Іс-әрекеттегі зерттеу – ғылыми таным

Іс-әрекеттегі зерттеу – ғылыми таным

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №37 жалпы орта білім беретін мектебі,химия пәні мұғалімдері

Орынова Гульбаршын Ермеккалиевна

Жұмабаева Айдана Ғұмарқызы

 

«Мен мектепке балаларды ғылымның күлкілі оқиғаларымен және жабайы көріністерімен таныстыруды қажет деп таппаймын, қайта  оларға өздеріңнің төңірегіңнен,үнемі қоршап тұрған нәрселерден қызықты нәрсені таба білуді үйрету,

соның нәтижесінде ғылым мен өмірдің арасындағы байланысты

тәжірибе жүзінде көрсетіп,түсіндіріп беру керек….»

К.Д.Ушинский

 

Білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу-бүгінгі  мұғалімнің басты міндеті. Сондықтан да білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп отыру керек. Оқушы мұғаліммен бірге қызыққан жағдайда ғана сол пәнді жан-жақты білуге ұмтылары сөзсіз. Кез келген пәннен де ізденіс жұмыстарын жан-жақты жүргізуге үйреткен жөн. Ал іс-әрекеттегі зерттеу  өзгеріс енгізуге түрткі болатын проблемаларды қалыптастырып, оны шешуді қамтитын әлеуметтік жағдайлардағы оқыту үдерісі болып табылады.

Осыған орай мектебімізде қараша-қаңтар айларын қамтитын мектепішілік жоспарға сай жүргізілген мектеп мұғалімдерінің оқушылардың материалды игеруіне көмектесуде  өз пәнін оқыту жолдары, әдістері және нысандары туралы кәсіби ойлауының қалыптасуына бағытталған зерттеу жұмысын жүргіздік.Ол жұмыстың тақырыбы  «Үздік тандем: зерттеуші мектеп, Action Research іс-әрекетті тәжірибеде зерттеу» деп алынды. Аталмыш жоба мектепте бірлескен кәсіби қауымдастықты жетілдіру жұмысын жүргізуге бағытталған әрекеттің бастамасы болуға және орта жасауға мүмкіндік беретін тиімді тәсілдер мен әдістер жиынтығын ұсынды. Мұнда әдістер мен формалардың тиімді іріктелуі сияқты, өз бетімен  іздену әдістері мен тәсілдерінің де іріктелуі маңызды рөл атқарды. Бұл жобаны мектептің педагог-зерттеуші мамандарымен бірлесе отырып жүзеге асырдық. Жобаның негізінде Үздік тандем: зерттеуші мектеп, Action Research іс-әрекетті тәжірибеде зерттеу  мұғалімдер арасында ашық, кең диалогке түсу дағдыларды дамытуға, қызығушылықты қолдауға және оқушы қызығушылығы мен бағдарын түсіну деңгейлерін көтеруге мүмкіндік берді.

Мектепте сабақты зерттеу басымдықтары оқу үдерісі мен оның нәтижесіне бағытталған мұғалім тәжірибесі арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да бұл жоба ізденістегі зерттеудің нәтижесі болып табылады.

   Жобаның негізгі мақсаты – сындарлы оқыту әдісі аясында оқушылардың алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін  және оны тәжірибеде ұштастыра алуын қамтамасыз ету жолдарын көрсету, ал  міндеттері: оқушы бойындағы ерекше қабілетті дамыту мен жетілдіруде белсенді тәсілдердің озық үлгілерін тиімді пайдалану; оқушылар бойында ізденімпаздық дағдыларды қалыптастыру; оқушы білімін жүйелеу, бірізділік ұстанымын дамыту. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп отыруда алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету  – іс-әрекеттегі зерттеуге бағытталған жобаның  өзегі болып табылады.  Өйткені алдымыздағы оқушының ішкі құндылығын тану – қай кезде де өзекті болмақ. Жобадан күтетін нәтиже: оқушы бойында ізденімпаздық дағды қалыптастыруға бағытталған шаралар жүргізіледі; мектепішілік шаралар арқылы мектеп оқушылары өзінше пайымдаулар жасайды; жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздар арасында біріккен іс-әрекет жүзеге асады. Жобаның ерекшелігі: мұғалімдер арасында ашық, кең диалогке түсу дағдыларын жетілдіру үшін педагог-зерттеуші мұғалім мен жас маманның біріккен ізденісін көрсету мақсатында жұптық жұмыс жүргіздік.

Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға  жетудің  тәсілі. Жобалар әдісінің негізі – «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық   бағыт. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көру, түсіну, қолдану болып табылады.

Сол себепті де бұл  жобада тәжірибедегі іс-әрекетті зерттеу әдісі арқылы сыныптағы жеке  балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі аспектілері туралы ақпарат және мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін жұмысты жоспарлау үлгісі және белсенді әдістерді  қолдану бойынша ақпаратты қамтуға тырыстық, мектептегі шынайы тәжірибені жақсартудың жұптық жұмыс жолдары арқылы әдістемелік көмек көрсетуді де қарастырған болатынбыз.

Педагог-зерттеушілер болып «Үздік тандем: зерттеуші мектеп, Action Research іс-әрекетті тәжірибеде зерттеу» жобасын жүргізуде  зерттеу үдерісін мынадай үш кезеңге бөліп қарастырдық:

І.Нақтылау кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі қызметі-іс-әрекеттегі зерттеуге қатысты бастамаларды тиімді іске асыру үшін толғандырып жүрген мәселені анықтай отырып, пән мұғалімдерінің ерікті әрі шығармашылық дамуын қамтамасыз ету. Нақтылау кезеңінің міндеті-зерттеу қадамдарының әрі қарай даму стратегиясын жобалай отырып, кездескен проблемаларды демократиялық жолмен шешу Зерттеу жүргізетін жұпты бекіту. Анықталған проблеманың теориялық негіздерін тәжірибеде қарастыруды жүзеге асыру үдерісін жоспарлау; проблеманы тұжырымдау, зерттеу әдістерін таңдау, зерттеу нәтижелерін өңдеуге болжам жасау.

Бұл қадамда мектеп бойынша 12 зерттеуші жұпты анықтап, әр жұпқа өздерін толғандырып жүрген мәселе  аясында Іс-әрекетті зерттеу тақырыбын таңдатып, тапсырмалар бердік.

ІІ.Қалыптастыру кезеңі. Екінші кезеңнің негізгі қызметі және әрі қарай жүзеге асатын әрекеттің жоспарын бекіту деп алдық және зерттеудің нақты қажеттіліктеріне сәйкес, зерттеу әрекетінің жолдары мен тетіктерін іздестіру дедік. Міндеті-жоспардың орындалуына талдау жасау, орындалу барысы мен жүргізілген зерттеулердің мерзімі мен нәтижелерін бақылау, зерттеуші жұптың қызметін үйлестіру. Мазмұны: іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу барысында зерттеу әрекеттерінің тиімді және тиімсіз тұстарын, проблеманы шешуге бағытталған әдістер бойынша ұсыныстарды енгізу.

Іс-әрекеттегі зерттеудің бұл кезеңінде нақты зерттеу жұмыстарына тиімді әдістер мен тәсілдер, оларды тәжірибеде қолдану бағытындағы жұмыстар қамтылды. Мысалы, зерттеуге алынған сыныптарда іздену, талдау, саралау, зерттеу әдістері қолданылды. Іс-әрекеттегі тәжірибе мектебіміздегі нақты проблеманы анықтауға көмектесті.

ІІІ.Жүзеге асыру кезеңі. Бұл ең маңызды кезеңдердің бірі болып есептеледі. Зерттеліп жатқан сыныпқа қатысты алынған проблеманың өзектілігін тәжірибеде бақылау және сол проблеманы шешетін тетіктерді жан-жақты қарастыру-бұл кезеңнің негізгі міндеті болып табылады. Зерттеу барысында жинақталған деректерді өңдеу, барлық нәтижелерді  талдай отырып салыстыру, іс-әрекеттегі зерттеу барысы мен қадамдарына сипаттама беру және қорытындылау-жүзеге асыру кезеңінің мазмұны болып есептеледі.

Бұл-қорытынды кезең. Бұл кезеңде зерттеу жұмыстары аяқталып, деректер жинақталды, таңдалған тақырыптың тиімділігі талданды.

Мектеп қызметін жетілдірудегі Іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижесі зерттеуші жұп таңдаған проблеманы шешу мақсатында мұғалімдер арасында ынтымақтастық аясын кеңейтіп, оларды бірлесіп жұмыс жасауға, инновациялық және тиімді идеялармен алмасуға жетелеу және сол арқылы күнделікті қолданатын оқыту мен оқудағы тәсілдердің ықпалын күшейту.

Демек, Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын  жүйелі жүргізу – мектепке ғылыми дәлелдемелерді енгізу және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу,  өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады дегім келеді.

 

Аннотация

Бұл мақалада мектеп қызметін жетілдірудегі Іс-әрекетті зерттеу үдерісі туралы айтылған. Мектептегі педагог-зерттеуші мұғалімдерге зерттеудің мазмұнын, ұйымдастырылуын, нысандары мен әдістерін жетілдіруге, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайда мектеп алдына қойылған аса күрделі міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін меңгеруге байланысты мектеп тәжірибесінен алынған негізгі мәліметтер қамтылған.

 

 

 

Әдебиеттер:

1.К.Ж.Бұзаубақова. «Инновациялық педагогика негіздері»             Алматы, 2009     ж.

2.Қазақстан                Республикасы    білім    және    ғылым               министрлігі. «Қазіргі              білім    беру технологиялары». Алматы, 2006 ж.

3.Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. – Астана 2012ж.

4.Интернет мәліметтері.

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *