Қазіргі заманда шетел тілін меңгеру оңай іс пе?

Қазіргі таңда жасөспірімдердің өміріне ең мұқтаж әрі оны бағындыру оңай емес өзекті мәселе ол – шетел, яғни ағылшын тілін меңгеру. Өмірде жақсы маман болып, ыңғайлы жұмыс істеп, күн көру үшін, табыс табу үгін әлбетте ең алдымен жоғарғы білім болу қажет. Ал қазіргі таңда, шет тілін меңгермей орасан зор жетістіктерге жете алу қиын. Осыған орай шетел тілін қалай оңай жолмен уйренсем болады? Ең қысқа мерзімде шет тілін қалай меңгеруге болады? деген сұрақтар орын алады.Тіл үйрену оңай емес, дегенмен дамыған заманда, мүмкін емес бұйымды мүмкін ететін кезде шет тілін оқу, маманы атану қолдан келетін іс. Тек керегі мықты ниет, және “қадалғанда қан алады” демекші, табанды болу қажет. Ағылшын тіл өзі бірнеше тарау, заманауи тілмен айтқанда “этаптардан” тұрады. Егер сіз “listening” скиллзіңізді жақсартқыңыз келсе, бейнебаян,YouTube желісінен ағылшынша мини кино,сериал және роликтер көре отырып дамуға болады. Мысалға, House M.D немесе Mis fits, Easy Languages, OK English арналары арқылы да болады. Ал егер сіз ұялы телефон емес, дәстүрлі жолмен меңгеруді жөн көремін десеңіз, кітап оқыңыз. Әрбір қалада, ауылды жерлерде кітапхана немесе кітап дүкенлерінде сөздіктер, түрлі грамматикалық кітаптар, оқылым сабақ кітаптары немесе қысқа-нұсқа ертегілер, қызықты кітаптар табылады. Әлбетте, барлық кітаптар, бейнебаяндар, аудиолар әртүрлі “level”-дерге бөлінеді, ол туралы уайымдап қажеті жоқ, айта кетейін біз дамыған заман, заманауи елде өмір сүреміз. Оқу, үйрену, меңгеру, профи болудыі жолдары көп. Маңыздылығы табандылық және ынталық. Мүмкіндіктер жеткілікті, кез-келген адам өз-өзін қолға алып, “менің қолымнан келеді” десе, ол адам соны істейді. Сол себептен, біз уақытымызды босқа өткізбейік. Қазіргі таңда, уақыт зымырандай ұшады, әрбір секунд минут сақтау қажет. Әркімнің болашағы өз қолында, дәл осы сәттен мотивация алып ерте бастасақ, өзімізге пайдасы көп.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *