Саяхаттаудың тиімді айла-тәсілдері

 

Студенттерге арналған жеңілдіктер 

Егер сіз студент болсаңыз, барған жеріңізде еш қысылмастан студенттерге арналған жеңілдіктер туралы сұраңыз. Ондай жеңілдіктер міндетті түрде болуы тиіс. Кей Еуропа мемлекеттері мәліметтерді әлеуметтік желімен немесе жеке сайт арқылы таратып, тегін кіру іс-шараларын жиі ұйымдастырып тұрады. Сол себепті алдағы жүретін бағдарыңызды алдына ала жоспарлап алғаныңыз жөн. Сонымен қатар жоспарыңызда мұражай секілді бірнеше мәдениет үйін көріп шығу бар болса, турист картасын сатып алыңыз. Ол сіздің шығыныңызды 50 пайызға дейін төмендетеді. 

Жұмыс пен саяхат 

Қазіргі таңда елімізде «Жұмыс пен саяхат» секілді көптеген шетелдік бағдарламалар жұмыс істейді. Мұны сіздің жұмыс пен саяхатты бірге ұштастырып, жақсы демалуға мүмкіндігіңіз бар болғандықтан айтып жатырмыз. Өйткені жұмыс беруші адам келісім шартқа сәйкес сізді жатын үймен және тамақпен қамтамасыз етеді. Және де жиһанкез саяхатқа жеткілікті қаржыны жинап аласыз. 

Бір күн қонақ болу үшін жұмыс істеу 

Кей елдерде адамдар жақсылығын осылайша көрсетеді. Ұсынатын жұмыстары әдетте қиындық соға қоймайды. Есесіне жұмыс кезінде неше түрлі оқиғаларға тап боласыз. 

Ұшудың басқа балама жолдарын қарастырыңыз 

Әуежайлардың басым көпшілігінің билет бағасы салыққа байланысты қымбат болатындықтан, ұшудың неғұрлым тиімді, ыңғайлы түрін қарастырыңыз. Мысалы, Еуропадан Америкаға ұшсаңыз, Лондон қаласына тоқтамай Дублин арқылы ауысып отырғаныңыз жөн. 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *