Отандық подкастар.

Ғалымжан Айгерім Асқарқызы.

Қазіргі заманда бірі білсе бірі білмейтін подкаст,аудиожазба сыңды заман ағымна сәйкес дүниелер лезде даму үстінде. Ал қазіргі қоғамның құндылығын негізге ала отырып,өз ойы мен ақылын қоса айтатын “отандық подкастар” туралы не білеміз?                                                                   Әуелі жалпыға бірдей түсінікті болу үшін  “подкаст” ұғымына анықтама берсек.Подкаст-қандай да бір тақырыпқа арналған әлеуметтік маңызы бар аудио форматындағы жазба немесе видео жазба деп атасақта болады.Белгілі бір тақырыпта сөз қозғап, подкаст жазушының тақырыбы мен кезекті шығарылымына байланысты қонақпен сұхбаттасады. Сол арқылы қоғамда болып жатқан өзекті тақырыпты қозғап,белгілі түсінік қалыптастырады.Бұл аудио жазбаны кез-келген жерде жүріп-ақ,тіпті үй жинап жүрген сәтте құлаққап арқылы тыңдай аласыз.Кез-келген жанның ыңғайына қарай дағдыланған заманауи дүние.                                                                                                             Бүгінде Қазақстанда көптеген тақырыптарды тереңінен зеріттеп,жастардың сауалына жауап бере алатын түрлі подкастар қарқынды даму үстінде. Бұрындары белгілі тақырыптарды түсінбей ғаламторды ақтаратынбыз. Ал қазір отандық подкастардың дамығаны соншалықты керекті тақырыптарды лезде тауып,тыңдап түсініп аламыз.Соның ішінде рухани әңгімелер,діни көзқарас пен ұлттық құндылықтарды насихаттап,жастардың санасына жақсы түсінік қалыптастырып ойлау-өрісін кеңейтуде. Отандық подкастардың дамуы-жастарға ой еркіндігін,сапалы сөйлеу соның ішінде қазақ тілінде нақты сөйлей білу жүйесін қалыптастырып,Қазақ қоғамына жаңашылдық әкелгендей сипатта өрбуде. Бұл сапалы,жақсы нәтиже.   Бірақ біз барлық отандық подкастарды жалпыға бірдей пайдалы,рухани әңгіме мен ғана дамуда деп айта алмаймыз. Қазіргі заманның заңдылығы болар бәлкім…Қоғамда жақсы мен жаман,ақ пен қара қатар жүретіні белгіліғой. Рухани,діни азығы  бар подкастар дамып келе жатқан сәттен бастап, мәдениет пен әдептіліктен хабары жоқ кез-келген адамның, еркін тақырып дей келе төмен әңгімелерді қозғап,подкаст  түсіруі  ғаламторда қаптап кетті. Осы жағдаяттардың орын алуы подкаст  құндылығын түсіріп жатқаны мені қынжылтады.Тіпті подкаст  ұғымымен таныс емес жұртшылықтың санасында подкаст  ұғымын тым құнсыздандырып жібереді. Ал кейде мәдениетсіз ,балағатты сөздер қолданылған подкастар тіптен ызаға тиеді…                                                                                                                                                   “Әркім өзінің қалаған подкастарын таңдап алып қарайдығой”  деген пікірде болуы мүмкін.Алайда қазіргі технология дамыған,адамдардың интернетке тығыз байланысты болған заманында,жастардың әрбір мәдениетке еліктеуі өршіп тұр.  Демек отандық подкастар-жастардың дамуы мен тәрбиені қатар алып,пайдалы ақпараттарды насихаттай білуі тиіс деп түсінемін.Бұл жастардың тұлға болып қалыптасуына ғана емес,Қазақстанның да дамуына өз үлесін қосады.Себебі подкасттың адамзатқа берер пайдасы мен мән-мағынасы болмаса,жаһандық әлемде де өз орны мен бағасы болмас еді.                                Осы екі жақты көзқарасты ұштастыра отыра, отандық подкастардың арасынан бізге саналы,сапалы тақырыптың жағасында жүзіп,  өмірге деген титтей де болсын мәдени,саналы сезімді қалыптастыра алатындай подкастарды тыңдауға кеңес берер едім…                                        Ақ пен қара ,жақсы мен жаман қатар жүрген заман да,өз ойымыз бен санамызда қалыптасқан өмірлік көзқарастарды жойып алмайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *