Ережесіз жекпе-жек
Ережесіз жекпе-жек ел мен ердің атын шығаратын спорттың бір түрі
Жалпы, өзіңізді сайт оқырмандарына таныстыра өтсеңіз.
Мен, Камалиден Ашмухан Ерланұлы. Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылының тұрғынымын. Ермұхан Бекмаханов атындағы мектебінің 2016 жылғы түлегімін.
Спортқа қай жастан бастап қызыға бастадыңыз және спортқа келуге қандай себеп немесе мақсат болды?
Спортқа жалпы бала кезден қызығамын. Мектеп кездерінде дене шынықтыру сабағын жақсы көретін едім. Қателеспесем, 3-4 сынып оқыған кезімде дзюдо күрес түрімен айналыстым, содан кейін 7-8 сынып оқып жүргенде, қазақша күреспен айналысып, ауылдар арасында жарыстарға барып, спорт жолында ақырындап жетістікке жете бастадым. Спортқа баруым әкемнің арқасы. Есіме ес кіргелі, әкем спорт жағынан бар білерің үйретіп, әрдайым мотивация берді. Әкемнің ықпалымен спортқа деген махаббаттым еселене түсті.
Әлемде аты шулы ережесіз жекпе-жее аса қауіп келтірер спорт түрі болып
саналады. Жалпы, осы спорт түріне келуіңізге ата-ана тарапынан қарсылық болды ма? Және оларды қалай көндірдіңіз?
Қазіргі кезде ең ауыр спорт түрі ережесіз жекпе-жек. Ия, қарсылық жайында қозғайтын болсақ, бастапқыда ешқандай қарсылық танытпады. Бірақ, спорт болғаннан кейін әртүрлі жағдай болады. 2019-жылы бір жарысымда ауыр жарақат алып, ауруханаға түсіп қалдым. 2 аптаға ауылға келіп, еп алуға бардым. Үй-ішім түрімді көріп шошып қалды. Содан кейін жақындарым мен ата- ана тарапынан қарсылық пайда болды. Бірақ, өзім ойлана келе, таңдауым осы спорт түрі болғандықтан, бәрі жақсы болады деген ниетпен, соңына дейін барамын деп ата- анамды көндірдім.
Болашақ жас спортшыларға айтар ақыл-кеңесіңіз.
Болашақ жас спортшыларға, келешек ұрпаққа: спортпен айналысыңыздар, спорттың арқасында біраз жетістіктерге жетуге болатындығын айтқым келеді. Спортта тек сабырлы, төзімді және қарапайым адам қалпында қалуды айтамын. Себебі, спорт, бәсеке болған жерде, жеңіс те, жеңіліс те бар. Осыларды көтере білген спортшы ғана, биік белестерді бағындырады!
Нағыз ережесіз жекпе-жекке қатысатын спортшы қандай болуы керек?
Нағыз спортшы, әрдайым спорттық формада, бастысы қайсар мінезі, рухты намысы, физикалық жақтан күшті, дұрыс шешім қабылдай алып, өзіңе сенімді болуы қажет.
Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
Өмірлік ұстанымым:«шаршасаң демал, бірақ, алған қойған арман-мақсаттарынан бас тартпа». Осы мақсат демекші, өзімнің кіндік қаным тамған, Ұзынбұлақ ауылында жас балаларды спорттан дайындап, жарыстарға шығару.
Өзіңіз үлгі тұтар кумиріңіз кім? Неліктен сол жанды өмірлік тұлға ретінде үлгі тұтасыз.
Спорт саласында кумирлік спортшы, жауынгерлік самбодан 3-дүркін әлем чемпионы, аралас жекпе-жектен әлемге танымао Арман Оспанов ағамыз. Қарапайым, сыпайы спортшы, тәжірбиесі мен өзгешелігі өзге спортшылардан артықшыланады, отбасына қамқор, адал, еңбекқор азамат.
Әңгіме соңында ережесіз жекпе-жек спортының елдегі даму қарқыны жайлы айта кетсеңіз.
Қазіргі таңда, елімізде аралас жекпе-жек спорт түрі жақсы дамуда. Мықты спортшылар саны көбейіп жатыр. Осындай биік дәрежеде, үлкен проумомоушиндерде спортшылар жүруін тілеймін!
Сұхбатыңызға рақмет! Алдағы мақсаттарыңыз өз нәтижесін беруіңе тілектеспін!