Мамандың таңдау-өмір жолыңды таңдау

 

Акимова Амина Бакитбековна
Мамандық таңдау-өмір жолыңды таңдау

 

Мамандық таңдау-жауапты қадамдардың бірі,әрбір адам үшін маңызды шешім. Мамандық таңдау-әр адамның мұқияттылығын қажет етеді.Расына келгенде тағдырыңды таңдау десек қателеспейміз.Біздің таңдаған мамандығымыз-біздің болашағымыз.Білім ордасын бітіріп жатқан әр түлекте

”қандай мамандық таңдасам болады?”

“ата-анам қарсылық білдірмей ме?”деген сұрақтар мазалайтыны анық.

Көптеген жас түлектердің,бұл маңызды шешімді қабылдар алдында өрескел қателіктер жібереді:Грант көп болғаны үшін немесе аз баллмен грантқа түсуге болатыны үшін таңдама.Ата-ана,туыс,достарың таңдап берген мамандықты таңдай салмай,бір уақыт жүрек қалауыңа,бейімділігіңе үңіл.Өз болашағыңа-өзің жауаптысың және айналып келгенде сол мамандықты оқитын,жұмыс жасайтын өзің.Жан қалауыңмен мамандығыңды қалап тұрсаң,ешқашан бас тартпа.Кейін ол мамандықта оқығанда жалықпай,сүйіп оқысаң болашақта жұмысыңды да дәл солай атқарасың.Өз ісіңнің маманы болсаң-бұдан асқан бақыт барма?

 

•Барлығы таңдап жатыр ғой,сәнге айналған мамандық деп таңдаушы болма.Иә,бәлкім атағы бар,елдің бәрі қызығатындай болуы мүмкін,бірақ жаныңның қалауы болмаса-ол жұмыс ешқашан ләззат сыйламайды.Тағы да бір айта кететін жайт  жалақысы аз болса да,сүйген мамандығыңнан бас тартпа дегім келеді.

•Әлемде 40 мыңға жуық сан алуан мамандық бар.Статистикаға сүйенсек 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырады делінген.Сонда әр маманның қателескені ме?

 

 

•Сыни жағынан айтып өтсем,көптеген ата-аналардың балаларына айтатына мына нәрсе:медицина саласына түс,мұғалім  бол өлмейтін мамандық және т.б.Иә,рас бұл мамандар өлмейтіні анық,сұранысқа ие.Бірақ бала ол мамандықты қаламаса да,сол салаға түсіретіндері аз емес.Солайынша баланың ішіндегі арманын,көзіндегі жалынды басып,еркіндіктен айыратын ата-аналар саны көп екен мәлім.Сол сәттен бастап баланың миында еркіндік,таңдау,арман деген дүние қалмайды.Өмірінің соңына дейін толықтай ата-ана ойына тәуелді болады.

Жас түлектер қаламаған мамандыққа түсті делік,өкініштісі кейіннен ол диплом сандықта шаң басып жататыны өтірік пе?

 

•Мамандық таңдар алдында Жас Түлекке кеңесім:

-Өзіңе ұнайтын,болашақта істегің келетін мамандықтар тізімін жазып шық.Солардың ішінен өзіңді барлық жағынан қанағаттандыратын бір мамандықты алып қал.Өзіңнің неге бейімді екенің мән бер.

 

•Өмірде екі нәрседен қателеспе делінген.Біріншісі-мамандық таңдау болса,екіншісі-жар таңдау.Себебі таңдаған мамандығыңмен өміріңнің жартысын, сол жастық шағыңда таңдаған мамандығымен өткізесің.Ал екіншісі жар таңдау деген таңдаған жарыңмен өміріңнің соңына дейін баруға дайын бол.Менің ойымша, бірінші мамандық таңдауда қателеспеген адам,екінші таңдауда қателесе қоймайды.

•Менің бұл мақаланы жазғым келген себебім өзіммен қатарластардың мамандық жайлы ойлары сан-саққа кетіп жүргеніне куәмін.Келер бізден кейінгі жас түлектерге де пайдалы ақпарат бергім келді.

“Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан”деп Абай атамыз айтқандай.Сенің мамандықты таңдаудан жаңылмай кірпішіңді дұрыс қалайды деп сенеміз.Болашағыңа қадамды дұрыс жаса!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *