Кішіпейілділік барлық мейірімді іскерлердің патшасы
Жолдасова Ажар Абдрасиловна
Тақырыбы: «Кішіпейілділік барлық мейірімді іскерлердің патшасы»
Мақсаты: Кішпейілділіктің –адам бойындағы жақсы екендігі жайында түсінік
қалыптастыру.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс:
– көркем әдебиет оқу;
– диалог «Көңілді этикет»;
– мақал-мәтелдер;
– ойындар;
– ата-аналарға этикет бойынша есте сақтау ережелері.
Көрнекіліктер:
– стақандар, тұрбалар, шырын;
– гүл пішімі, магнитофон, таспа.
Күткен нәтижелер:
– «Кішіпейіл» сөзінің мағынасын түсіндіру;
– жекетұлға аралық қарым-қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын қалыптастыру;
– өз қылықтарын және өзгенің де талдай білу мүмкіншілігін дамыту.
Сыныбы: 9 сынып
Жоспары: 1. «Кішіпейілділіктің сиқырлы шеңбері» ойыны
- «Кішіпейілділікке адымдар» ойыны
- «Кішіпейіл қоян» ертегі
- Шығармашылық жұмыс
5.Тасырма: «Қамқоршы әлем»
- Қуаныш шеңбері
7.Әңгімелесу: «Кешірімді кітап»
- Жүректен – жүрекке
Өткізу әдісі:
– Білім алушылар, мен сендерді мектепке кішіпейілділік сабағына қабылдаймын. Қарандаршы, қандай ғажап гүл. Бұл ғажайып гүл. Сендер осы гүлдің ашылғанын қалайсыңдар ма? Оның бір құпиясы бар: егер сенде мейірімді болсаңдар, ол ашылады.
Ойын: «Кішіпейілділіктің сиқырлы шеңбері»
Білім алушылар жұптарымен шеңберде тұрады, өз көңіл-күйлерін бір-біріне таратады.
– Қайырлы таң,ана!
– Женя, мен сені көргеніме қуаныштамын!
– Сәлем Света!
– Рахмет Ильюша, маған сен ұнайсың!
Ұл қызды отырғызады.
(гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.
– Білім алушылар, сендер жылы сөйлегенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
– Қалай ойлайсыңдар, егер адамдар бір-біріне жылы сөз айтпаса, не болады?
– Қандай қылықтарды кішіпейілді деуге болады? Атаңдар.
– «Этикет» сөзді оқындар. Бұл не? Қандай мінез-құлық (гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.
– Мен сендердің дұрыс жауаптарыңа ризамын.
– Кішіпейіл деген не?
Басқа адам сені жақсы сезінетіндей өзіңді ұстау. Кішіпейілдік болу үшін «Сиқырлы сөздер» айта білуің керек
Ойын «Кішіпейілділікке адымдар».
Егер «Иә» деген жауап болса балалар алақан соғады.
- a) тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдау;
б) әңгімені бөліп, бөтен әңгімеге аралау;
в) қызға орын беру және үлкенге;
г) ойыншықты тартып алу;
д) үлкенге көмектесу;
е) жолдастарыңмен дөрекілену;
ж) далағабіріншіболыпшығуүшін, басқалардыитеру;
з) өтінішпен сұрау, талап етпеу;
(Гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.
Көрініс элементімен оқу
Ертегі «Кішіпейіл қоян»
Сұрақтар мен тапсырмалар:
– Қоян туралы не айтасыңдар? Неге?
– Оның мінезі қандай?
– Қоянға кішіпейілділік қалай көмектесті?
– Қоян айтқан барлық жылы сөзді атаңдар?
– Естеріңе түсіріңдер, өмірлеріңде кішіпейілділіқтің көмектескен кезі болды ма?
(гүл жапырағы ашылады). Балалар тілек оқиды.
Қимылды ойын: «Кішіпейілді тығылмақтар».
Санамақпен бір бала көз жұмады. Білім алушылар жылы сөздер айтады «рахмет», «сәлем», «мархаббат» т.б. көз жұмушы дауыс бойынша айтқан сөздің иесін табу (мысалы, Света «рахмет» – деді).
(гүл жапырағы ашылады). Балалар тілек оқиды.
Шығармашылық жұмыс:
«Кафеде» көрінісі
Федя бағанға келеді.
– Мен келдім! (үнсіздік)
– менің келгенімді көрмедіңдер ме? Ақша әкелдім! (Федя таң қалады)
– Ксюша жақындайды
– Сәлеметсіз бе! Сізден шырын алуға болады ма?
Сатушы:- Мархабат. Қандай?
Ксюша: – Маған шабдалыдан.
Сатушы: -Мархабат. Ас болсын!
Ксюша: – Рахмет
Федя таң қалып:
– Маған неге ештеңе бермеді?
– Федя, этикет дегенді білесің бе?
Балалар, Федяға көмектесіңдер.
Федя:
Мен түсіндім! Рахмет! Кешіріңіз. Маған стақан шырын беріңізші, рахмет! Ксюшаны үстел басына отырғызып, шырынды береді. Ксюша алғыс білдіреді. Білім алушылар ды кафеге шақыру. Ұлдар қыздарды қонақ етеді, шырын алып береді (ақырын ырғақты ән ойнайды)
(гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.Жүрек қуанады
Қоштасу Рахмет, рахмет, рахмет бүгінгі күнге!
рахмет, рахмет, рахмет қазірге!
«Қамқоршы әлем»
Тәрбиелеушілік тапсырмалар:
– барлық тірі жанға өнегелілік қарым-қатынастарын қалыптастыру, жануарларға қамқоршы болу керек түсініктерін кеңейту;
– өз білімдерін тәжірибелік жұмыста, пайдалы іс-әрекеттерде пайдалану;
– жануарларды ренжітетін білім алушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс:
– құстарға жем салғыш дайындау;
– ойынды үйрену «Қамқоршы әлем»
Көрнекіліктер:
– «сиқырлы таяқша»;
– тоты құспен тор, құстар суреті.
Өткізу әдісі
«Қоңыраушалар» әні ойнайды. Білім алушылар шеңберде тұрады.
«Қуаныш шеңбері» тілек.
Бүгін бізде «сиқырлы таяқша» қонақта. Бір-бірімізге тарату арқылы жылы тілек, сөздер айтамыз (білім алушылар тілек айтады). Сендердің тілектерің орындалады, себебі ол сөздер сендердің мейірімді жүрекшелеріңнен шыққан
Ал, енді Л.Н. Толстойдың «Құстар» әңгімесін тыңдаймыз.
Мәтін бойынша сұрақ:
- Анасы неліктен «Жақсы ойыншық емес» деді?
- Балапанның торда отырған кезін суреттеңдер
- Тордан шығатын жер тауып алғанда балапан қандай күйде болды?
- Сережа дем алмай, қанаты қайрылып жатқан балапанды көргенде не сезінді?
- Сережа балапанға қалай қарады?
Өз жүректеріңді тыңдаңдар. Әңгімеден кейін не сезіндіңдер.
Сюрприз-кездесу.
Мен сендердің жүректеріңнің қайғыра білетінің көзіп тұрмын. Сендердің жүздеріңе қалай қуаныш әкелсем екен? Маған менің «сиқырлы таяқшам» көмектеседі (торды ашамын, ішінде тоты құс)
Тоты құсқа қалай көмек береміз?
Сендер оларға мейірімділік көрсеткенде құстардың ән салғанын естісеңдер ғой.Ал, енді бір-біріңе қараңдаршы, көздеріңде күлкі ойнап, жүздеріңде жылулық көрінді. Алақандарыңды жүректеріңе апарып, тыңдаңдар, не сезіндіңдер?
Дидактикалық ойын «Қамқоршы әлем»
«Кешірімді кітап»
Алдын-ала жүргізілген жұмыс:
– көріністі үйрену, әңгімелесіп үйрену;
– ойынды үйрену, өлең үйрену;
– мақал-мәтелдер оқып, үйрену.
Көрнекіліктер:
бәрі үшін: кітап, «күн», обруч, «сиқырлы таяқша», әнді сүйемел
әр бала үшін: аты жазылған күн сәулесі.
Күткен нәтижелер:
– өнегелілік қасиеттерін: мейірімділік, қайырымдылық іске асыру;
– өз қылығы үшін кешірім сұрай білуге үйрету.
Өткізу әдісі:
Тәрбиеші:
Білім алушылар, менде ерекше кітап. Ол сиқырлы «Кешірімді кітап» деп аталады. Көргілерің келеді ме? Менің қолымда сиқырлы таяқша. Мен кітапқа тигізем , біз бәріміз 1-ші бетінде боламыз.
Павлик туралы әңгіме
Павлик футболды өте жақсы ойнайды, жылдам жүгірді, көңілді бала болды.Бір күні, футбол ойнап жүріп, жанынан аяғын сылтып басып бара жатқан әйелді көреді. Павлик оған саусағын шошайтып, оны мазақ қылып, қатты күлді. Әйел Павликке қарап, басын шайқады да, жүріп кетті.Бірақ, бір күні доп ойнап жүріп, шұқырды көрмеді. Доп қуып жүріп, шұқырға құлап, аяғын сындырады. Павлик ауруханада өте ұзақ жатады. Сосын, жазылып шығады. Бір рет ол сондағы әйелді кездестіріп, оған жақындап келіп, кешірім сұрады.
– Неге ол кешірім сұрады?
– Әйел оны кешірді ме?
– Ол әйелге қандай сөз айтты деп ойлайсыңдар?
– Ауру әйелге қандай көмек көрсету керек?
– Әрқашан естеріңе нені алу керек?Қорытынды: Ауру адамға күлуге болмайды, оған көмектесу керек.
Жүректен – жүрекке: оқушыларға жүрекшелер таратылып беріледі, олар өздерінің сабақтан алған әсерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдіреді