Шырақ мультфильмі
«Шырақ» мультфильміне рецензия
Шырақ қазақ кино индустриясындағы ерекше мультфильм болып табылады. Қазақы құндылықтар мен ұлттық тәрбиені дәріптейтін қысқаметражды мультфильм. Мультфильмдегі “Шырақ” аты айтып тұрғандай, қараңғыда жағатын шам, шырақ. Ол кішкентай сәбиге шам жағып, қараңғыда оны жылатпай көңілін аулайды. Жалпы осы мультфильмде басты кейіпкер Шырақ болғанымен, мультфильмнің негізгі идеясын ашатын кейіпкерлер басқа. Яғни, мультфильмде бір қазақ отбасының әлеуметтік желіге жіпсіз байланып, тіпті өз балаларына көңіл бөлуге уақыт таппай жатқандықтары суреттеледі. Отбасылық құндылықтар сақталмай, отбасы мүшелерінің бір-бірімен сөйлесеей тек телефон экранынан көз алмай отыратындығы көрсетілген. Бір кезде қалашықтағы барлық жарық қуаты өшіп, үй қараңғы болып қалады. Сол кезде үйдің Отағасы, яғни әкелері шырақты сіріңкемен тұтатып, жарық бөліп қояды. Сол уақытта отбасы мүшелері бір-бірімен ойнап, сөйлесіп, отбасы құндылығын түсінгендей болады. Ал Шырақ бақытты отбасының бақытты сәтін тамашалап оларға жарық беріп тұрды.
Осы “Шырақ” мультфильмі Отандық қазақ мультфильмдерінің ішіндегі сапасы жақсы туындылардың бірі. Бұрынғы мультсериалдармен салыстырғанда едәуір жақсы сапа, анимациялық кейіпкерлер қолданылған.