Отбасы Баланың тірегі

Отбасы Баланың тірегі

«№49 «Сырдария» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Отбасы-тұлға қалыптастырушы бесігі» тақырыбында 1-сынып жетекшілері Фарида Керімбекова, Гулмира Жорабекова апайлардың жетекшілігімен сынып сағаты ұйымдастырылды.Ұлы ғұлама М.Әуезов «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе», деп бекер айтпаған. Перзент үшін дүниедегі ең жетілген,білімді де мәртебелі адам оның ата-анасы,ал ең әдемі де жарық үй-оның туған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата-ананың орны ерекше. Ата-ананың үлгі-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуалы,отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез құлқы, жақсы-жаманды бағалау касиеттері қалыптасады. Отбасында әр түрлі жағдайаттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын меңгереді. «Адам бақыты-бала деген», ғұлама ойшылдардың пікірін біздің Қазақ былай тұжырымдайды: «Адам бақыты-бала,егер ол саналы болса». Бабаларымыз сан ғасырлар бойы өз ұрпағын «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі-әлемде теңдесі жоқ тербие. Жалпы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізі елге,жерге, тілімізге, салт-дәстүрімізге деген құрмет жатыр.Тәрбие беруді сәби ана құрсағынан бастап, білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан келе жатқан бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату, біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге-өсиетін сабақтастырып, ұтымды пайдалана білуімізде.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *