«Сабақты зерттеу – мұғалімнің уəжін арттыру құралы»

«Сабақты зерттеу – мұғалімнің уəжін арттыру құралы»

1. ТОПТАРДЫ ҚҰРУ

Топтарды (командаларды) құру – жауапкершілікті талап ететін кезең, себебі сіздің мектебіңізде сабақты зерттеу үдерісінің тиімді, əрі ұзақ болуы осы кезеңге байланысты.

Сабақты зерттеу бойынша топ, əдетте, өздерінің оқытулары мен оқушыларының оқуын жақсарту үшін ынтымақтастыққа жұмыс істеуді көздейтін бірнеше мұғалімдерден құралады.

Əр түрлі көзқарастың болуын қамтамасыз ету үшін топта 3-6 мұғалім болуы керек. Құрамы алты қатысушыдан асатын топтар кездесулерді жоспарлаған кезде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Командалар құрамы мұғалімдер мен əкімшіліктің тілегі жəне сабақты зерттеу фокусына байланысты анықталуы тиіс. Əдетте бір пəн бойынша сабақ беретін қатысушылар бір-бірін жақсы түсінеді. Дегенмен бірнеше пəн мұғалімдер оқушылары үшін ортақ тəжірибе құруды (мысалы, бастауыш сыныптан кейін бірінші жылы сынып болып қалыптасу) немесе өздерінің сыныптарында ортақ оқу мақсатына жетуді көздеген кезде пəнаралық топтарды да құруға болады. Айталық, оқу жылына\тоқсанға жасалған талдау нəтижесінде қандай да бір сынып барлық параметрлер (оқу тəрбиелік) бойынша үлгермей жатқаны анықталды делік. Егер де осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер бір топқа біріксе, олардың күш-жігері міндетті түрде нəтиже береді.

Мектеп басшысы үшін топтарды құрған кезде еріктілік қағидасын қолдану қолайлы болып табылады, себебі оның нəтижесінде бөлінген көшбасшылық жүзеге асады. Осылайша топ мүшелерін жəне зерттеу сұрағын таңдау туралы шешімді топ мүшелерінің өздері қабылдайды. Басшының міндеті – осы қадамдар орын алатын іс-шараны ұйымдастыру. Егер де басшы авторитарлы тəсілмен жүріп, топтарды жəне зерттеу сұрақтарын тағайындап, осыған қатысты бұйрық шығаратын болса, сəтсіздік орын алған жағдайда мұғалімдер барлығы əкімшілікті кінəлайтын болады. Ал еріктілік жағдайында олар жауапкершілікті өздерінің мойындарына алады.

 

Сонымен сабақты зерттеу\Lesson Study бойынша топтарды (командаларды) құрудың  қағидаларын атап шығатын болсақ:

  • Пəн бойынша;
  • Проблемалар\зерттеу сұрағы бойынша;
  • Сынып\параллель бойынша;
  • Ортақ қызығушылық\тілек бойынша;
  • Мұғалімдердің əдістемелік бірлестіктері бойынша;

2.                                                                                                              ЗЕРТТЕУ СҰРАҒЫН ТАҢДАУ

  1. FINER критерийлері бар PICOT зерттеу сұрағын қою моделі
P

population – аудитория. Сіздің сұрағыңыз нақты аудиторияға немесе білім беру үдерісінің қатысушылар тобына бағытталған ба?

I

intervention – араласу. Сіз нақты қалай жəне қандай əдісте, техникалар, тəсілдер арқылы өзіңіздің зерттеуіңізді жүзеге асырасыз?

C

comparison – салыстыру. Сіз тағы да қандай əдістер, техникалар жəне тəсілдер қолдана аласыз?

O

outcomes – күтілетін нəтижеле*р. Осы зерттеудің соңында сіз нақты қандай нəтиже аламын деп болжап отырсыз?

T   time – уақытпен шектелген.*

FINER критерийлері

F   жүзеге асатын. Мұғалімде жеткілікті ресурстар бар ма?

I    қызықты. Бұл сұрақ тағы да кімге қызықты?

N зерделенген. Зерттеу сұрағы бұрын зерделенген бе?

E

дəлелдемелер. Зерттеу сұрағына қандай дəлелдемелер жауап береді?

R

этикалық. Зерттеу біреуге зиян келтіруі мүмкін бе? қарым-қатынас. Зерттеу нəтижелері нақты кімге ықпал етеді?

2.    Терри Ласковски «Зерттеу сұрағына шығу»

 

  1. САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ

Сабақты жоспарлау – əлбетте, əріптестерінің қатысуыңсыз өтетін мұғалімнің өз бетінше сабаққа дайындалу үдерісі.

«Сабақты зерттеу» əдісі мұғалімдерге бір-біріне пайда əкелуге мүмкіндік береді, себебі осылайша олар өздерінің кəсіби білімдерін кеңейте алады.Бірақ ол үшін əріптестерге бірігуге немесе жұмыс тобын құруға мүмкіндік беретін ынтымақтастық орта қажет.

«Сабақты зерттеу» тəсілінің көмегімен сабақты жоспарлау үдерісінде жұмыс тобының мүшелері кəсіби тəжірибемен алмаса алады, оқудың тиімді тəсілдері, формалары жəне əдістерін қолдану бойынша идеялар ұсына алады.

Сабақты зерттеуді жүргізу үшін зерттеудің өң бойында мұғалімнің бұрында қолданған оқыту тəсілдерін, формаларын жəне əдістерінескеріп, есте сақтау керек. Бұдан басқа оқытудың тиімділігіне қол жеткізу мақсатында мұғалім үшін өзінің барлық білімі мен білігін қолдану маңызды болып табылады. Егер де осы аталған мəселелер ескерілмесе, сабақты зерттеу өзінің басты мақсатына, яғни оқу үдерісін жетілдіруі, жете алмауы мүмкін жəне оқушылардың оқуы екінші орынға түсіп қалады.*

Зерттеудің нақты мақсатын басшылыққа алып, жұмыс тобы оқушылардың ойлауын бақылау мен талдауға ашық болатындай

«көзге көрінетін» етуге мүмкіндік беретін оқытудың əдістерін, тəсілдерін жəне формаларын ұсынады. Бұл өте маңызды, себебі оқушылардың оқуды үйреніп жатқаны туралы сенім қажет.

Əрбір өткізілген сабақтан кейін команда жоспарлар өзгертулер енгізіп, сабақты бақылау жүргізіледі. Сабақтан сабаққа қарай жоспар жақсара түседі жəне мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқудың ең үздік стратегияларын анықтайды.

Бірлесіп жоспарлауда мұғалімдерге сабақ жоспарын бүге – шүгесіне дейін талқылаудың қажеті жоқ, əсіресе олардың пəндері əр-түрлі болған жағдайда. Дегенмен жоспар басқа мұғалім қолдана алатындай жете сипатталуы тиіс.

Мұғалімдер нақты бірізділікті қолдана алады. Мысалы, қызығушылықты ояту кезеңін қалай жүзеге асыру, үй жұмысын тексеру, жаңа тақырыпты түсіндіру, формативті бағалауды

 

жүргізу, инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жəне сыни ойлауды дамыту туралы ойлану.

 

4.   САБАҚТЫ ӨТКІЗУ/БАҚЫЛАУ

Сабақ – мұғалімдердің жоспарлаған идеяларын жүзеге асыратын Lesson Study үдерісі құраушыларының бірі болып табылады.

Бұл кезеңде топ мүшелерінің бірі сабақты өткізеді жəне басқа топ мүшелері бақылайды жəне оқушылардың оқуы, олардың ойлауының дамуы жəне ынтымақтастыққа жұмыс істеу мақсатында өзара əрекеттесуіне қатысты дəлелдемелер жинайды.

Сабақты өткізуге дейін оқушыларды сабақты зерттеу жəне сыныпта сабақты бақылаушылардың болатыны туралы хабардар ету керек. Бақылаушылардың сабаққа қатысуын балалардың оқуына кедергі болмайтындай етіп ұйымдастыру қажет. Олардың сыныпта орналасатын жерін оларға ынғайлы, əрі оқушыларға кедергі келтірмейтіндей етіп ойластырған жөн. Сонымен қатар бақылаушыларға сыныпта не болып жатқаны жақсы көрінетіндей болуы тиіс. Мұғалімдер президиумда отыратындай үстелдерден бөгет жасаудың қажеті жоқ, себебі бұл қосымша кедергі болып табылады.

Сабақтағы бейне жəне фото түсіру барынша көзге түспегені дұрыс. Сабақ барысында сынып ішінде бір жерден екінші жерге қарай жүріп оқушылардың назарын аударуға жəне сабақтың барысын бұзуға болмайды. Түсіру үшін оқушыларды қолдануға жол берілмейді.

Дəстүрлі бақылаулар əдетте, мұғалімнің сабақ бойы жүзеге асыратын іс-əрекетін басты назарда ұстайды. Сабақты зерттеуде бақылаудың фокусында оқушылар жəне олардың берілген нұсқауларға қалай жауап қайтаратыны болады.Оқушыларға тапсырмаларды барынша тиімді орындауға көмектесу үшін бақылаушыларда сабақ жоспарының көшірмесі, сабақта қолданылатын үлестірме материалдар, сонымен қатар жетекші қағидалары жазылған бақылау формаларыболуы керек.

 

өзгерістер енгізеді. Болмашы өзгерістерден, бəлкім, құтылу мүмкін емес, дегенмен осындай өзгерістер сабақты жоспарлау кезеңінде алдын ала қарастырылса анағұрлым жақсы болады.

Егер де мұғалім айтарлықтай өзгеріс енгізетін болса бақылаушылар өздерінің жұмыстарын істеуге дайын болмайды жəне жинақталған дəлелдердің құндылығы БАҚЫЛАУ маңызды рөл атқарады, себебі ол мұғалімдерге зерттеудің бүкіл кезеңінде оқушылардың оқуына ілесіп, олардың ойлауында болып жатқан өзгерістерге жəне оқушыларға оқытудың қандай əдістері ықпал етіп жатқанын назарда ұстауға мүмкіндік береді. Десек те, осыған қоса, топтар бақылауды сабақтың нəтижесі ретінде ұсынатын оқушылардың жазба жұмыстары сияқты қосымша дəлелдемелермен толықтырады.

Командалар «Сабақты бақылау бойынша нұсқаулықты» əзірлей алады немесе сабақты қалай бақылау керектігін, кімді бақылау керектігін, не нəрсеге мəн беру керектігін жəне бақылауды қалай жазып отыру керектігін көрсететін формамен де шектеле алады. Бақылаушылар сабақты бақылаған кезде дəлелдемелерді жинау бойынша ұсыныстарды басшылыққа алады. Мектептегі барлық мұғалімдер мен топтарға ортақ етіп əзірленген нұсқаулықта негізгі қағидалар мен нормаларды, тіпті этика, сұхбат, фото жəне бейнетүсіруды қолдану ережелерін де жазып көрсетуге болады.

Бақылау формалары – Lesson Study үдерісінің дəлелдемесі жəне есептілігі үшін пайдалануға болатын құжаттардың бірі болып табылады. Егер де сіз қандай да бір отырыста, коучинг- сабағында зерттеу сұрағына қатысты сабақты бақылау формаларын əзірлеуді ұйымдастырып, өткізсеңіз, бөлінген көшбасшылық қағидасын көрсетесіз. Топтарға өзіңіз басқа дереккөздерден алған дайын үлгілерді ұсынудың қажеті жоқ. Топ зерттеу сұрағын қойып алады, содан кейінгі олардың келесі қадамы – бақылау формаларын əзірлеу. Аталған форма анағұрлым егжей-тегжейлі болса тіпті жақсы, себебі бақылаушылар сабақты бақылау кезінде əзірленген критерийлерге сəйкестікті іздестіріп, белгілейді жəне сабақ аяқталған соң қолдарын қояды. Бұдан кейін ешқандай хаттаманың жəне жұмыстың қажеті жоқ, тек қана бірлескен талқылау жəне талдау жүзеге асырылады. Lesson study мұғалімдер жұмысын жеңілдетуге жұмыс жасағаны өте маңызды жəне қосымша жұмысты туындатпауы тиіс! Осы орайда, бақылау формасы – мұғалім бақылауының жəне қорытынды жасағанның

 

күшті дəлелдемесі болып табылады. Бұл дəлелдемелер кейін топтың бірлескен кездесуінде талқыланатын болады.

 

 

5.                                                                                                    САБАҚТЫ ТАЛҚЫЛАУ /РЕВИЗИЯ

Сабақты талқылау сабақты өткізіп болған соң жүзеге асырылады. Сабақ топтың əрбір мүшесінің жадында əлі жақсы сақталып, ұмытылмай тұрған кезде сабақты талқылау жəне талдауға арналған кездесуді өткізу қажет.

Командалар   талқылау   үшін   бірнеше                        негізгі       ережелерді

қабылдау мүмкін, мысалы:

  • зейінді оқушыға аудару (мұғалімге емес);
  • оқушылар нені, қалай жəне неліктен еш нəрсе білген жоқ жəне сабақтан өздеріне еш нəрсе алған жоқ екендігіне талдау жасауға назар аудару;
  • сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
  • өзінің эмоциялары жəне жорамалдарына емес, бақылаудың нақты нəтижелеріне (оқушылардың оқуының фактілеріне) ғана сүйену;
  • сабақта орын алған «сəтсіздіктерді» ақтаудан аулақ болу. Сабақты талдау басты үш сұраққа негізделеді:
  1. Оқушылар қалайша сабақ мақсатына жетті?
  2. Сабақты қалайша жақсартуға болар еді?
  3. Бұл тəжірибеден біз не білдік?

Қорытынды жасау барысында қатысушылар өздерінің бақылауларын, интерпретацияларын жəне сабаққа арналған коментарийлерді ұсынады. Бұндағы мақсат оқушылардың оқуы, олардың ойлауы жəне қарым – қатынасы тұрғысынан сабақты егжей-тегжейлі талдау жəне бағалау болып табылады. Қорытынды жасап болған соң топ алдағы ұйымдастыру жəне нəтижелерді талдау мақсатында қосымша кездесулер өткізеді.

Есте сақтау керек ең маңызды нəрсе: талдау үрдісін оқытудан емес, бақылаудағы жəне басқа оқушылардың оқуын, білім алғандығын қадағалаудан бастау керек (1 – сурет). Бұл реттілік оқушылардың білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың соңғы түрі мұғалімдерге субъективті жəне кəсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып көрінуі мүмкін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *