Кітап рухани азық

Мерхат РАФИХҰЛЫ

Кітападам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Адам денсаулығына кітап оқудыңпайдасы зор екендігін де ғалымдар дәлелдеп отыр. Медицинада мидың жұмысы бүкіл денеорганизмдеріне тікелей әсер етеді деп дәлелдеген. Көбірек кітап оқыған, сурет салатын, әсіресе, ақыл-ой еңбегімен айналысатын адамдарда жүйкежүйесінің басқаларға қарағанда тез дамитынын, қартайған кезде де жүйке қызметінің шаршауы, үлкен мидың қартаюы болмайтыны зерттеулердедәлелденген нәрсе. Жақсы кітапрухани азық. Рухани толысудың таптырмас дәрісі. Кітапқоғам. Әрбір кітапты оқып танысқан кезде, ондағыбаяндалатын, суреттелетін оқиғалар адамның сезімімен санасын нұрландырады, көркейтеді, алғаұмтылдырады.
Кітапасыл  қазына, кітапрухани азық, кітапжан серігің, ақылшың. Ендеше, кітапты аяқастыетпейік, олқастерлі, киелі ұғым. Мектепқабырғасында ғана кітап оқып, онан қол үзугеболмайды. Онымен дос болуды өмірлік дағдығаайналдырған дұрыс-ақ. Өйткені кітаптың адамзатқаберер тәрбиесі өте зор.

Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шындапкелгенде, әр кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, адамның ақыл қалтасына ұқсайды. Негізі, кітап оқуөмірде қателікке бой алдырмау үшін басқалардыңтәжірибесімен танысу дегенді де білдіреді. Адамғатаптырмайтын бірден-бір пайдалы доскітап. Ешкімнің мазасын алмайтын, керек кездежаныңнан табылатын, қиналғанда ақылшыболатын, үйреткен ақылына ақы сұрамайтын, жансарайыңды серпілтетін, көңіліңе шабытқондыратын, өзі үн қатпаса да, өзінің ішкі әлеміменелітетін, дұрыс таңдау жасауға жол сілтейтін әріадамды жалықтырмайтын серік деуге де болады. Білімділікке де баулитынкітап. Керісінше, білімсіздікадам баласының опа бермес дұшпаны. Өмірде болатын көп қателіктер білімсіздіктентуындайды. Білімді жанға қашан да жол ашық. Жұрт та білімді адамды ерекше қадірлейді. Себебібілімді адам әрдайым өз халқына пайдасын тигізіпотырады.
«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге», – депАбай атамыз айтқандай, кітап оқу барысында неге мән беру керек? Кітаптан рухани азық алып, оны өмірде пайдалану үшін қандай кітаптарды оқығанжөн? «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген Ғабит Мүсіреповтің сөзі де кез келген жанды кітаппен дос болуға шақырады. Кітапты таңдау, оны түсіну мен түйсіну, алғанәсерді өмірлік қажетіне жарата білуәрбірадамның білігі мен білімін, пайым-парасатынанықтайтын алғы шарттардың бірі. Кітапты оқығанкезде, жазушының баяндау мәнері мен жазутәсіліне байыппен қараған жөн. Жалпы, кітаптабелгілі бір жүйе сақталса, рухани азық алу кім-кімге де қиын емес. Оқуізденіске дегенқұштарлықты оятатын үдеріс, әрі сол адамныңмәдениетін тұтас көрсетіп отырады. Егер біркітапты қолға алсаңыз, оның ішкі нәрін алу, пайдалы ой қорыту мақсатымен оқыған көңілгеқонады. Кейде кітап оқып отырып, өзімізге қажеттітұстарды сызып, қоршап, тіпті түртіп алыпотырамыз. Түсінуге қиын тиетін, тілі ауыршығармаларды бес-алты қайтара оқып шықсақ та артық емес. Себебі қайталап оқыған сайын, санаңажаңа ой ұялап, көкірегің ашыла түседі. Мысалы, бақта, бау-бақшада жемістер де, көкөністер де көп. Бірақ олардың бәрі дәмді, бал татып тұрмайды. Солсияқтыілімдер де көп, бірақ барлығы пайдалыбола бермейді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *