“Отбасылық құндылықтар”
Үйсінбай Айнұр Әділханқызы
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар
Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1арнайы мектеп- интернаты» КММ | |
Бөлім: | 2-бөлім: Ұлттық жəне отбасылық құндылықтар |
Педагогтің аты-жөні: | Үйсінбай Айнұр |
Күні: | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Отбасылық құндылықтар |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 6.1.4.1 Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
6.3.5.1 Оқылған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, топтық, жеке тапсырмаларды орындау. 6.4.1.1. Тақырып бойынша мәтінді екпін қоя отырып оқу. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, сұраққа жауап береді, тапсырмалар орындайды Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар тақырып бойынша мәтінді екпін қойып оқиды |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Қызығушы лықты ояту. 7 мин. |
(Ұ).Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Шаттық шеңбер» әдісі. Сабақ басталар алдында оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады. |
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады
-Мен саған бақыт тілеймін -Мен саған шаттық тілеймін -Мен денсаулық тілеймін -Мен мол қуаныш тілеймін -Мен жақсы көңіл- күй тілеймін -Мен жақсы күн тілеймін |
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
Оқулық, жұмыс дәптері
Қима қағаздар Топ аттары
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1. Отбасы мүшелерін атап беріңдер.
2. Отбасылық құндылықтарға нелер жатады? 3. Үйге отбасы туралы бес мақалдан жазып келу берілді. Оқып береміз. 4. Тілдік бағдар. Екпін және екпін түрлерін еске түсіру.
Жаңа сабақты бастамас бұрын, екі топқа бөлініп алайық 1- топ. «Қыздар» 2- топ «Ұлдар»
1-тапсырма . Мәтінді екпін қоя отырып оқы Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады.Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын,ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке ,қайсарлыққа, кешірімді болуға,өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ал қыз – өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы.Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. Нәзіктік пен инабаттылықты,тазалықты әрбір қыздың бойына сіңіріп өсірген.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу. 26 мин. |
Тапсырмалар орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | Топтық жұмыс.«Кім жылдам»
Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңдер Мәтіннен ұлға және қызға қатысты құндылықтарды теріп жазыңдар.
|
1. Мәтін бойынша тақырыпты болжайды.
2. «Кім жылдам?» ойыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Топтар смайлик арқылы бағаланады |
ДК экраны
6-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топпен жұмыс 2-тапсырма: Кестені толтыр Ауылдың мұншалық сұлу табиғатын бұрын байқамаппын. (сөз екпіні) Бұл бір керемет хабар болды! (дыбыс екпіні) Ол ұзын бойлы жігіт болыпты.(тіркес екпіні) Нұрғалидың анасы ертең Алматыдан келеді (ой екпіні)
Жеке жұмыс. 7-тапсырма: Берілген сөздерден мақал-мәтел құрастырып жазыңдар. 1. Ұя, ұшу. 2. Әке, ұл, ана, қыз, өсу. 3. Әке, асқар тау, ана, бауырындағы бұлақ, бала, жағасындағы құрақ.
Сергіту сәті
Топпен жұмыс 4-тапсырма: Отбасылық құндылыққа қатысты сөздерді табыңдар
ОТБАСЫ,САЛТ- ДӘСТҮР, БАЛА ТӘРБИЕСІ, МАХАББАТ, ТАЗАЛЫҚ, СЫЙЛАСУ, АНА, ӘКЕ, БАЛА,ҚҰРМЕТ,БАҚЫТ, СЕНІМ,ТҮСІНУ.
5-тапсырма: «Құндылық құнын ұғыңдар»
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
Үйге тапсырма |
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
«Кеме» әдісі арқылы қорыту
12 – тапсырма «Менің отбасымның мүшелері» тақырыбында ата-анаңа немесе іні-қарындасыңа құттықтау сөз жазады.
|
Мұғалім оқушыларды «Смайлик» арқылы бағалайды.
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
38 бет |
Кері байланыс кемесі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||