ЭБРУ технологиясын қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Коспанова Асыл Акылбаевна
Көптеген ғалымдар сурет салу баланың сөйлеу және ойлау әрекетін дамытуға күшті әсер беретінін айтады. Орыс педагогы К.Д.Ушинский өз заманында, сурет бала тілін дамытудың қуатты құралы: ол суреттен көргені туралы сұрақ қойып, өзінің алған әсерімен бөліседі, – деп жазған.
Өзінің қайталанбас дербестігін ашу балаға өзін оқуда, шығармашылықта, достарымен қарым-қатынаста бағалай білуге көмектеседі. Осы орайда бейнелеу өнері сабақтарын дәстүрден тыс көркемдік техникалармен жетілдірудің маңызы зор. Дәстүрден тыс техникалар ЭБРУ технологиясы арқылы көрініс табады.
Эбру –су бетіне салынатын сурет өнері. Бұл балабақша тәжірибесіне енгізіліп отырған дәстүрден тыс сурет салу әдістемесі, әрі жаңа технологиялардың бірі.Дәстүрлі сурет салуда педагог бейнелеудің техникалық тәсілдеріне, шынайы обьектілермен ұқсастығының болуына көп көңіл бөледі, ал дәстүрден тыс, яғни инновациялық техникалар әсемдіктің сыры ашылмаған әлеміне тереңінен енуіне мүмкіндік береді.
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері әдістемесіне ЭБРУ технологиясын енгізу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін қарастыру.
Инновациялық технологияларды қолдану балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды көздейді. Балалардың елестетуін және қиялын дамытады. Ұжымдық жұмыс машықтарын тәрбиелейді.
Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі – балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
- ЭБРУ –балалардың шығармашылық қабілетін дамыту технологиясы
Эбру – ежелгі түріктерден ХI ғасырда бастау алған су бетіне салынатын таңғажайыпсурет өнері. Бұл қызықты техника – суда ерімейтін арнайы бояулармен сурет салу, содан кейін суретті қағазға көшіруден тұрады. Бұл ғажайып құбылысты суретшілер суда ерімейтін арнайы майлы бояу арқылы жасайды. Нәтижесінде қағаз бетіне көшіріп алуға болатын өрнек пайда болады. Әлемде бұл өнерді Түркиялық мрамор деп атайды.
ЭБРУ бұл күнде балалардың шығармашылық қабілетін дамыту технологиясы ретінде танылуда. Неге ЭБРУ технологиясы дейміз? Себебі, технология, өнер, шығармашылық деген сөз. ЭБРУ тұлғаның шығармашылық қабілетін ашатын, түбінде нәтижеге қол жеткізуге болатынына кепілдік беретін технология.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін ЭБРУ технологиясын қолдану арқылы дамытуға болады. ЭБРУ технологиясын ҰОҚ-де және күннің екінші жартысында, тіптен үйірме не студия ұйымдастыру арқылы да қолдануға мүмкіндік бар.
Бұл жерде педагогтың міндеті: баланың шығармашылығын жүзеге асыру; жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану; балаларды адамгершілікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Шығармашылық – ол бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы өзіндік және даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
ЭБРУ технологиясы және қолдану техникасы әркімге қол жетімді, бұл ерекше қызықты шығармашылық түрі. Осы әдіспен қияли бейнелерді әсем өрнектеп жеткізе білу – қайталанбас керемет әсер береді. Сонымен қатар, әр алынған түсті өрнектердің іздері бірегей және қайталанбас, қолдың саусақтарындағы сызықтардың суреті сияқты, тамаша өрнекке толы.
Дәстүрден тыс сурет салуда қиялдан басқа, тұлғаны өз шеберлігін үнемі жетілдіруге ынталандырады. Бұл шығармашылық, суреттің басқа түрі сияқты-энкаустика, әсіресе “жұқпалы” – оны бір рет сынап көргенде, сіз міндетті түрде сиқырға қайта жақындағыңыз келеді. Сонымен қатар, керемет нәтижелерді бірінші рет алуға болады – ешқандай арнайы дағдылар қажет емес.
ЭБРУ технология күні бүгінге дейін құпия түрде сақталып келді. Шеберлер тек өз шәкірттеріне ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырды. Десек те, қазір жағдай күрт өзгерді, жаны қалаған кез келген адам осы өнерді меңгере алады.
ЭБРУ технологиясының ең бірінші кезеңі – суретші өзінің шығармашылық туындысын, суретін өрнектеу үшін қажетті су бетін дайындау. Алдымен Эбру әдісімен сурет салу үшін капрон материалдың көмегімен қоспа сүзіп алынады. Осы қоспа тіктөртбұрыш ыдысқа құйылады. Содан соң оның ауасы бар көпіршіктері жойылып кеткенше, бетін 5 минут қағазбен жауып қояды(бұны әрбір суретті салғаннан кейін жасау қажет).
Екінші кезең – сурет салу. Бояуды араластырып, қылқаламды аламыз, бояуға батырамыз да, сол сәтте қылқаламды су үстіне сілкілейміз. Бояу тамшылары суға түседі де, бірақ жойылып тарап не еріп кетпейді. Олар су бетіне қалықтау отырып, өзінің келбетін өзгертеді. Содан соң түтік таяшамен бояу тамшыларын қозғап, оларды ғажайып өрнек немесе гүлдерге айналдырамыз.Осы орайда су біздің көмекшіміз болып табылады – ол қолдың жеңіл қимылын үйлесімді толықтырады.
Сурет салудың ең қарпайым тәсілі – арнайы тарақ немесе күрекше (жергілікті диалектикада тырнауыш деп те аталады) қолдану. Бояуды су бетіне шашқаннан кейін оның үстінен тарақшамен жүргізеді. Нәтижесінде керемет сурет пайда болады.
Үшінші кезең – су бетіндегі суретті қағаз бетіне көшіру. Суреттің үстіне қағаз парақшаны өте мұқият қоямыз да, 10 секунд күтеміз, бір шетінен таяқшаның көмегімен жоғары көтеріп, қағазды аламыз. Қағаз бетіндегі сурет кепкен соң, ол дайын туынды болып шығады.
Осы технологияны ағашқа, матаға, керамикаға және шыны әйнекке де қолдануға болады.
ЭБРУ технологиясы бойынша сурет салуға қажетті құралдар туралы не білеміз?
Эбру сурет салу өнеріне қажетті дәстүрлі материалдар Түрік елінде дайындалады, оның шыққан тегі де осы ел, және де ол бірнеше табиғи компоненттерден тұрады:
Эбруге арналған су қоспасы. Суға арнайы қоюландырғыш – тікенекті Гевен өсімдігінің қоспасы қосылады. Осы өсімдік қоспасының арқасында бояу су түбіне кетпейді, еріп те кетпейді, судың бетінде қалқып қалады.
Бояулар. Эбруге арналған бояулар табиғи пигменттерден, судан және ірі мүйізді ешкінің өтінен тұрады. Қоспа түрінде ол өте сұйық болады. Өт те бояудың еріп кетпей, су бетінде қалқып тұруына көмектеседі.
Қылқаламдар. Қылқаламдар жылқы жалынан және раушан гүлі сабағынан дайындалады. Осы материалдар өзіне бояуды жеңіл сіңіруге және көптеген ұсақ тамшы түрінде жеңіл сырғып түсіру қабілетіне ие.
Түтік не таяқша (шило). Түтікше сурет бейнесін құру үшін қолданылады. Онымен суретші су бетіндегі бояуды жайлап қозғайды да, қажетті формаға келтіреді. Оны тоқыма инемен немесе бамбук таяқшалармен алмастыруға болады.
Тарақша не тырнауыш. Тарақша суретке қажетті фон жасауға көмектеседі. Мүмкіндігінше, оның мөлшері сурет салатын су құйылған ыдыс мөлшерімен сәйкес келгені жөн. Бұл тегіс фон жасауға мүмкіндік береді.
Ыдыс (Поддон). Ыдысқа ерекше талап қойылмайды. Ең бастысы, оның мөлшері сурет бастыратын қағаздың мөлшерінен сәл үлкендеу болу керек
Қағаз. Кез келген қағазды қолдануға болады, тек жылтыр қағаз болмауы керек.
Өрнектердің үнемі өзгермелі суретімен өзара әрекет ете отырып, адам болжанбаған әлемде өмір сүруді үйренеді, оны осылай қабылдай отырып, және ең қарапайым заттар мен жағдайларда әдемі көруге үйренеді.
Қорытынды:
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда ЭБРУ технологиясы техникаларын тиімді таңдау мен іс жүзінде қолдану өзекті мәселердің бірі ретінде қарастырылады. ЭБРУ технологиясы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді. Осылайша сурет салудаЭБРУ технологиясын қолдану, яғни дәстүрден тыс техникалары сабақты эмоционалды байыта өткізуге көмектеседі, балалардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718