Ахмет Байтұрсынов салған ізгі жол

Ғабиденқызы Айтолқын:

Әртүрлі салада еңбек еткен Алаш арыстарының саны өте көп. Әр салада бейімделуге сол кездегі заман әсер берді. Олардың бәрі ұлт болашағы үшін күрескен. Солардың бірі-Ахмет Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсынов өмірін халыққа, қазақ еліне арнаған тұлға. Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы Қостанай облысы Жангелді ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының ағартушы ақыны, әдебиет зерттеушісі, публицист, педагог және қоғам қайраткері. Ахмет атамыз тіл ғылымның негізін салған жан,жаңадан жазу ойлап тапқан жан.Ол төте жазуды яғни қазақ жазуын

1910 жылы бастап 2 жылда дайындап шықты. Ал 1924 жылы бұл жазу ресми түрде бекітілді. Бірақ 1929 жылы өздеріңіз білетіндей,кеңес идеологиясының күшеюінен елге латын қарпі күштеп енгізілді. Ахмет атамыз “Әдебиет танытқыш” шығармасыда орасан зор орын алып жатты.

Қорытындылай келе,Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің білімін, ғылымын дамытуда ерекше орын алған тұлға. Ұлт болашағының қамы үшін ерекше ізгі жол қалдырған қазақ зиялыларының бірі .2023 жылы Ахмет атамыздың туылғанына 150 жылдығы аталып өтті.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *