Оң аяқ пен сол аяқ
Секіреді жылдам – ақ
Сергіту сәтіндегі қарама –қарсы сөздерді табу
8. Сызба арқылы мағынасы қарама-қарсы сөздерді көрсет.
Алды жаман
Жақсы Төр
Есік Арты
Күн Қара
Биік Түн
Ақ Жаңа
Ескі Аласа
(Сөйлем құрап жазу)
- Ойын: «Телефон»(бір – біріне қарама – қарсы сөздер айту, айтқан сөздерден сөйлем құрастыру)
10. Оқулықпен жұмыс ( 101 – бет 4 – жаттығу) Жұмбақты шешіп, көшіріп жазу. Мағынасы қарама- қарсы сөздерді табу.
11. Жұмбақ шешу.
Бар ма, жоқ па білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін
(ауа)
Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.
(әріптер)
Мағынасы қарам-қарсы сөздерді табу
Ауызша тапсырма. Карточкамен жұмыс
№1 мақалдан мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.
№2 жұмбақты шешіп, мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады
Кіп-кішкене арадан
Үп-үлкен боп қорқады
(аю)
Сабақты қорытындылау
-Сонымен, біз бүгінгі сабақта мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік алдық. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айттық.
Үйге тапсырма . 5жаттығу. 101 бет.
Бағалау.