Менің арманымдағы Қазақстан 

Менің арманымдағы Қазақстан

Талай қасіреттің куәгері болған, қасиетті мекеніміз, болашағы жарқын, қарқынды дамудың ең үздігі, туған жерім – Қазақстан. Қазіргі күнде 20 миллионға жуық халқы бар, 130 дан астам ұлты бар мемлекетіміз даңғыл дамудың үстінде. Еліміз дамушы ел қатарында болғанымен, әлем алпауыттарының арасында өз позициясын айқындай алған, бүкіләлемдік мәселелерді шешуде өзіндік орны бар екендігін көрсете білген ел.

Дегенмен, ел ішіндегі мәселесі мен шешімін таппаған сұрақтар да жоқ емес. Заң шеңберінен тыс әрекеттер, құқық бұзушылықтар, елдің ауызбіршілігіне іріткі салу сияқты құйтырқы саясаттағы кер тартпа қауымның әрекеттері ел дамуына кері әсерін тигізері анық. Осы орайда президентіміздің “бірігіп жаңа Қазақстанды құру ойы, жастарды қолдауы” маған үлкен мотивация болды.

Мен Отанымды риясыз сүйемін, қазір де, болашағы да жарқын болғанын қалаймын. Менің арманымдағы Қазақстан – ауылы мен қаласы жарыса дамыған, экономикасы жоғары, адамдары табиғатты аялай білген, жүректері мейірімге толы, қарттарын қадірлеп, жастарын жасытпайтын, үнемі жетістікке жол бастап, тың жобалармен, таңғажайып идеялармен то тамсандыратын, қиянатқа, зұлматқа, соғысқа жол бермейтін, әділдіктің ақ жолымен жүретін, Асан қайғы бабамыздың арманымен ұштасқан жерұйықтай, тілі мен дінін, салт-дәстүрін құрметтеп қадірлеген құтты мекен.

Мен үшін қазірде, болашақта да елімнің қайғысыз, бейбітшілікте өмір сүруінен асқан бақыт жоқ. Елімнің болашақта қазіргіден де құлпыра түсіп, ұлттық құндылықтарымызға сызат түсірмей, мәдениеттің ең жоғарғы деңгейіне жетіп ғылым мен техниканың жетістігін пайдаланып көптеген экономикалық, әлеуметтік, рухани табыстарға қол жеткізетінімізге, ұлан – ғайыр жерімен, тәуелсіздігімен мәңгі жасайтын ел болатынын армандай отырып, кәміл сенемін.

Бұл менің ғана емес, жүрегі Отан деп соққан әрбір жалынды жастың арманымен ұштасқан болашақ Қазақ елі екеніне де күмәнім жоқ.

Арманымдағы Қазақстанды жасайтын, тәуелсіздікті баянды ететін, елімізді әлемге танытатын да, әрине, білімді, жігерлі, айбынды – жастар. Қазіргі таңда біздерге, яғни, жастарға жасалып жатқан қолдаулар мен мүмкіндіктер – болашағымыздың жарқын кемелденуі үшін жасалып жатқан игі бастамалар деп білемін.

Еліміздің гүлденуімен әрі қарай дамуына үлес қосу, президентімізді қолдау әрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Армандай білген соң, оны ақиқатқа айналдыра білу керек. Ол үшін үнемі өзімізді қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сәдібекова Жарқынай

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *