Журналистикадағы телехабарламалардың тақырыптарының прагматикасы
Қазақ тілінде бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндері әуелден зерттелініп келе жатыр. Соның ішінде мерзімді басылымдар, радио мен телехабарламалар тілі ғылыми тұрғыдан жан–жақты қарастырылып, әртүрлі ғылым саласының зерттеу нысанына айналды. Қазақ тіл білімінде теледидар тілінің стилі, тіл тазалығы, олардың тақырыптық–мазмұндық ерекшеліктері, ұлт тәрбиелеудегі қоғамдық рөлі жөніндегі мәселелерді М.С.Серғалиевтің зерттеу мақаласында көре аламыз.Г.Машинбаева телехабарламалар тілін функционалдық, прагматикалық тұрғыдан қарастырып, арнайы зерттеді.
Теледидар – ХХІ ғасырдағы адамзат өмірін рухани әрі материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін құндылық. Әрбір қоғам мүшесі өзіне қажетті ақпаратты қысқа мерзімде бұқаралық ақпараттық құралдардан алып отырады, екіншіден, елдің тілін, ділін, оның қоғамда жүргізіп отырған саясатын, идеологиясын, таратуда теледидардың маңызы зор.
Бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты – халық пен үкіметті байланыстыру, үндеу; тыңдаушыны жаңалықтармен қамтамасыз ету, ақпарат тасымалдау; халыққа өтімді эстетикалық–этикалық тәрбие беру. Осы қызмет түрлері теледидар, радио, газет–журналдарға, тіпті, кейінгі жылдары пайда болған әлеуметтік желілерге де тән. Теледидар газет, радиодан кейін өмірге келсе де, қазіргі кезде ол солардың әрқайсысымен бір қатарда тұрған және БАҚ–та кездесетін ерекшеліктердің бәрін өз бойына жинақтаған синтезделген өнер түрі [5].Қазіргі ғылым тарихында телехабарламалар тілі философия, психология, стилистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика салаларында жан–жақты талданып, әртүрлі аспектіде зерттелініп келеді.
Телехабарлар тілінің зерттелуін қарамас бұрын, «теледидар» сөзінің шығу тарихына тоқталуды жөн көрдік. «Телевизия» сөзі 1900 жылғы 18 тамызда ІV Халықаралық Париж көрмесі аясындағы электротехникалық конгресте жария болды. Оны ойлап тапқан әрі ғылымға енгізген орыс инженері Константин Дмитреевич Перский «Қашықтықтан көру жайында» атты өзінің француз тіліндегі баяндамасын «телевизион» деген сөзбен бастаған. Бірқатар шетелдік тарихшыларды бұл жағдай, яғни «телевизия» сөзінің авторы жалғыз Перский екенін еріксіз мойындатуға мәжбүр етті. Содан бастап жаңа термин күні бүгінге дейін жер бетінің біраз тілдерінде қолданылып келеді
қарастырудың қазіргі таңда маңызы зор. Өйткені теледидардың басты қызметі – халыққа ақпарат беру. Яғни сөйлеуші мен тыңдаушының арасында қандай да бір ақпарат алмасады. Сөйлеуші тарапынан баяндау, хабарлау, жауап алу, сипаттау, т.б. Ал көрермен тарапынан бағалау, пікір білдіру, таңқалу, мұңаю, шаттану, мақтану секілді прагматикалық факторлар тілде көрініс береді. Сондықтан да телехабарлар тілі прагматикалық тұрғыдан зертетуді әлі де қажет етеді. Біз осы зерттеу жұмысымызда телехабарлар тіліне таным–түйсігіміз жеткенше жан–жақты талдау жүргіздік, нәтижесі сөз мәдениетінің одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз.