Ораз Жандосов - · 5 марта, 2024 22 http://Ораз Қиқымұлы Жандосов туралы не білеміз ? Саналыда мағыналы ғұмырын қазағым деп жар салған тәуелсіздік жолында сарп еткен Алаш қайраткерлерінің қатарындағы Ораз Жандосовтың еңбектеріне тоқталайық..Ораз Жандосов туралы айтылғанда еске бірден Алматыдағы ұзынан ұзақ созылып жатқан көшесі немесе қалайыдан жасалған ескерткішінен басқа не елестейді ? Ораз Қиқымұлы Жандосов 1898 жылы ақпан айында Алматы обылысының Қаскелең ауылында дүниеге келген.Бар жоғы 39 жыл өмір сүрген Ораздың еңбектері өткен ғасырдың қазақ үшін нағыз жемісті еңбегі болды.1918-1937 жылдар аралығында Кеңес өкіметінің билігінде қызмет істеген Ораз қазақ халқына өшпес жақсылықтар жасады. 1919 — 1921 жылы Түркістан КП мұсылман комиссиясының секциясы облыс бюросының төрағасы болды, Жетісу облысы рев.-әскери комитетін және облыс “Қосшы” одағын басқарды. 1921 — 1923 жылдары Түркістан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және БК(б)П өлкелік комитетінің 2-хатшысы болды. 1918 жылы небәрі жеткеншек 18 жасар кезінде О.Жандосов Қазақстандағы іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізілсін деген бастама көтеріп ,қазақ тілінің төменге сусып бара жатқанын ескеріп мәселе көтерді.Ал 22 жасында “Верный” қаласының атауын “Алматы”етіп өзгерту жөніндегі бұйрыққа қол қойып,үкім шығарды.Ауыл жастарының білімге деген құлшынысын көтеру үшін қазақ ауылдарында мектептердің жұмыс істеуін қатаң бақылауда ұстады.Тек білім саласында ғана емес мәдениет жағынанда “Қосшы” ұйымын құрып ,шаруашылықтың дамуына үлес қосты.”Садақ” саталитарлық журнал қызметкерлерімен байланыса отырып ,сол замандағы алдамшы көсемдермен өтірік қой терісін жамылған молдаларды әшкерелейтін мазақ суреттер салып жариялап отырған.Осылайша Ораз Жандосовтың суретке икемі бар екенін байқай аламыз. Ораз Жандосов 1917 жылдың соңына қарай “Көмек” кейіннен “Ұшқын”атты “Қазіргі Жетісу “ газетін шығаруға бастама көтеріп ,”Көмек”газетінің редакторы болды. 1924 жылдың сәуір айында Ораз Жандосов Қазақстан өлкелік партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді. 1927 жылдың желтоқсанында Қазақстан халық ағарту комиссариатының басшылығына ауыстырылады. 1931 жылы Қазақстан халық концтовар кеңесіне хат жазып, Қазақстанда республикалық мемлекеттік кітапхананың, қазіргі Ұлттық кітапхананың ашылуына мұрындық болған. КОКП-ның 12-, 14-съездерінің және КСРО Кеңестерінің 2-, 7-, 8-съездерінің делегаты, 1920 — 1925 жылы БК(б)П Түркістан КП ОК-нің мүшесі және бюро мүшесі, Түркістан ОАК төралқасының және БОАК-нің мүшесі, Қазақ ОАК және оның төралқасының мүшесі, Қазақстан өлкетану қоғамы басқармасының төрағасы болды. 1937 жылы тамызда партиядан шығарылады Ораз Жандосовқа тағылған айыпты анықтау тәуелсіздік алам дегенге дейін құпияға толы мәлімет болды.Жалпы қай күні , қай жерде ,қандай айыппен атылғаны тек еліміз тәуелсіздік алғанннан кейін ғана белгілі болған жайы бар . О.Жандосовқа Кеңес өкіметінің жауы,құлату үшін іс-әрекеттер жасап жатыр ,бәржуазиялық өкімет орнату мақсатында ұлтшыл контрреволюциялық ұйымның мүшесі болды және жапон тыншысы жане тағыда басқа айыптар тағылды.Осы жаламен Қазақстанда алғаш тұтқындалған және алғаш атылғандардың бірі болған деседі.Деректерге сүйенсек,1938 жылдың 3 наурызында Алматыдағы НКВД түрмесінің жер асты қабаты яғни,подвалында атылып ,Іле ауданындағы Жаңалық ауылының жанындағы терең жыраға көмілгендігі белгілі болды(Оразтанушы Ерғали Ахметтің еңбегінен алынған).Қазақ ақыны Кенен Әзірбаев тұтқынға алынған Жандосовпен қоштасқан сәті туралы “Оразжан”әнін шығарған . Оразжан Оразжан, серкесі едің Жетісудың, Жасыңнан талаптанып оқу қудың. Қош-аман бол, Оразжан. Ер ағаң алдыңдағы Тоқаш елің. Екеуің Жұбанышпен егіз тудың. Қош-аман бол, Оразжан. Биіктеп самолетпен аспанға ұштың, Міне, енді арбаменен Ташкен көштің. Қош-аман бол, Оразжан. 1922 жыл. Қорытындалай келсем,Ораз Қиқымұлы Жандосов елім,жерім деп аянбай еңбек еткен нағыз патриот ,батыр жан.Даңқты ,атақты тұлғаға жабылған жала 1956 жылдың көктемінде өз күшін жойған.Қазағым деп аспанға барып ,жарық жұлдызға айналған Ораздың есімін танып,біліп,өзгелер кім деп сұрағанда мақтанышпен кеудемізді керіп тұрып,тақылдап әрбір еңбегін жіктеп беруіміз керек деп ойлаймын. Толепбергенова Айнамкөз Журналистика факультетінің 1 курс студенті Жетекшісі :фил.ғ.к. Доцент Р.С.Жақсылықбаева Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718