Музыкалық жас көрермен театры Алматыда!

Асхат Маемиров басшылық ететін біршама жас таланттар жиналған театр гастрольдік сапармен Қазақстанның бірнеше қалаларында. Шымылдығын ашқан қойылым “Гауһартас”

Аян Өтепберген, актер:

  • Қош келдік, Алматыға Астанадан. Мен өзім Алматы қаласынан жақында ғана кеттім. Сондықтан бұл қала мен үшін таңсық емес және бөтен емес.

Журналист, Аружан Айтбек:

Бұл – Музыкалық жас көрермен театрының Алматыдағы алғашқы гастрольдік сапары. Сахна шымылдығы «Гауһартас» қойылымымен ашылды. Басты рөлде – Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов. Аян – «Тастан» есімді жігітті сомдайды.

– Осы Тастанның кейіпкері негізінде көрерменнің есінде тез сақталып қалуының сыры неде деп ойлайсыз?

Аян Өтепберген, актер:

– Өйткені, ол рөлді Аян Өтепберген ойнайды. 

Айта кетейік, бұл – «Гауһартас» қойылымының 100-ші сахналануы. Қайыркеннің рөліндегі Асылхан Төлепов бұл спектакль үшін театр ұжымының үлкен тәуекелге барғанын айтады.

– Осы «Гауһартас» қойылымын алматылықтар ерекше асыға күтті деп айтсақ болады. 

Асылхан Төлепов, актер:

– Тәуекелге бардық бұл спектакль үшін. Бұл «Гауһартас» қойылымы ешқашан сахналанбаған. Біз 1-ші рет сахналадық. Былайынша айтқанда, бұл риск дейді ғой.

 Ел аузынан түспей жүрген «Гауһартас»-ты көруге Төлеповтың жанұясы да келді. Айтуынша, актердың жұбайы бұл қойылымды бірде-бір рет тамашаламаған. Себебі, Асылхан жұбайын театрға жиі шақыра бермейді екен.

Асылхан Төлепов, актер:

-Осы «Гауһартасты» олар әлі көрген жоқ. Сол үшін енді тырысамыз енді. Ең бастысы мені көріп отқанда «Папа, папа» деп сөйлеп отырмаса болды. «Бері кел» деп сахнаға шығып кетіп.

– Ал осы отбасыңыз сіздің қойылымдарыңызды жиі тамашалай ма?

– Жоқ, мен көп шақырмаймын.

– Неге шақырмайсыз?

Асылхан Төлепов, актер:

– Білмеймін, енді шақырмаймын, ыңғайсызданамын. Тұсаукесер кездерінде 1-2 рет көрді. Осы күнге шейін мен осы Тюзда істеген кезде 2 рет келді ата-анам, ал Астанада 1 рет барды. Енді міне бүгін кеп жатыр. Келіншегім екі қойылымды көрген шығар. Бірақ көп шақырмаймын. Басқа актерлар ойнайтын кезде барарсыңдар деп айтам.

Актер әлі күнге дейін өзі түскен фильмдерді қарауға ұялатынын айтады. Десе де, оның ізбасары Алпамыс әкесі бой көрсеткен туындыларды үзбей тамашалайды екен.

– Сіздің өнерде жүргеніңізге қанша жыл болды, сонда да әлі солай ұяласыз ба?

Асылхан Төлепов, актер:

– Ұялғандық па әлде өзімізді сынаймыз ба? 15 жыл болды биыл. Ал басқа киноларымды көргенде бүйтем да 10 минутын көріп, мысалы қазір Алпамыс қарап жүреді киноларымды, бірге отырып көрейік дегенде бастап берем да жайлап шай ішіп шығып кетемін. Өзіме көп  қарай алмаймын.

Спектакль соңында лық толы зал театр ұжымына риясыз қошемет білдірді. Келген көрерменді ерекше эйфорияға бөлеген  қойылымды Алматы тағы да күтеді!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *