Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Байбосынова Роза Көшерқызы
Сынып: 5 «ә »
Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу туралы ұғымымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
- Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі қағаз, слайд.
Оқытудың әдісі:практикалық
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру: §10 сұрақ 1-3, № 267-272
2.«Миға шабуыл» қайталау сұрақтары
- Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
- Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
- 1 саны қандай сан?
- Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
- Қандай сандар 3-ке бөлінеді?
- Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
- Қандай сандар 9-ға бөлінеді?
- Қандай сандар 10-ға бөлінеді?
3.«Кім шапшаң» ойыны
№676
№677: 2·3=6; 2·5=10; 2·7=14; 3·5=15; 3 · 7 = 21; 5·7=35
№678
- Математикалық диктант
- Жай санның жұп сан болуы мүмкін бе? ( Иә)
- Натурал сандар қатарында бір- бірімен қатар тұрған жай сандар болуы мүмкін бе?
( Иә)
- 77 жай сан деген тұжырым дұрыс па? (Жоқ)
- 68 құрама сан деген тұжырым дұрыс па?( Иә)
- Егер екі көбейткіш белгілі бір санға бөлінбесе, онда көбейтінді сол санға бөлінбейді.( Иә)
- Егер екі қосылғыш белгілі бір натурал санға бөлінсе, онда қосынды сол натурал санға бөлінбейді.(Жоқ)
- Деңгейлік тапсырма оқулықпен жұмыс
1-ші деңгей
Құрама сандарды жай көбейткіштерге баған түрінде жіктеңдер: 140, 225, 72, 246
140=2*2*5*7; 225=3*3*5*5; 72=2*2*2*3*3; 246=2*3*41.
2-ші деңгей:
№6 Көлемі: 1) 27 см³; 2) 125 см³ болатын кубтың қырының ұзындығы неше сантиметр?
27=3*3*3 қыры 3 см; 2) 125=5*5*5; қыры 5 см
3-ші деңгей
Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектеледі. Көлемі: 1) 66см³; 2) 195см³; 3) 255см³ параллелепипедтің өлшемдері неше сантиметр?
- 66=2*3*11 ені 2 см, биіктігі 3 см, ұзындығы 11 см
- 195=3*5*13 ені 3 см, биіктігі 5 см, ұзындығы 13 см
- 255=3*5*17ені 3 см, биіктігі 5 см, ұзындығы 17 см
- Электронды оқулықпен жұмыс
- «Ой түйін»Cабақты қорыту мақсатында тест жұмысы.
- Санның жай көбейіткіштерге жіктелуінің дұрысын көрсетіңдер.
1)12=3·4; 2)60 =3·4·5; 3)105 =3·5·7; 4)106=2·5·11.
- 642 санын жай көбейткіштерге жіктеңдер.
1) 642=2·3·103; 2) 642=2·3·105;
3) 642=2·6·107; 4) 642 = 2 · 3 · 107.
- 12 санының барлық бөлгіштерін тап:
1) 12; 24; 36; … 2) 1; 6; 12;
3) 1; 2; 3; 4; 6; 12; 4) 1; 2; 3; 4; 8; 12
- 96 санын жай көбейткіштерге жікте:
1) 25· 3; 2) 16 · 6; 3) 2· 3; 4) 24 · 6.
- Ең кіші жай сан?
1) 2; 2) 4; 3) 0; 4) 6
Жауабы: 34311
Үйге тапсырма: 4.6 тақырып
№685; 686
Сабақты қорытындылап, бағалау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718