Сауатсыздық ұлтқа сын

 

Ғасырлар өтіп жатыр, жылдар өтіп жатыр. Қазақстан жəйлап дамып жатыр. Ия ” жəйлап” дамып жатыр, “жылдам” емес . Неге? Өзіміз айтпақшы “дамып кеткен елдер” қатарына неге əлі қосыла алмай жатырмыз? Біздің жылдам дамуымызға не кедергі? Бейқамдық па , əлде білімге деген құштарлықтың жоқтығы ма? Білімді болудың орнына, төмен құлдырап,сауатсыз жастар көбейіп бара жатқандай. Бұрындары сауатсыз адамның “сауатсыз” екенін тек сол жанында жүргендер ғана білетін. Ал қазір кімнің сауатсыз екенін бүкіл ел біледі. Қалай дейсіз бе? 21 ғасыр , ғаламтор жүйесінің дамыған уақыты емес пе.Қай əлеуметтік желіні алып қарасаң “оңды- солды” пікірін білдіріп жатқан жастар. Сол замандастарымыздың əлемде болып жатқан жағдайларға көз қарасын білейін деп ,кейде пікірлерін оқығың келеді. Бірақ оқи алмай дал боласың. Грамматикалық қателері мен бір жақты ойларын көріп, өмірінде кітап оқыған адам ба екен өзі деген ойға кетесің. Екі ауыз сөзді дұрыстап, қосып жаза алмайтын,өз ойын жеткізе алмайтын деңгейлерін көріп қынжыласың. Жазғандары жан жағын зерделей алмайтын ,білім ошағын көрмеген баланікіндей. Бəрінен қорқыныштысы , сол сауаты жоқтың жазған-сызғандарын ,кітап оқымаған келесі адам ” осылай жазылу керек екен,осылай айтылу керек екен” деп қабылдап алып, сауатсыздық солай жалғаса бере ма деп ойлайсың. “Кітап- білім бұлағы,білім-өмір шырағы,”білекті бірді,білімді мыңды жығады” деген мағынасы зор мақал мəтелдеріміздің астарына үңілмей, ұмытылып бара жатқандай. Жылына бір кітап оқыса да адамның дүние танымы кеңейіп, зейіні ашылмай ма. Қазіргі заманда білім аламын десең барлық мүмкіндік жасалған. Жағдайың жетсе шет ел асып оқы. Шет ел аса алмасаң ,өз жерімізде де білім ошақтары жетіп артылады. Ол болмай жатса ,қазір ғаламтор жүйесі əр шаңырақта қамтылған, кез келген дүниені тауып, ізденуге болады. Оқып,ой түйіп , елге керек дүниені пайдаға асыруға болады. Оқу қабырғасында жүрген оқушылардың білімді болып шығуына , ұстаздары мен ата аналары да өте үлкен ықпал жасауы керек. Жетпей жатқан білімдерін жан жақты іздестіріп,білімге жетелеп, қол ұшын беру ,оқытушының міндеті. Менің нағашы апам математика пəнінің мұғалімі болатын. Ол кезде əлуметтік желі жоқ, ауылда ғылыми -техникалық кітаптар да жоқ десе де болады. Сол кездері апам Мәскеудің кітап баспаларына жазылып,ауылға математикаға байланысты журналдарды алдыртып,оқушыларына қосымша білім беріп оқытатын.Жан жақты ізденетін.Оқушыларының күнделікті пәнмен шектеліп қалмай,бәр жағынан ізденіп,білім алуына көмегін беріп,тәрбиелейтін.Біз осы уақытқа дейін әлемге пайдасы бар нәрсе тауып көрмеппіз.Күнделікті тіршілікке байланысты нәрселерді ғана ойлап табудан әрі аспаппыз.Ол «керемет» дүниені ойлап табу үшін де талант керек шығар.Бірақ талантпен бірге білім де керек екенін ұмытпауымыз керек.Болашақ жастардікі деп әр уақытта ұрандатып жүреміз.Жастар сол ұшан қиыры жоқ білімді меңгеріп,өз дегеніне ғана жаратпай,елімізге де пайдасын тигізсе нұр үстіне нұр болар еді.Сауаттылық тек жазып-сызуға ғана керек емес.Еліміздегі болып жатқан барлық мәселені зерделеп,тұшымды пікір білдіріп үйрену де,дүкенде сауда жасағанда да,саяхатқа шықсаңыз да,тіпті қаржы мекемелеріне барып несие рәсімдеудің өзі де білімділікті керек етеді.Оқыңыздар,үйреніңіздер «әулетіңізге ғана емес,өмір сүріп жатқан әлеміңізге де» пайдасы тиер адам болыңыздар.Бүгінгі күн де,ертеңгі күн де білімдінікі екенін ұмытпайық.

Әбілхайыр Жанерке Ерланқызы

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *