Бұлақ көрсең көзін аш…
№49 «Сырдария» ЖББМ КММ биология пәнінің мұғалімі: Батырбекова Ардақ Пернебековна
«Бұлақ көрсең, көзін аш» атты шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған 5-9 сынып оқушыларының ата –аналарына арналған тренинг сабақ өтілді. Сабаққа ата –аналардың 80 % қатысып,бүгінгі сабақтан керемет көңіл –күйге бөленді.
Бүгінгі сабақты ұйымдастырудағы мақсатымыз шығармашыл тұлғаны дамыту, барысында отбасы мен мектептің өзара әрекетінің сабақтастыру.
Өзім 5сынып жетекшісі болғандықтан балаларды шығармашыл етіп тәрбиелеуде ата –анамен мұғалімнің ауызбіршілігі өте маңызды деп білемін. Сабақты қазақтың дарасы, данасы Абай атамыздың нақыл сөздеріне құрылған, оның ішінде адамның алға ұмтылуына, мақсатына жетуіне үлкен мативация болатын керемет өсиет сөздерінен слайд көрсетумен бастадым. 10 минут көрсетілген бейнесюжет ата –аналарға түрлі ой салып, қойылған сұрақтарға таласа жауап берді. Ендігі кезеңде ата –аналармен төрт бағытта құрылған жаттығу жұмысы жүргізілді. 1)Символика жаттығуы, 2)Комикс жаттығуы, 3) Музыка ойыны, 4)Ассоциация жаттығуы. Осы аталған жаттығуларды орындау арқылы ата –аналар бір сәт өздерінің бойындағы жасырынып тұрған ерекше қасиеттерімен бөлісіп, өз балаларының бойындағы ерекше қасиетті көрмей жүруіміз мүмкін екен деген тұжырымға келді. Сабақ барысында тағы да бірнеше тренинг жаттығу жұмыстары мен түрлі ойындар осындай қызықты, сценарий бойынша өз үйлеріңізде жасөспірім балаларымен бірге шығармашылық жұмыс жасай алатындығы түсіндірілді. Ата –аналар бүгінгі сабаққа қатысқандары үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ұйымдастырылуына ұсыныс жасады.
👍🏿👍🏿